Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша жаза тағайындау тәжірибес.

Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша жаза тағайындау тәжірибес.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша жаза тағайындау тәжірибес.

Шолу Шығыс Қазақстан облыстық сотының 2014 жылдың 1-жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді. Шолуды дайындау кезінде Шығыс Қазақстан облыстық сотының статистикалық деректері, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының БААТЖ бағдарламасының мәліметтері пайдаланылып, аудандық және оған теңестірілген соттардың ауырлығы орташа және онша ауыр емес қылмыстар бойынша қылмыстық жаза тағайындау тәжірибелері зерделенді. Шолу жүргізу барысында негізінен соттар қылмыстық істерді қарау кезінде ауырлығы орташа және онша ауыр емес қылмыстар бойынша бас бостандығын айыру түріндегі жазаны, одан тыс жазаларды заң талаптарына сай дұрыс қолданып, шешім қабылдайтыны анықталды. Дегенмен, жекелеген істер бойынша қателіктер де кездеседі. Бас бостандығынан айыру жазасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 48-бабына сәйкес тағайындалады. Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.

 

Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзету және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Соңғы уақытта қоғамға онша қауіпті емес қылмыс жасаған адамдарға қатысты қылмыстық жазаларды жеңілдету, яғни сотталғандарға бас бостандығынан айыру жазасын қолдануды азайтып, керісінше балама жазаларды қолдану аясын кеңейтуге бағытталған көптеген шаралар жүргізіліп, тиісті заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV Заңына өзгерістер енгізілді. Аталған заңмен ҚК-нің 53-бабының 5 және 6-бөліктері толықтырылды: егер осы Кодекстің Ерекше бөлімінің адамды кінәлі деп тануға негіз болған бабының санкциясында, осы баптың бірінші бөлігінің д) тармағында көзделген жеңілдететін мән-жайлар болған кезде жазаның әрқилы (балама) түрлері көзделсе, кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды. Сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібі көзделген істер бойынша жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғарғы мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауға тиіс.

Осы Заң бойынша ҚК-нің 79-бабының 7-бөлігіне де өзгеріс енгізіліп, онда «кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе орташа ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды»,- деп көрсетілген. Сондықтан жоғарыда аталған заңнама талаптарын басшылыққа ала отырып, Шығыс Қазақстан облысы соттарының 2014 жылдың І тоқсанында онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша жаза тағайындау тәжірибесіне шолу жасалды. 2014 жылдың І тоқсанында жалпы 631 адам сотталған, соның ішінде 77 адам, яғни 12,2 % онша ауыр емес қылмыстары бойынша сотталса, оның 16-сы бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. Бұл осы санаттағы қылмыстардың үлесіне шаққанда 20,7 % құрайды, ал жалпы сотталғандардың үлесі – 2,5 %. Ал, 237 адам ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін сотталған, бұл жалпы сотталғандардың 37,5%-ын құраған. Оның 55-іне  бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған, яғни бұл санаттағы сотталғандардың 14,5 %, ал жалпы сотталғандардың 8,7% -ын құрайды. Осы мерзім ішінде сотталғандардың жалпы саны - 631, оның 255-іне бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған, яғни 40,4 %-ды құрайды. Бұдан онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша 11,2 % бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатындығын байқаймыз. 2013 жылдың І тоқсанында 739 адам сотталған, оның 57-сіне онша ауыр емес қылмыстар бойынша үкім шығарылған (7,7 %), ал 7 адамға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған (12,2%). Бұл жалпы сотталғандардың 0,9 % құрайды. Сонымен қатар, 318 адам ауырлығы орташа қылмыстарды жасағаны үшін сотталған, оның 75-іне бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған (23,5 %). Бұл жалпы сотталғандардың үлесіне шаққанда 10,1 % құрайды. Осы екі санат бойынша қылмыс жасағандардың 11%-ы ғана бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. 2013 жылы есептік кезеңде сотталғандардың саны 739 болса, оның 302-сіне бостандығынан айыру жазасы қолданылған (40,8 %). Осы екі сатыдағы сотталғандардың үлес салмағы 11 % құрайды.Есеп беру кезеңінде бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жалпы үлес салмағы болмашы өзгерген, яғни 2013 жылдың І тоқсанымен ағымдағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,4 % төмендегені байқалады. Ал, осы екі санаттағы бас бостандығынан айырудан тыс жазаларды тағайындау барысында төмендегідей мән-жайлар анықталды: 2014 жылдың І тоқсанында жалпы сотталғандардың саны 631 болса, оның 269-ына бас бостандығынан айыру жазасынан тыс жазалар тағайындалған.

Атап айтқанда айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу болып табылады. Бұл жалпы көрсеткіштің ішінде 42,6 пайызды құрайды. Оның ішінде онша ауыр емес қылмыстары бойынша 47 адам (7,4%) бас бостандығынан тыс жазаға, ал ауырлығы орташа қылмыстар бойынша 141  адам (22,3%) жазаға тартылған. Сотталғандарға аталған екі санат бойынша бас бостандығынан айырудан тыс жазаларды қолдану көрсеткіші 29,7 % құрайды. Сондай-ақ, шартты жаза, жазаның төменгі шегінен тыс жаза және жазаның орындалуын кейінге қалдыру жөніндегі сот тәжірибесіне назар салсақ: 2014 жылдың 3 айында сотталғандардың 91-не шартты жаза қолданылған, оның 13-і онша ауыр емес қылмыс санатына жататын болса, 29-ы ауырлығы орташа қылмыстарға жатады. Аталған екі санаттағы қылмыстар бойынша жалпы 42 адам сотталған (46,1%). 2013 жылдың осы кезеңінде де 90 адамға шартты жаза қолданылған, яғни жалпы сотталғандардың 12,1% құрайды. Бұдан 2014 жылы шартты жазаны қолдану деңгейінің 2,3 % артқандығын байқаймыз. Жазаның өтеуін кейінге қалдыру, яғни 2014 жылы ҚР ҚК-нің 72-бабы 1 рет қолданылса , 2013 жылы 3 рет қолданылған. Ал 2013 жылы 24 адамға қатысты ҚР ҚК-нің 55-бабы қолданылса, 2013 жылы 10 адамға ғана қолданылған. Осы қылмыстарға тағайындалған жазаларға апелляциялық сатыда сот актілеріне ешқандай өзгерістер енгізілмеген. Бұдан соттардың қылмыстық заңнаманы заң талаптарына сәйкес қолданатыны байқалады.

Сонымен қатар қылмыстың қайталану көрсеткішіне назар салсақ, 2014  жылдың І тоқсанында сотталғандардың ішінде 61-і қылмыстың қайталануы, 35-і қауіпті қайталануы, ал 28-і қылмыстың аса қауіпті қайталануы деп танылған. Осы қылмыстардың қайталануының қосындысы 124 болса, сотталғандардың жалпы үлесі 19,6 % құрайды. Ал өткен жылдың І тоқсанында 93 қылмыстың қайталануы, 51 - қауіпті қайталануы, 24 - аса қауіпті қайталануы деп танылған, яғни жалпы саны - 168, ал сотталғандар 22,7 % -ды құраған.Аталған екі кезеңдегі көрсеткіштерді сараласақ, қылмыстың қайталануы 3,1%-ға кеміген. Дегенмен, бұдан қылмыстардың қайталануының саны артқандығын көруге болады. Бұл нақты айтқанда сотталғандардың қылмысқа қайтадан баруын көрсетеді. Ал сотталғандарға бұлтартпау шараларын қолдану негіздеріне тоқталсақ, қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай ауырлығы орташа қылмыстар бойынша сотталған 141 адамның 92-сіне бұлтартпау шаралары қолданылған, яғни қамауға алынған. Ал олардың 55-іне ғана бас бостандығынан айыру жазасын қолданылған, яғни қалған 37 адамды қамауға алу туралы ұсынысты сот негізсіз қанағаттандырған. Осы санаттағы сотталғандардың 214-і мас күйінде қылмыс жасаған, яғни 33,9 % құрайды. Алайда, қанша адамға маскүнемдіктен еріксіз түрде емдеу тағайындалғаны туралы есепте көрсетілмеген. Мұндай жағдайларда, соттар құқық қорғау органдарына қылмыстың жасалуына себеп және негіз болған жағдайларды жою, қылмыстың алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған шараларды жүргізу қажет. Ал қажет болған жағдайларда, заң талаптарына сәйкес жеке қаулылар шығару қажет. Бұл мәселе қылмыстық заңның алдыңғы шарттарының бірі – қылмыстың алдын алу болып табылады. Талдау нәтижелері көрсеткендей, соттар онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамға жаза тағайындау барысында қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын сақтай отырып бас бостандығынан айыру жазаларымен қатар басқа да балама жазаларды дұрыс тағайындаған.

Сотталғандарға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамай-ақ, олардың түзелулері мен қайта тәрбиеленулеріне де мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған көрсеткіштерден онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыс санаттары бойынша сотталғандарға бас бостандығынан айыру жазасын қолдану елеулі түрде ғана өзгерген, яғни 2013 жылдың І тоқсанымен ағымдағы жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 0,4 %-ға төмендеген. Бұл қылмысты ізгілендіру аясында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге септігін тигізеді. Сонымен қатар көрсеткіштерді бағамдасақ, биыл жалпы сотталғандардың саны 108 адамға, кәмелетке толмағандардың саны 6-ға, ауырлығы орташа қылмыстарды жасаған адамдардың саны 81-ге азайған. Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы онша ауыр емес және ауырлығы орташа дәрежедегі істерге қатысты бірінші сатыдағы соттың (2014 жылдың 3 айында) 6 үкімін өзгерткен.

Аталған сот актілерінің өзгертілуіне қылмыстық заңнаманың дұрыс қолданылмауы себеп болған, яғни жоғарыда аталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның талаптарын қолдану барысында қателіктерге жол берген. Сондықтан ҚК-нің 53-бабы 6-бөлігінің талабында сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібі көзделген істер бойынша жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғарғы мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауға тиістілігі көрсетілген. Мәселен, К. қалалық сотының Д. жөніндегі үкімі жоғарыда аталған негіздерге байланысты өзгертілген, яғни оған ҚР ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігі бойынша 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын 1 жыл 6 айға төмендеткен.  Сол сияқты апелляциялық сот алқасы № 2 Өскемен қалалық сотының 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырған П.-ға қатысты сот үкімін өзгерткен, яғни оған ҚР ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, 1 жыл 6 ай сынақ мерзімін тағайындаған. № 2 Өскемен қалалық соты ҚР ҚК-нің 187-бабының 1-бөлігі бойынша 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған К. жөніндегі сот үкімі өзгертілген. Себебі жәбірленушіге материалдық залал толық қайтарылған.

Сондықтан оған қолданылған жаза 50 есептік көрсеткіш айыппұлмен ауыстырылған. Сондай-ақ, № 2 Өскемен қалалық сотының К. жөніндегі үкімі өзгертіліп, ҚР ҚК-нің 184-бабының 2-бөлігі бойынша тағайындалған 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасын 180 сағат қоғамдық жұмыстармен ауыстырылған. Себебі, ҚР ҚК-нің 45-бабы 3-бөлігінде көзделген талаптарды сақтамаған, яғни бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған К.-ға бас бостандығын шектеу жазасы қолданылмайды. Қорыта айтқанда, соттардың онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға сотталғандардың әрекетінде қылмыстардың қайталануы, қауіпті және аса қауіпті қайталануы орын алуы себеп болған. Сотталғандарға жеңілірек жаза қолдануға негіз бола тұра, оларға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау немесе бірнеше рет сотталған және қоғам үшін аса қауіпті адамдарға негізсіз жеңіл жаза тағайындау әділетті сот төрелігін атқаруға кедергі келтіреді.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

55-бап. Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

55-бап. Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Егер осы Кодекст...

Толық оқу »

55-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК осы қылмысы үшін көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау

55-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК осы қылмысы үшін көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау 1. Іс-әрекеттің мақсаттары мен уәждеріне,...

Толық оқу »

66-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

66-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазасын өтеп жүрген с...

Толық оқу »

Жәбірленушінің сотталған адамды бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындау Жәбірленушіге алғашқы сотталғандығына сотталғандығына оның кінәсін мойындауына және өкінуіне толық өтеу фактісі туралы ұстанымы ескерілмеген

Жәбірленушінің сотталған адамды бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындау Жәбірленушіге алғашқы сотталғандығына сотталғандығына оның кінәсін мойындауына және ө...

Толық оқу »

545-бап. Мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, кәмелетке толмаған адамды жазадан босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

545-бап. Мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, кәмелетке толмаған адамды жазадан босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Егер қыл...

Толық оқу »

Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы

Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратифика...

Толық оқу »

Ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен бас бостандығынан айыру

Ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен бас бостандығынан айыруШығыс Қазақстан облысы Семей қаласының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 2 сотының ү...

Толық оқу »

Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманың адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы мәселелер жөніндегі нормаларын қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 7 Нормативтік қаулысы.

Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманың адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын әрі қарай өтеу үшін беру туралы шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын әрі қарай өтеу үшін беру туралы шартты бекіту туралыҚазақстан Республи...

Толық оқу »

10-бап. Жазаларды орындаушы мекемелерді, әкімшілік ұсталуға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларды және гауптвахталарды сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау үшін пайдалану  Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

10-бап. Жазаларды орындаушы мекемелерді, әкімшілік ұсталуға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларды және гауптвахталарды сезіктілер мен айыпталушыларды кү...

Толық оқу »

Жаза өтеу мекемесін тағайындау Бас бостандығынан айыруға сотталған адамға қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемесінің режимін тағайындау

Жаза өтеу мекемесін тағайындау Бас бостандығынан айыруға сотталған адамға қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемесінің режимін тағайындауШымкент қаласы Абай аудандық сотының 2...

Толық оқу »

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаны оның неғұрлым жұмсақ түрімен немесе ЖЖА ауыстыру туралы өтінішті қарау кезінде сотталушының жеке ерекшеліктерін және материалдардың нақты мән жайларын ескеру қажет

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаны оның неғұрлым жұмсақ түрімен немесе ЖЖА ауыстыру туралы өтінішті қарау кезінде сотталушының жеке ерекшеліктерін және мат...

Толық оқу »

607-бап. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшiн қабылдау, сондай-ақ шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және орындау туралы өтiнiшхатты қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

607-бап. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшiн қабылдау, сондай-ақ шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және орында...

Толық оқу »

Жазаны өтеу тәртібін сақтау және мәжбүрлі еңбек бөлігінде сот үкімін орындау сотталған адамның міндеті болып табылады

Жазаны өтеу тәртібін сақтау және мәжбүрлі еңбек бөлігінде сот үкімін орындау сотталған адамның міндеті болып табыладыҚК 72-бабының ережелері бас бостандығын шектеуге сотталған...

Толық оқу »

57-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны орындау тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

57-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны орындау тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталға...

Толық оқу »

Жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы шартты бекіту туралы

Жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы шартты бекіту туралыҚаза...

Толық оқу »

6-бап. Жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

6-бап. Жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      Заңды күшіне енген сот үкімі немесе...

Толық оқу »

6-бап. Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы  Осы Заңның 5-бабында аталған, соттар негiздеп айыптаған, сондай-ақ сот емес органдардың шешiмдерiмен қылмыстық жазаға тартылған, iстерiнде мына төмендегi жасаған қылмыстары жеткiлiктi дәлелденген адамдар ақталуға жатпайды:

6-бап. Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы Осы Заңның 5-бабында аталған, соттар негiздеп айыптаған, сондай-ақ сот емес органда...

Толық оқу »

Жаза тағайындау қылмыстық заң аса ауыр қылмыстар жасаған кезде бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауға тыйым салмайды

Жаза тағайындау қылмыстық заң аса ауыр қылмыстар жасаған кезде бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауға тыйым салмайдыҚостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі ма...

Толық оқу »

Бас бостандығынан айыруды айыппұлға жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА туралы.

Бас бостандығынан айыруды айыппұлға жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА туралы.ҚК 73-бабының 3-бөлігіне сәйкес жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезiнде сот бас бост...

Толық оқу »

24-бап. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

24-бап. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Айыппұл, сон...

Толық оқу »

95-бап. Сотталған адамның жазасын даралау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

95-бап. Сотталған адамның жазасын даралау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі1. Жазаны орындау кезеңінде оны даралау мақсат...

Толық оқу »

438-бапқа түсініктеме. Сот тағайындаған жазаның қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуі Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексі

438-бапқа түсініктеме. Сот тағайындаған жазаның қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуі Қазақстан Республикасының қылмыстық п...

Толық оқу »

Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп тексеру істері бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауға тиіс

Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп тексеру істері бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзі...

Толық оқу »

Жаза тағайындау сот ҚК-нің 60-бабының негізінде сотталған адамға жаза шарасын айқындау кезінде алдыңғы үкім бойынша өтелген мерзімді дұрыс есептемеген, сондай-ақ мүлікті тәркілеуді негізсіз тағайындаған, осыған байланысты сот актілері өзгертілген

Жаза тағайындау сот ҚК-нің 60-бабының негізінде сотталған адамға жаза шарасын айқындау кезінде алдыңғы үкім бойынша өтелген мерзімді дұрыс есептемеген, сондай-ақ мүлікті тәркі...

Толық оқу »

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе Жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе Жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыруСоттардың ұстанымы бойынша ШМБ мен ЖЖА-ның басты шарттарының бірі залалдың орнын толтыру, өнді...

Толық оқу »

Жазаның өтелмеген бөлігін шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру

Жазаның өтелмеген бөлігін шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыруҚІЖК-нің 480-бабының 2-бөлігіне сәйкес жазаны орындайтын мекеме не...

Толық оқу »

Түзеу мекемесінің түрі абайсызда жасаған қылмыстары үшін сотталған адамдарға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде тағайындалады

Түзеу мекемесінің түрі абайсызда жасаған қылмыстары үшін сотталған адамдарға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің ме...

Толық оқу »

52-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

52-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Түзеу жұмыстары сот үкіміне сәйкес жаза мөлшерін толық өтег...

Толық оқу »

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулысы.

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот пр...

Толық оқу »

609-бап. Қабылданған адамдарға қатысты жазаны орындауды немесе мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

609-бап. Қабылданған адамдарға қатысты жазаны орындауды немесе мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қазақстан Республи...

Толық оқу »

Қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгеннен гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау мәселесі туралы

Қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгеннен гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау мәселесі туралы🔷 Жалпы сипаттамаҚК-нің 55-бабы соттарға қылмыстық құқық бұзушылық үшін санкция...

Толық оқу »