53-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының актiлерi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай мемлекеттiк бақылау және қадағалау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану мақсатында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және олардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары мынадай актiлер:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;
1-1) тексеру актiсi;
2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқама;
3) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы;
4) жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз аулау құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерін және заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілерін, олардың дериваттары мен тіршілік ету өнімдерін, жүзу және көлік құралдарын сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қою туралы хаттама шығарады.
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының актiлерi жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы.
Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы