56-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өндiрiстiк бақылау Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өндiрiстiк бақылау - бекiтiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғау функциясын жүзеге асыратын аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметi.
2. Қорықшының:
1) кейiннен уәкiлеттi орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне мiндеттi түрде беру үшiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға;
2-1) айырым белгілері бар арнаулы киім киюге;
3) жеке және заңды тұлғалардың аң аулауға және балық аулауға құқық беретін құжаттарын тексеруге;
4) аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін атыс қаруын кейіннен ішкі істер органдарына міндетті түрде беру үшін алып қоюға;
5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған аулау құралдарын, заңсыз аулап алынған аң аулау және балық аулау өнімдерін, тыйым салынған аулауға арналған қару түрлерін кейіннен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға немесе Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне беру үшін алып қоюға;
6) бекітіліп берілген аңшылық алқабының, балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің аумағында және оның жағалау белдеуінде олардан шығу кезінде көлік және жүзу құралдарын тоқтатуға және әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін анықтау мақсатында оларды қарап-тексеруге, заттарды қарап-тексеруге құқығы бар.
3. Қорықшы:
1) бекiтілiп берiлген аңшылық алқаптарында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғауды қамтамасыз етуге;
2) аң аулау және балық аулау қағидаларын, аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, сондай-ақ тыныштық аймақтарында және өсімді молайту учаскелерінде жануарлар дүниесін пайдалануға қойылған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтардың жолын кесуге;
3) жеке және заңды тұлғалардан жануарлардың қырылуына және олар мекендеу ортасының бұзылуына әкеп соқтыратын әрекеттерді тоқтатуды талап етуге;
4) жануарлар дүниесi объектiлерiнің мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын және шоғырлану орындарын сақтау жөнінде шаралар қолдануға;
5) жануарлар дүниесiне ұқыпты және iзгiлiктi қарау насихатын жүргізуге;
6) жануарлар ауырған және дүлей зiлзала кезiнде қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарлар дүниесi объектiлерiне көмек көрсету жөнінде шаралар қолдануға;
7) аншлагтардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы.
Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы