Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Дiни алауыздықты тудыру мақсатында заңмен тыйым салынған уағыздарды таратқаны үшін кінәлі деп танылған сот үкімі апелляция сатысында өзгертілді

Дiни алауыздықты тудыру мақсатында заңмен тыйым салынған уағыздарды таратқаны үшін кінәлі деп танылған сот үкімі апелляция сатысында өзгертілді

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Дiни алауыздықты тудыру мақсатында заңмен тыйым салынған уағыздарды таратқаны үшін кінәлі деп танылған сот үкімі апелляция сатысында өзгертілді

 2025 жылғы 30 желтоқсанда Түркістан облысы Мақтаарал аудандық соты №5143-25-00-1/47 қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Сот үкімімен Б Е М Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Б Е Мке тағайындалған жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 62-бабының 3-бөлігінің 2) тармағына сәйкес, Б Е Мтің 2025 жылғы 28 ақпаннан бастап үкім заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстауда болған уақыты жаза мерзіміне бас бостандығынан айырудың бір жарым күні үшін бір күн есебімен есептелді.

Б Е Мке қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылып, жазаны өтеу мерзімі 2025 жылғы 28 ақпаннан бастап есептелді.

Атап айтқанда, сот сотталушы Б. Мті бірнеше рет дiни алауыздықты тудыру мақсатында, заңмен тыйым салынған уағыздарды ұялы телефонына жүктеп таратқаны үшін кінәлі деп таныды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (әрі қарай ҚПК) 9-бабында: «Қылмыстық процестің қағидаттары және олардың мәнi

1. Қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін іске асырудың жалпы шарттарын және қылмыстық процестің өзінің алдында тұрған міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін қылмыстық процесс сатыларының, институттары мен нормаларының жүйесі мен мазмұнын айқындайтын оның іргелі бастаулары қағидаттар болып табылады.

2. Қылмыстық процестің қағидаттарын бұзу оның сипаты мен елеулі болуына қарай процестік әрекетті немесе шешімді заңсыз деп тануға, осындай iс жүргiзу барысында шығарылған шешiмдердiң күшін жоюға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдемелік күшi жоқ деп немесе іс бойынша болып өткен іс жүргізуді жарамсыз деп тануға әкеп соғады» делінген.

ҚПК 10-бабында: «Заңдылық

1. Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Кодекс, осы Кодекстің 1-бабында көрсетілген өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті».

 

Жоғарыда аталған ҚПК баптарының талаптарын өрескел бұзуына байланысты Б Е Мке қатысты Түркістан облысы Мақтаарал аудандық сотының үкімін заңсыз деп санаймыз және төмендегі негіздерге байланысты оның күшін жойып, ақтау үкімін шығару қажет деп есептейміз.

Сот Б Е Мке тағылған айыбы бойынша кінәлі деп танып үкімде келесі дәлелдерді келтірді.

АЙЫПТАУДЫҢ БІРІНШІ ЭПИЗОДЫ БОЙЫНША СОТПЕН ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР РЕТІНДЕ МЫНАДАЙ АЙҒАҚТАР:

·        2024 жылы 1 қазанда алу жүргізу туралы хаттамаға сәйкес «А» есімді

азаматтан 2024 жылы 1 қазанда сағат 12:05-да «С» есімді азаматтан сатып алынған «Samsung Galaxy S10» маркалы ұялы телефон алынғаны;

·        «Samsung Galaxy S10» маркалы телефонына 2024 жылы 1 қазанда заттарды

қарап-тексеру туралы хаттамасы мен фото-суреттері;

·        Түркістан облысы дін істері басқармасы ММ-нің «Дін мәселелерін зерттеу

орталығы» ҚММ-нің теолог мамандары Ә.Болат, Н.Әбухан, Д.Зиябектің сотталушы Б.Мтің  Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Қазақстан көшесі № 11 үйінен және Атакент кенті орталық базары №5 «Mobil» телефон аксессуараларын сататын дүнгіршегінен алынған  ноутбук, жад картасы, ұялы байланыс телефондарынан және кітап, дәптерлерден  Қазақстан Республикасы  аумағында  тыйым салынған жат ағым уағызшылар Ділмұрат Абу Мухаммад, Назратулла Абу Марьям, Шейх Фаузанның 100-ден аса аудио дәрістері, 30-дан аса ютуб, Instagram сілтемелері, pdf кітаптары және «Үш негіз, Араб тіліндегі ақида мәтіндері» 4 дана кітап анықталғаны танылды.

Жоғарыда көрсетілген тергеу органдарымен сотқа ұсынылған дәлелдемелер жиынтығы бойынша Б. Мтің дiни алауыздықты тудыру үшін кінәлі деп тануға қатыстылығы, жол берілетіндігі, анықтығы және жеткiлiктiлiгi тұрғысынан күмән туғызады.

Біріншіден, ҚПК 97-бабы 3-бөлігінің талаптары бойынша қорғалатын адам туралы мәлiметке қолжетімділікті шектеу қылмыстық процестің басынан бастап адамның арызы бойынша орын алуы мүмкін және қылмыстық iстiң материалдарынан адамның сауалнамалық деректерi туралы мәлiметтердi алып, оларды негiзгi iс жүргiзуден бөлек сақтаудан, бұл адамның бүркеншiк ат пайдалануынан тұрады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы шараны қолдану туралы қаулы шығарады, онда қорғалатын адамның жеке басы туралы деректерді құпия сақтау туралы қабылданған шешімнің себептері жазылады, қорғалатын адамның қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттері хаттамаларында пайдаланылатын бүркеншік аты және қол қою үлгісі көрсетіледі. Қорғалатын адамның қатысуымен процестік әрекеттер қажет болған жағдайда, оны тануды болғызбайтын жағдайларда жүргізіледі.

Екіншіден, ҚПК 254-бабы 15-бөлігінің талабы бойынша алу кезінде алып қойылатын нәрселер мен құжаттар қатысып отырған адамдарға көрсетiледi, алу орнында қапталып, мөрленеді және оған қатысып отырған басқа адамдардың қойған қолдарымен куәландырылады.

Алайда, қылмыстық іс материалдарында Б.Мтің кінәлігін растайтын дәлелдемелер заңсыз деп танылуға жатады. Өйткені, қылмыстық іс материалдарында:

- «А» есімді азаматтың арызы (оның ішінде «А» есімді азаматты жалған сөз жеткізу үшін жауаптылығы туралы ескерту) жоқ;

- «А» есімді азаматтан жауап алу хаттамасы жоқ;

- «А» есімді азаматтан «Samsung Galaxy S10» ұялы телефонды алу туралы хаттамасында алу орнында қапталу, мөрлену және оған қатысып отырған басқа адамдардың қойған қолдарымен куәландыру туралы мәліметтері жоқ;

- «А» есімді азаматқа Б. Мті тану үшін көрсету туралы хаттамасы (немесе Б. Мті фотосурет бойынша тану) жоқ;

- «Samsung Galaxy S10» ұялы телефонды қарап-тексеру туралы хаттамасында «d-lm-rat-bu-muhammad-bida-ft-a-erush-lerd-flay-zhek-r-rem-z.mp3» атаулы файлды табу туралы және дискке немесе басқа да ақпаратты сақтау құрылғысына көшіру туралы деректер жоқ;

- «Samsung Galaxy S10» ұялы телефонда табылған « d-lm-rat-bu-muhammad-bida-ft-a-erush-lerd-flay-zhek-r-rem-z.mp3» атаулы файлды заттай дәлелдеме ретінде тану туралы қаулы жоқ (СДТБТ тіркелген №245143031000286 қылмыстық іс)

- 01.10.2024 ж. «Samsung Galaxy S10» ұялы телефонды қарап-тексеру туралы хаттамасында тергеуші Д. Жақсылық пен криминалист-маман А. Әмзеев «аудиожазбалар анықталды» деп жазған. Алайда қандай аудиожазбалар, олардың атаулары көрсетілмеген. Тіпті аудиожазбалардың тізімін суретке түсіріп фотокестесіне қоспаған.

Оған қоса, қылмыстық іс материалдарында тек Файзиев Ю.П. және Хан есімді азаматтардың екеуінің бірдей арыздары бар, олардың жазылған не берілген күні, не тіркеу туралы белгілері жоқ. Сонымен, «А» есімді азаматтың бар-жоғын белгілейтін ақпарат қылмыстық іс материалдарында тіркелмеген.

Сонымен қатар, Түркістан облысының Мақтаарал аудандық соты басты сот талқылау барысында «А» есімді азаматтан жауап алмаған.

Сөйтіп, «d-lm-rat-bu-muhammad-bida-ft-a-erush-lerd-flay-zhek-r-rem-z.mp3» атаулы файлды «Samsung Galaxy S10» ұялы телефонының жадына енгізуге кез келген адамның мүмкіндігі бар болғаны айдан анық.

Әрі қарай, қылмыстық істің материалдарында 07.04.2025 ж. орыс тілінде берілген №721 Сарапшының қорытындысы бар (Заключение эксперта №721 от 07.04.2025 г.). Оған аса маңызды назар аудару қажет. Өйткені, Сараптама тағайындау туралы қаулысында тергеушімен қойылған «Самсунг Галакси S10, Самсунг Галакси А14, Самсунг Галакси А72, Самсунг Галакси А53 ұялы телефондарының FUJITSU маркалы ноутбугіне жалғанған ба?» және «FUJITSU маркалы ноутбугінен Самсунг Галакси S10, Самсунг Галакси А14, Самсунг Галакси А72, Самсунг Галакси А53 ұялы телефондарына қандай да бір файлдар жүктелген бе?» (қысқаша айтқанда) сұрақтарына 07.04.2025 ж. орыс тілінде берілген №721 Сарапшының қорытындысында сарапшы нақты жауаптар бермеген (Заключение эксперта №721 от 07.04.2025 г.). ҚПК 79-бабы 5-бөлігі 2) тармағының талаптарына сай «сарапшы өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге, қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті жазбаша қорытынды беруге міндетті». Сөйтіп, 07.04.2025 ж. орыс тілінде берілген №721 Сарапшының қорытындысы (Заключение эксперта №721 от 07.04.2025 г.) ҚПК 19-бабының талабына сай Б. Мтің пайдасына түсіндіруліге жатады.

Одан бөлек, қылмыстық іс материалдарына сәйкес тергеу барысында алынған ұялы телефондардың жадыларында « d-lm-rat- bu-muhammad-bida-ft-a-erush-lerd-flay-zhek-r-rem-z.mp3» атаулы аудиожазбасы табылды. Алайда, тергеу барысында алынған «FIJUTSU» маркалы ноутбугінің жадында «Д лм рат бу Мухаммад - Бидагатка ерушилерди калай жек көремиз.mp3» атаулы аудиожазбасы табылған. Осыған байланысты,  ұялы телефондарда латиница графикасымен сақталған « d-lm-rat- bu-muhammad-bida-ft-a-erush-lerd-flay-zhek-r-rem-z.mp3» атаулы аудиожазбасы «FIJUTSU» маркалы ноутбугінің кириллица графикасымен «Д лм рат бу Мухаммад - Бидагатка ерушилерди калай жек көремиз.mp3» атаулы аудиожазбасына қандай қатысы бары жөнінде сұрақ туындайды? Ол бір.

Екіншіден, тергеу барысында « d-lm-rat- bu-muhammad-bida-ft-a-erush-lerd-flay-zhek-r-rem-z.mp3» атаулы аудиожазбасының «Д лм рат бу Мухаммад - Бидагатка ерушилерди калай жек көремиз.mp3» атаулы аудиожазбасымен салыстырмалы талдау өткізілмеген, олардың мәтінің сәйкестілігі, жазбаның ұзындығы, дауыстың ұқсастығы анықталмаған. Сонымен, Б. Мтің «FIJUTSU» маркалы ноутбугі арқылы аудиожазбаларды тарату айыбы толығымен жоққа шығарылады.

ҚПК 112-бабына сай: 1. Нақты деректер, егер олар осы Кодекстiң талаптары бұзыла отырып алынса, алынған нақты деректердiң анықтығына сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе істі сотта қарау кезiнде процеске қатысушыларды заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе құқықтарына қысым көрсету арқылы немесе қылмыстық процестiң өзге де ережелерiн бұзу арқылы ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкiн болса, оның iшiнде:

2) қылмыстық процеске қатысатын адамға өз құқықтары мен міндеттері жөнінде түсiндiрмеу, толық немесе дұрыс түсiндiрмеу салдарынан туындаған оның жаңылысуын пайдалану арқылы;

5) процестік әрекетті жүргiзу тәртiбiн елеулі түрде бұзу арқылы;

6) белгiсiз көзден не сот отырысында анықтала алмайтын көзден;

7) дәлелдеу барысында қазіргі заманғы ғылыми бiлiмге қайшы келетiн әдiстердi қолдану арқылы алынса, дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi деп танылуға тиiс.

4. Қылмыстық-процестік заңды бұза отырып алынған нақты деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады және олар айыптау негiзiне жатқызыла алмайды, сондай-ақ осы Кодекстiң 113-бабында көрсетілген кез келген мән-жайларды дәлелдеу кезiнде пайдаланыла алмайды.

Сөйтіп, қылмыстық істің материалдарында жоғарыда аталған «А» есімді азаматтың арызы, «А» есімді азаматтың қатысуымен процессуалдық іс-әрекеттері туралы хаттамалары және процессуалдық шешімдері қабылдау туралы қаулылары болмағандықтан СДТБТ тіркелген №245143031000286 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуі толығымен заңсыз деп танылуға тиіс.

Осыған қарай, 02.10.2024 ж. сараптама тағайындау туралы қаулы, 01.11.2024 ж. Сарапшының №98 қорытындысы (кешенді) және СДТБТ тіркелген №245143031000286 және №255143031000056  қылмыстық істерді біріктіру туралы 25.05.2025 жылғы қаулы да заңсыз деп танылуға жатады және оларды қылмыстық іс бойынша Б. Мтің кінәлілігін растайтын дәлелдемелер ретінде жатқызуға жол берілмейді.

Осыған байланысты, Б Е М бірінші эпизод бойынша, яғни ол 2024 жылғы 31 тамызда сағат 12:00-дер шамасында дiни алауыздықты тудыру мақсатында, Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Ибраев көшесінің бойындағы орталық базарында орналасқан «SMARTTEL» ұялы телефондарды жөндеу орталығында, өзінің ұстанып жүрген теріс бағыттағы ислам дінінің «салафизм» ағымын насихаттау үшін ұялы телефон сатып алуға келген тұтынушыларға сатылымға шығарылып тұрған ұялы телефондарды ұсынып, тұтынушы ұялы телефонды сатып аламын деген уақытта, өзінің «Fijutsu» маркалы ноутбугі арқылы сатып жатқан ұялы телефон ішіне заңмен тыйым салынған «Дильмурат Абу-Мухаммад» және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздарын ұялы телефонына жүктеу арқылы таратқаны үшін тағылған айып бойынша ақталуға жатады.

АЙЫПТАУДЫҢ ЕКІНШІ ЭПИЗОДЫ БОЙЫНША СОТПЕН ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР РЕТІНДЕ МЫНАДАЙ АЙҒАҚТАР:

·        2025 жылы 10 қаңтарда ақша өңдеп қайта тапсыру туралы хаттамасы,  яғни

2025 жылы 10 қаңтарда  сағат 12:30-дар шамасында  лақап аты «Васяға» 20 000 теңге 4-дана 5000 теңгелік купюрлар ұсынылғаны;  

·        2025 жылы 10 қаңтарда лақап аты «Вася» арнайы құрылғыны тапсыру және

арнайы құрылғыны қайта қабылдау туралы хаттамалары;

·        2025 жылы 10 қаңтарда  заттарды, құжаттарды алу жайлы хаттамаға сәйкес

«В» есімді азаматтан 2025 жылы 10 қаңтарда сағат 12:56-да Б.Мтен сатып алынған «Samsung A14» маркалы, IMEL 355009522206830/01, 357237922206831/01  санды ұялы телефон және 1 дана 5000 теңге № ГК 7852993 санды  ақша алынғаны;

·        2025 жылы 25 ақпанда Түркістан облысы дін істері басқармасы ММ-нің «Дін

мәселелерін зерттеу орталығы» ҚММ-нің теолог мамандардың қатысуында айғақ заттарды қарап тексеру хаттамасы;

·        2025 жылы 28 ақпандағы тұрғын үй жайға және оның қосалқы ғимараттарын

тінту хаттамасында Атакент кентінің орталық базарындағы ұялы телефон жөндеу дүнгіршегіне тінту әрекеттері жүргізілгені;

·        2025 жылы 28 ақпандағы тұрғын үй жайға және оның қосалқы ғимараттарын

тінту хаттамасында Атакент кенті, Қазақстан көшесі № 11Б мекен жайына тінту әрекеттері жүргізілгені;  

·        Сот психологиялық-филологиялық және сот дінтанушылық сараптамасын

жүргізген сарапшының 2024 жылғы 1 қарашадағы № 98  қорытындысына сәйкес зерттеуге «SOKCK DVD+R 4.7 GB/120 min 1-16Х RW DVD+R» компакт диск ұсынылған,  зерттеуге ұсынылған  « d-lm-rat- bu-muhammad-bida-ft-a-erush-lerd-flay-zhek-r-rem-z.mp3» аудиожазбасының мәтіндерінде  бір діни топтың басқасына  қарсы діни араздықтың идеялары бар болғаны;

·        2025 жылғы 7 ақпандағы сот психологиялық-филологиялық және сот

дінтанушылық сараптамасын жүргізген сарапшының № 7  қорытындысына сәйкес зерттеуге «SOKCK DVD+R 4.7 GB/120 min 1-16Х RW DVD+R» компакт диск ұсынылған,  зерттеуге ұсынылған  « d-lm-rat- bu-muhammad-bida-ft-a-erush-lerd-flay-zhek-r-rem-z.mp3» аудиожазбасының мәтіндерінде  бір діни топтың басқасына  қарсы діни араздықтың идеялары бар болғаны;

·        2025 жылы 21 сәуірдегі сот дінтанушылық сарапшының № 61 қорытындысына

сай Б.Мтің телефонынан алынған 2 дана   «DVD+R» компакт диск ұсынылған,  зерттеуге ұсынылған материалдарда бір діни топтың  (салафизімді  жақтаушылар) екінші топқа (иудейлер мен христиандар, ахлю бидда, шииттер, рафидиттер, суфилер) діни араздығын, алауыздығын уағыздайтын  идеялар бар болғаны танылды.

 

Тергеу органдарымен сотқа ұсынылған аталған дәлелдемелер жиынтығы Б. Мті дiни алауыздықты тудыру үшін кінәлі деп тануға қатыстылығы, жол берілетіндігі, анықтығы және жеткiлiктiлiгi тұрғысынан күмән туғызады.

Біріншіден, Қылмыстық-процестік кодексінің 97-бабы 3-бөлігінің талаптары бойынша қорғалатын адам туралы мәлiметке қолжетімділікті шектеу қылмыстық процестің басынан бастап адамның арызы бойынша орын алуы мүмкін және қылмыстық iстiң материалдарынан адамның сауалнамалық деректерi туралы мәлiметтердi алып, оларды негiзгi iс жүргiзуден бөлек сақтаудан, бұл адамның бүркеншiк ат пайдалануынан тұрады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы шараны қолдану туралы қаулы шығарады, онда қорғалатын адамның жеке басы туралы деректерді құпия сақтау туралы қабылданған шешімнің себептері жазылады, қорғалатын адамның қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттері хаттамаларында пайдаланылатын бүркеншік аты және қол қою үлгісі көрсетіледі. Қорғалатын адамның қатысуымен процестік әрекеттер қажет болған жағдайда, оны тануды болғызбайтын жағдайларда жүргізіледі.

Екіншіден, ҚПК 254-бабы 15-бөлігінің талабы бойынша алу кезінде алып қойылатын нәрселер мен құжаттар қатысып отырған адамдарға көрсетiледi, алу орнында қапталып, мөрленеді және оған қатысып отырған басқа адамдардың қойған қолдарымен куәландырылады.

Алайда, қылмыстық іс материалдарында Б.Мтің кінәлігін растайтын дәлелдемелер заңсыз деп тануға жатады. Өйткені, қылмыстық іс материалдарында:

- «Вася» есімді азаматтың арызында  берілген күні туралы ақпарат және тіркеу туралы белгісі жоқ;

- «Вася» есімді азаматтан жауап алу хаттамасы жоқ;

- 10.01.2025 ж. «Вася» есімді азаматтан «Samsung А14» ұялы телефонды алу жайлы хаттамасында алу орнында қапталу, мөрлену және оған қатысып отырған басқа адамдардың қойған қолдарымен куәландыру туралы мәліметтер жоқ;

- «Вася» есімді азаматқа Б. Мті тану үшін көрсету туралы хаттамасы (немесе Б. Мті фотосурет бойынша тану) жоқ;

- «Samsung А14» ұялы телефонды қарап-тексеру туралы хаттамасында « d-lm-rat-bu-muhammad-bida-ft-a-erush-lerd-flay-zhek-r-rem-z.mp3» атаулы файлды табу туралы және дискке немесе басқа ақпаратты сақтау құрылғысына көшіру туралы деректер жоқ;

- «Samsung А14» ұялы телефонында табылған « d-lm-rat-bu-muhammad-bida-ft-a-erush-lerd-flay-zhek-r-rem-z.mp3» атаулы файлды заттай дәлелдеме ретінде тану туралы қаулысы жоқ (СДТБТ тіркелген №255143031000006 қылмыстық іс);

- «Samsung А14» ұялы телефонды қарап-тексеру туралы хаттамасы жоқ.

Оған қоса, «Вася» есімді азаматқа тапсырылған «Атк Амулет» арнайы құрылғымен (бейнекамера) түсірілген аудиобейнежазбаны алу, қарап-тексеру, сот-габитологиялық, дактилоскопиялық немесе қылмыс жасаған тұлға ретінде Б. Мті жеке басын анықтау туралы басқа сараптамалар тағайындалған жоқ. Сондықтан, «Вася» есімді азаматқа «Атк Амулет» арнайы құрылғы не үшін тапсырылды сұрақ туындайды. Әрі қарай «Вася» есімді азаматқа ұялы телефонды сатып алу үшін 20 000 теңге тапсырылған, бірақ заттарды алу хаттамасында «Вася» есімді азамат ұялы телефонды 33 000 теңгеге сатып алғаны туралы хабарлады, бұған қоса 5000 теңгені «Вася» есімді азамат қайтарды. Қалай «Вася» есімді азамат не бәрі 20 000 теңге бар болғанымен 33 000 теңге тұратын ұялы телефонды сатып алып, 5000 теңгені қайтарды? Осы сұраққа тек қана бір жауап мүмкін – «Вася» есімді азаматтың тергеу органдары құқықтарына қысым көрсеткен тәуелді адам, тергеу органы «Вася» есімді азаматтың тергеу органдарынан тәуелді бола тұра жағдайын пайдаланып «Вася» есімді азамат арқылы Б. Мті қылмыс жасауға арандатуға тырысқан. ҚПК 112-бабының талаптарына сай осындай іс-әрекеттер заңсыз деп танылады.

Оған қоса, Түркістан облысының Мақтаарал аудандық соты басты сот талқылау барысында «Вася» есімді азаматтан жауап алған жоқ.

Сонымен, «d-lm-rat-bu-muhammad-bida-ft-a-erush-lerd-flay-zhek-r-rem-z.mp3» атаулы файлды «Samsung А14» ұялы телефонының жадына енгізуге кез келген адамның мүмкіндігі бар болғаны айдан анық.

Әрі қарай, қылмыстық істің материалдарында 07.04.2025 ж. орыс тілінде берілген №721 Сарапшының қорытындысы бар (Заключение эксперта №721 от 07.04.2025 г.). Оған аса маңызды назар аудару қажет. Өйткені, Сараптама тағайындау туралы қаулысында тергеушімен қойылған «Самсунг Галакси S10, Самсунг Галакси А14, Самсунг Галакси А72, Самсунг Галакси А53 ұялы телефондарының FUJITSU маркалы ноутбугіне жалғанған ба?» және «FUJITSU маркалы ноутбугінен Самсунг Галакси S10, Самсунг Галакси А14, Самсунг Галакси А72, Самсунг Галакси А53 ұялы телефондарына қандай да бір файлдар жүктелген бе?» (қысқаша айтқанда) сұрақтарына 07.04.2025 ж. орыс тілінде берілген №721 Сарапшының қорытындысында сарапшы нақты жауаптар берген жоқ (Заключение эксперта №721 от 07.04.2025 г.). ҚПК 79-бабы 5-бөлігі 2) тармағының талаптарына сай «сарапшы өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге, қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті жазбаша қорытынды беруге міндетті». Сөйтіп, 07.04.2025 ж. орыс тілінде берілген №721 Сарапшының қорытындысы (Заключение эксперта №721 от 07.04.2025 г.) ҚПК 19-бабының талабына сай Б. Мтің пайдасына түсіндіруліге жатады.

Одан бөлек, қылмыстық іс материалдарына сәйкес тергеу барысында алынған ұялы телефондардың жадыларында « d-lm-rat- bu-muhammad-bida-ft-a-erush-lerd-flay-zhek-r-rem-z.mp3» атаулы аудиожазбасы табылды. Алайда, тергеу барысында алынған «FIJUTSU» маркалы ноутбугінің жадында «Д лм рат бу Мухаммад - Бидагатка ерушилерди калай жек көремиз.mp3» атаулы аудиожазбасы табылды. Осыған байланысты,  ұялы телефондарда латиница графикасымен сақталған « d-lm-rat- bu-muhammad-bida-ft-a-erush-lerd-flay-zhek-r-rem-z.mp3» атаулы аудиожазбасы «FIJUTSU» маркалы ноутбугінің кириллица графикасымен «Д лм рат бу Мухаммад - Бидагатка ерушилерди калай жек көремиз.mp3» атаулы аудиожазбасына қандай қатысы бар сұрақ туындайды? Ол бір. Екіншіден, тергеу барысында « d-lm-rat- bu-muhammad-bida-ft-a-erush-lerd-flay-zhek-r-rem-z.mp3» атаулы аудиожазбасының «Д лм рат бу Мухаммад - Бидагатка ерушилерди калай жек көремиз.mp3» атаулы аудиожазбасымен салыстырмалы талдау өткізілмеген, олардың мәтінін сәйкестілігі, жазбаның ұзындығы, дауыстың ұқсастығы анықталмаған. Сонымен, Б. Мпен «FIJUTSU» маркалы ноутбугі арқылы аудиожазбаларды тарату айыбы толығымен жоққа шығарылады.

ҚПК 112-бабына сай: 1. Нақты деректер, егер олар осы Кодекстiң талаптары бұзыла отырып алынса, алынған нақты деректердiң анықтығына сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе істі сотта қарау кезiнде процеске қатысушыларды заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе құқықтарына қысым көрсету арқылы немесе қылмыстық процестiң өзге де ережелерiн бұзу арқылы ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкiн болса, оның iшiнде:

2) қылмыстық процеске қатысатын адамға өз құқықтары мен міндеттері жөнінде түсiндiрмеу, толық немесе дұрыс түсiндiрмеу салдарынан туындаған оның жаңылысуын пайдалану арқылы;

5) процестік әрекетті жүргiзу тәртiбiн елеулі түрде бұзу арқылы;

6) белгiсiз көзден не сот отырысында анықтала алмайтын көзден;

7) дәлелдеу барысында қазіргі заманғы ғылыми бiлiмге қайшы келетiн әдiстердi қолдану арқылы алынса, дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi деп танылуға тиiс.

4. Қылмыстық-процестік заңды бұза отырып алынған нақты деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады және олар айыптау негiзiне жатқызыла алмайды, сондай-ақ осы Кодекстiң 113-бабында көрсетілген кез келген мән-жайларды дәлелдеу кезiнде пайдаланыла алмайды.

Сөйтіп, қылмыстық істің материалдарында жоғарыда аталған «Вася» есімді азаматтың арызы және процессуалдық іс-әрекеттері туралы хаттамалары және процессуалдық шешімдері қабылдау туралы қаулылары болмағандықтан  СДТБТ тіркелген №255143031000006 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуі толығымен заңсыз деп танылуға тиіс.

Осыған қарай, 14.01.2025 ж. сараптама тағайындау туралы қаулы, 07.02.2025 ж. Сарапшының №7 қорытындысы (кешенді) және СДТБТ тіркелген №255143031000006 және №255143031000056  қылмыстық істерді біріктіру туралы 03.03.2025 жылғы қаулы да заңсыз деп танылады және оларды қылмыстық іс бойынша Б. Мтің кінәлілігін растайтын дәлелдемелер ретінде жатқызуға жол берілмейді.

ҚПК 112-бабы 1-бөлігі 6) тармағының талабына сай Сарапшының 01.11.2024 ж. № 98 қорытындысы, 21.04.2025 ж. Сарапшының № 61 қорытындысы заңсыз деп тануға жатады, өйткені сарапшыға зерттеуге ұсынылған объектілер белгiсiз көзден не сот отырысында анықтала алмайтын көзден алынған. Одан бөлек, ҚПК 116-бабы 3-бөлігінің талабына сай сарапшының қорытындысы қылмыстық процестi жүргізетін орган үшiн мiндеттi болып табылмайды.

Осыған байланысты, Б Е М екінші эпизод бойынша, яғни ол 2025 жылғы 10 қаңтарда сағат 12:50-лер шамасында дiни алауыздықты тудыру мақсатында, бірнеше рет Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Ибраев көшесінің бойындағы орталық базарында орналасқан «SMARTTEL» ұялы телефондарды жөндеу орталығында, өзінің ұстанып жүрген теріс бағыттағы ислам дінінің «салафизм» ағымын насихаттау үшін ұялы телефон сатып алуға келген тұтынушыларға сатылымға шығарылып тұрған ұялы телефондарды ұсынып, тұтынушы ұялы телефонды сатып аламын деген уақытта, өзінің «Fijutsu» маркалы ноутбугі арқылы сатып жатқан ұялы телефон ішіне заңмен тыйым салынған «Дильмурат Абу-Мухаммад» және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздарын ұялы телефонына жүктеп таратқаны үшін тағылған айып бойынша ақталуға жатады.

ҚПК 393-бабы 3-бөлігіне сәйкес айыптау үкiмiн болжамдарға негiздеуге болмайды және ол сот талқылауы барысында сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлілігі соттың зерттеген дәлелдемелерiнiң жиынтығымен расталған жағдайда ғана шығарылады.

Тергеу органымен  « d-lm-rat- bu-muhammad-bida-ft-a-erush-lerd-flay-zhek-r-rem-z.mp3» атаулы файлдар ұялы телефондарынан қалай табылды, « d-lm-rat- bu-muhammad-bida-ft-a-erush-lerd-flay-zhek-r-rem-z.mp3» атаулы файлдар ұялы телефондарынан қандай әдісімен, қандай құрылғымен дисктерге көшірілді, «А» және «Вася» есімді азаматтардан тергеушімен неге жауаптар алынбады, егер де сотталушылар тағылған айыбын мойындамаса неліктен мемлекеттік айыптаушы «А» және «Вася» есімді азаматтарды басты сот талқылауына шақырмады, неге «Вася» есімді азаматқа тапсырылған «Атк Амулет» арнайы құрылғымен (бейнекамера) түсірілген аудиобейнежазба сот отырысында қаралмады? Осы мәселелер тергеу органымен алынған дәлелдемелердің заңдылығына қатысты күмән туғызады.

Тергеу органы Б Е М өзінің «Fujitsu» маркалы ноутбугінен ұялы телефондарға « d-lm-rat- bu-muhammad-bida-ft-a-erush-lerd-flay-zhek-r-rem-z.mp3» атаулы файлдар бірнеше рет дiни алауыздықты тудыру мақсатында жүктегенін дәлелдейтін бұлтартпайтын дәлелдемелерді сотқа ұсынбаған.

«Сот үкімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысының 6 тармағына сәйкес (әрі қарай НҚ) «Егер сот қылмыстық құқық бұзушылық жасалғанын, осы қылмыстық құқық бұзушылықты сотталушы жасағанын, оны жасағаны үшін кінәлі екенін, кінәсі заң талаптары сақтала отырып жиналған дәлелдемелермен расталғанын даусыз анықтаса, айыптау үкімі шығарылады... Егер сот кінәсіздік презумпциясын басшылыққа ала отырып, барлық дәлелдемелерді тікелей зерттеп, барлық сейілмеген күдіктерді тиісті құқықтық рәсімнің шеңберінде сотталушының пайдасына шеше отырып, ҚПК-нің 390-бабында көзделген барлық сұрақтарға жауап берген жағдайда ғана адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі дәлелденген деп танылады».

НҚ 16 тармағының талабына сәйкес «Сонымен қатар үкімнің уәждеу бөлігінде жәбірленушінің, куәлардың айғақтары, сот отырысында зерттелген сақтауға қойылған айғақтардың, процестік әрекеттер хаттамаларының, іс материалдарының мазмұны көрсетіледі. Процестік әрекеттердің хаттамаларына және өзге де материалдарға сілтемеде қылмыстық істің томдары мен беттері көрсетілуі тиіс». Түркістан облысының Мақтаарал аудандық сотының үкімнің мәтінінде « d-lm-rat- bu-muhammad-bida-ft-a-erush-lerd-flay-zhek-r-rem-z.mp3» атаулы файлдың екі эпизодтар бойнша анықталғаны көрсетілген құжатқа сілтеме жоқ.

ҚПК 433-бабында: «Yкiмнiң күшiн жою немесе оны өзгерту негiздері

Мыналар:

1) сот тергеуiнiң бiржақтылығы немесе толық еместiгi;

2) соттың үкiмде, қаулыда айтылған түйіндерінің iстiң нақты мән-жайларына сәйкес келмеуi;

3) қылмыстық-процестік заңның елеулі түрде бұзылуы;

4) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;

5) жазаның қылмыстық құқық бұзушылық ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуi бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң күшiн жоюға не оны өзгертуге негiз болып табылады».

Б. Мке қатысты Түркістан облысының Мақтаарал аудандық сотының үкімнің күші ҚПК 433-бабының 1), 2), 3), 4) негіздерінде жоюға жатады.

Сондай-ақ, келесі жайтты атап өту қажет. «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 11 Нормативтік қаулысының 4 тармағында «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын жалғаспалы қылмыстық құқық бұзушылықтардан ажырата білу қажет. Белгілі бір адамның бірыңғай пиғылмен және біріктірілген ортақ мақсатпен, материалдық құрамымен және келтірілген зардаптарының біркелкілігімен сипатталатын, қылмыстық құқық бұзушылық жасау тәсілі мен объектісі бойынша өзара ұқсас екі және одан да көп қылмыстық әрекеттерді жасауы қылмыстық құқық бұзушылықтың бірнеше рет жасалуын құрамайды. Мұндай жағдайларда барлық жасалған әрекеттерді тұтастай жалғаспалы қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танып, осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық көздейтін ҚК бір бабы немесе бабының бөлігі бойынша саралаған жөн». Алайда, Түркістан облысының Мақтаарал аудандық соты Б. Мке бірыңғай пиғылмен және біріктірілген ортақ мақсатпен, материалдық құрамымен және келтірілген зардаптарының біркелкілігімен сипатталатын, қылмыстық құқық бұзушылық жасау тәсілі мен объектісі бойынша өзара ұқсас екі қылмыс жасағаны үшін айып тағылғанына қарамастан, Б. Мті ҚР ҚК-нің 174-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды, яғни сот Б. Мтің іс-әрекеттерін «бірнеше рет» деп заңсыз саралаған.

ҚПК 19-бабы 2-бөлігіне сәйкес  «Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес».

Жоғарыда аталған негіздерге сүйене отырып, сот алқасынан:

- 2025 жылғы 30 желтоқсандағы Б Е Мке қатысты Түркістан облысының Мақтаарал аудандық сотының күшін жоюды және Б Е Мтің іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауынан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағында көзделген негізі бойынша ақтау үкімін шығаруды;

- ҚПК 4 Тарауына сай Б Е Мке қылмыстық процессті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерінен туындаған зиянды өтеу және оның құқықтарын қалпына келтіру құқығын беруді.

2026 жылғы 24 ақпан Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы құрамында: төрағалық етуші – алқа төрағасы Р.Хасенов, судьялар А.Иржанов пен Т.Оңғарбаев болып, прокурорлар Д.Төлепбергеннің, А.Бекмурзаеваның, сотталған Б.Мтың, қорғаушысы Е.Мтың, адвокаттар Г.Саржановтың, С.Нигметовтың қатысуларымен ашық сот отырысында Б Е Мке қатысты Мақтаарал аудандық сотының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы үкіміне қорғаушы Е.М пен адвокат Г.Саржановтың апелляциялық шағымдарымен келіп түскен қылмыстық істі қарады,ол бойынша:

Б Е М, 1991 жылғы 23 маусымда Түркістан облысында туған, Қазақстан Республикасының азаматы, бұрын сотты болмаған, - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК)174-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

 Б Е Мке жазаны өтеуі қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде тағайындалған. ҚК-нің 62-бабы 3-бөлігінің 2) тармағына сай, Б Е М 2025 жылғы 28 ақпанан бастап үкім заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстау уақыты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір жарым күні үшін бір күн есебімен жаза мерзіміне есептелген.

Б Е Мтің «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырып, жазаны өтеу мерзімі 2025 жылғы 28 ақпаннан бастап есептелген.

Б Е М пен Есен Канатбекович Атің ортақ тәртіппен мемлекет кірісіне сараптама органында жүргізілген сараптама үшін жұмсалған 753 834,02 теңге 2 тиын процестік шығындар өндірілген.

 Б Е Мтен Жәбірленушілерге өтемақы қорына жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 78 640 теңге мәжбүрлі төлем өндірілген.

Осы үкіммен Есен Канатбекович А ҚК-нің 174-бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 4 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Заттай дәлелдемелердің мәселесі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 118-бабының талаптарына сай шешілген.

Сот үкімімен Б Е М, бірнеше рет дiни алауыздықты тудыру мақсатында, заңмен тыйым салынған уағыздарды ұялы телефонына жүктеп тарқатқаныүшін кінәлі деп танылған.

Қорғаушы Е.М пен адвокат Г.Саржановсот үкімімен келіспей, апелляциялық шағымдар келтіріп

ҚПК-нің 431-бабы 1-бөлігінің 1) тармағын, 443, 444, 486-баптарын басшылыққа алып, сот алқасы, ҚАУЛЫ ЕТТІ: Б Е Мке қатысты Мақтаарал аудандық сотының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы үкімі өзгертілсін.

Б Е Мтың қылмыстық іс-әрекеті ҚК-нің 174 бабының 2-бөлігінен ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігіне қайта саралансын. Б Е М ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын, оған 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Үкімнің сипаттау бөлігінен - «Сотталушы Б.М өзінің қылмыстық пиғылын жалғастыра отырып, 2025 жылғы 10 қаңтарда сағат 12:50-лер шамасында дiни алауыздықты тудыру мақсатында, бірнеше рет Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Ибраев көшесінің бойындағы орталық базарында орналасқан «SMARTTEL»ұялытелефондарды жөндеу орталығында, өзінің ұстанып жүрген теріс бағыттағы ислам дінінің «салафизм» ағымын насихаттау үшін ұялы телефон сатып алуға келген тұтынушыларға сатылымға шығарылып тұрған ұялы телефондарды 9 ұсынып, тұтынушы ұялы телефонды сатып аламын деген уақытта, өзінің «Fijutsu» маркалы ноутбугі арқылы сатып жатқан ұялы телефон ішіне заңмен тыйым салынған «Дильмурат Абу-Мухаммад» және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздарын ұялы телефонына жүктеп тарқатқан» - деген бөлігінің күші жойылсын.

Үкімнің уәждеу бөлігінен – «сотталушы Б.М бірнеше рет дiни алауыздықты тудыру мақсатында, заңмен тыйым салынған уағыздарды ұялы телефонына жүктеп тарқатқан» - деген бөлігінің күші жойылсын.

Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын. 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу