22-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер:
1) жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн бағалау;
2) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң жай-күйiн ұдайы зерделеу;
3) iндеттi жағдайды ұдайы зерделеу;
4) халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қатысу;
5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердi негіздеу және ғылыми ұсынымдарды әзірлеу;
6) биологиялық саналуандылықты сақтау, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi шараларды негiздеу;
7) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғаудың, өсiмiн молайтудың және пайдаланудың құқықтық және экономикалық тетiктерiн әзірлеу;
8) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу және оның кадастры, шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау мақсатында жүзеге асырылады.
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жыл сайын жүзеге асырылады.
3. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн жыл сайын бағалау олар бекiтiлiп берiлген жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Бекітіп берілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі балық ресурстары мен басқа да су жануарларының жай-күйін бағалау олар бекітіліп берілген жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен үш жылда бір рет жүзеге асырылады.
4. Жануарлар дүниесiн (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) ғылыми-зерттеу мақсаттарда пайдалану уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган жануарлар дүниесiн пайдалануға берген рұқсаттар негізінде жылдың кез-келген уақытында және рұқсат етілген аң аулау құралдарымен жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесі объектілерін (балық аулау объектілерін қоспағанда) ғылыми зерттеулер үшін алып қою квотасын уәкілетті орган бекіткен аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиті шегінде аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейді.
4-1. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын ғылыми-зерттеу мақсатында пайдалану жылдың кез келген уақытында және балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган берген балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсат негізінде рұқсат етілген аулау құралдарымен жүзеге асырылады
5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүргізеді.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы.
Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы