51-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы
1. Уәкілетті орган ведомствосының басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.
2. Уәкілетті орган ведомствосы басшысының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы басшысының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болып табылады.
3. Уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.
4. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесі басшысының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болып табылады.
5. Уәкілетті орган ведомствосы құрылымдық бөлiмшелерiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, ал уәкілетті орган ведомствосының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын мамандары Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы құрылымдық бөлімшелерінің балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын басшылары – лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, ал балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын мамандары Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
6. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері құрылымдық бөлiмшелерiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, ал жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын мамандары тиiстi облыстың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері құрылымдық бөлімшелерінің балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын басшылары – лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, ал балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын мамандар тиісті облыстың (бассейннің) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы.
Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы