25-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмдерi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы
1. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану үшiн пайдалану мерзімдері белгіленбейді.
2. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану үшiн:
1) аңшылық шаруашылығын жүргiзу кезiнде - он жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi;
2) балық шаруашылығын жүргiзу кезiнде – бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi, ал қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде – бір жылдан бес жылға дейінгі мерзiмдер белгiленедi.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген мерзімдер құрамына уәкілетті органның немесе аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствоның, облыстың жергілікті атқарушы органының, ғылыми ұйымдардың және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарының өкілдері енгізілетін конкурстық комиссия шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру, аңшылық алқаптарды бекітіп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары, аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспары негізінде айқындайтын аңшылық алқаптарды бекітіп беру кезеңіне байланысты белгілейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген мерзімдерді балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшелері балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау негізінде белгілейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде тізбеленбеген жануарлар дүниесін пайдалану түрлеріне арналған жануарлар дүниесiн пайдалану мерзімдері бір жылдан аспайды.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы.
Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы