799-бап. Қос қойма куәлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Қос қойма куәлiгi мазмұны бойынша бiрдей және қажет болған жағдайда бiреуiн басқасынан айыруға болатын қойма куәлiгiнен және кепiлдiк куәлiктен (варранттан) тұрады.
2. Қос қойма куәлiгiнiң әр бөлiгiнде:
1) қос қойма куәлiгiнiң тиiстi бөлiгiнiң атауы;
2) тауарды сақтауға қабылдаған қойманың атауы мен мекен-жайы;
3) қойма тiзiлiмi бойынша қойма куәлiгiнiң ағымдағы нөмiрi;
4) сақтауға тауар қабылданған ұйымның атауы немесе азаматтың аты-жөнi, сондай-ақ тауар иесiнiң орналасқан жерi (тұрғылықты жерi);
5) тауардың атауы мен мөлшерi, тауарларға арналған орындардың саны;
6) егер Қазақстан Республикасының заңдарда өзгеше белгiленбесе, қабылданған тауардың сомасы;
7) сақтауға алынған тауардың, егер бұлай белгiленетiн болса, сақталу мерзiмi;
8) сақтауға ақы төлеудiң тарифтерi мен тәртiбі;
9) қойма куәлiгiнiң берiлген күнi;
10) уәкiлеттi адамның қолтаңбасы және тауар қоймасының мөрi
(ол болған кезде) көрсетiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасының заңдарда қос қойма куәлiгiнiң нысаны мен мазмұнына қойылатын қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы