Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 26-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

26-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

26-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы 

      1. Жануарлар дүниесi арнайы пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлетiн жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттар және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсаттар негiзiнде берiледi.

      1-1. Алынып тасталды - ҚР 15.07.2011 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1-2. Рұқсат беруден:

      1) өтінімде көрсетілген мәліметтерді толық көлемде бермеген;

      2) өтінімде көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған жағдайларда бас тартылады.

      3) алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1-3. Аулаған жері туралы анықтаманы өтініш беруші балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсатын берген кезде балықтар мен басқа да су жануарларының ауланған жері бойынша балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері өтініш келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде береді.

      Жасанды жағдайларда өсірілген балықтар мен басқа да су жануарлары үшін аулаған жері туралы анықтама жасанды өсірілгендігін растайтын құжаттар ұсынған кезде беріледі.

            Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтаманы жазуға балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қоюға бөлінген квота, балықтың нақты ауланғанын растайтын құжаттар шегінде, мелиорациялық аулау, сондай-ақ қолдан өсірумен айналысатын ұйымның жобалық қуаты шеңберінде рұқсат етіледі.

      2. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану, оның ішінде бір балықшы бір шыққанда бес килограмға дейін алып шыға отырып, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы. 

Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы