9-бап. Уәкiлеттi органның, аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствосының және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының құзыреті Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы
1. Уәкілетті орган:
1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
3) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3-1) "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілетін қазақы тұқымды иттерді есепке алуды жүргізу мониторингін жүзеге асырады;
3-2) қазақы ит тұқымдарының стандарттарын бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
4) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор актiлерiнiң нысандарын, оларды жасау мен берудiң тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердi әзiрлейдi және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
5-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындайды.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;
6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерiнiң айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, оны киіп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
7) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрілген зиянның орнын толтыру мөлшерлерiн айқындау әдiстемелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
8) аңшы және қорықшы куәлiктерiнің нысанын және оны беру тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
9) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) бередi;
10) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күшін қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
11) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындаудың тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
12) аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітедi;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
13) аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
13-1) жануарлар түрлері бойынша немесе түрлерінің тобы бойынша іс-қимыл жоспарларын әзірлеп, бекітеді;
14) жолдаманың үлгiлік нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзiрлейді және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
15) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiнiң тізбелерін айқындайды және оларды бiр санаттан екiншiсiне ауыстырады;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
16) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
17) екі және одан көп облыстың аумағында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
18) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін әзірлейді және бекітеді;
19) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
20) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 20-1) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 21) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 22) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 23) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 24) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
25) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
26) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
26-1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері бойынша сотқа талап қою дайындайды және ұсынады;
27) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
28) зоологиялық коллекциялар тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және тоқсан сайын жаңартады;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
29) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 30) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 30-1) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
31) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
32) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
33) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
34) қорықшының төсбелгісінің және айырым белгілері бар арнайы киімінің нысанын әзірлейді және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
35) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
36) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
37) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
38) аңшылық минимумды әзірлейді және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
39) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
40) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді, оларды аккредиттеуді жүргізеді;
41) аңшы куәліктерін беру жөніндегі есептіліктің нысанын әзірлейді және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
42) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
43) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 44) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
45) су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін әзірлейді және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
47) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 47-1) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 47-2) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 47-3) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 47-4) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
48) жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
49) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
50) айырым белгілері бар нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
51) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын әзірлейді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
52) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
53) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 54) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 55) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
56) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
57) аң аулау қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
58) аңшылық шаруашылығын жүргiзу қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
59) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
60) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргiзуге рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
61) жануарлардың санын реттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
62) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;
63) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
64) зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттiк есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
65) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 65-1) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 65-2) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 66) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 67) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
68) дериваттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
69) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
70) аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
71) жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
72) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 73) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
74) аңшылық алқаптардың резервтік қорындағы жануарлар дүниесінің өсімін молайтуды және оларды мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
75) жануарларды интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға рұқсат береді;
76) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
76-1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайды;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
77) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 77-1) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 77-2) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
77-3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелерін, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарды және мамандандырылған ұйымдарды материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру нормаларын әзірлейді және бекітеді;-Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII ҚРЗ
77-4) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 77-5) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 77-6) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 77-7) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
77-8) сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
77-9) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 77-10) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
77-11) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін экспорттауға лицензия береді;
77-12) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 77-13) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 77-14) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 77-16) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 77-17) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 77-18) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
78) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомство өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдарының құзыретi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы.
Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы