19-бап. Жануарлар түрлерін жасанды түрде өсiру Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы
1. Жануарлар түрлерін жасанды түрде өсiру:
1) жануарлар түрлерін, оның ішінде бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн сақтау және санын арттыру;
2) ғылыми зерттеулер;
3) жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру;
4) жануарлар түрлерін кәсiпкерлiк қызметте пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.
2. Жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн сақтау және олардың санын көбейту мақсатында оларды кейiннен мекендеу ортасына шығара отырып, жасанды түрде өсiру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
2-1. Бекіре тұқымдас балық түрлерін қолдан өсіру мақсаттары үшін өсімін молайту кешенінің мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік кәсіпорындары кездейсоқ ауланым ретінде алынған балықтарды балықтардың уылдырық шашуын гормондық демеу препараттарын өндіру, сондай-ақ оларды ұстауға азық өндіру үшін пайдалануы мүмкін.
2-2. Балықтарды қолдан өсіру мақсатында табиғи және (немесе) жасанды тоғандарды, күріш чектерін, сондай-ақ басқа да жасанды жасалған су айдындарын пайдалануға жол беріледі. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 2-2-тармақты алып тастау көзделген – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-3. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын өсімді молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындары балық шаруашылығы субъектілерімен өсімді молайту мақсатында аулау жөнінде қызметтер көрсетуге шарттар жасасуға құқылы.
3. Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның I қосымшасына түрлері енгiзiлген жануарлар, олар еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсiрiлген және әкiмшiлiк органында тiркелген жағдайларда ғана саудалау нысанасы бола алады.
3-1. Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның II қосымшасына енгiзiлген, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсiрiлген жануарлар түрлерi әкiмшiлiк органында тiркелген жағдайларда ғана саудалау нысанасы бола алады.
3-2. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция жөніндегі әкімшілік органды Конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру туралы қызметтің басталғандығы туралы хабардар ету кезінде:
1) жануарларды импорттау жағдайында – әкімшілік органның әкелуге берілген рұқсатының нөмірі мен күні;
2) жануарлардың отандық шығу тегі болған жағдайда – балықтың қайда ауланғаны туралы анықтаманың нөмірі мен күні көрсетіледі не сатып алу-сату шарты әкімшілік органда тіркелу нөмірі мен күні көрсетіле отырып қоса беріледі.
4. Жануарлар түрлерін, оның ішінде көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарында, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарында, тоғанда балық өсіру шаруашылықтарында және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында қолдан өсіру жеке және заңды тұлғалардың қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы рынокта сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын бірыңғай таңбалау жүйесі белгіленеді.
Бекіре тұқымдас балықтардың таңбаланбаған уылдырығын өткізуге жол берілмейді.
6. Үйреншікті мекендеу ортасынан ауланған бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын тірі күйінде және олардың ұрықтандырылған уылдырығын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы.
Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы