Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 95-бап. Сотталған адамның жазасын даралау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

95-бап. Сотталған адамның жазасын даралау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

95-бап. Сотталған адамның жазасын даралау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 

 1. Жазаны орындау кезеңінде оны даралау мақсатында сотталған адамның мінез-құлқы дәрежесін айқындау арқылы оның мінез-құлқын бағалау жүзеге асырылады.

      2. Сотталған адамның мінез-құлық дәрежесі:

      1) осы Кодекстің 96-бабына сәйкес ол жазасын өтеп жүрген мекеме түрін өзгерту;

      2) осы Кодекстің 135, 137, 139, 142, 144, 150-баптарына сәйкес оның мекемеде жазасын өтеу жағдайларын өзгерту;

      3) осы Кодекстің 128, 130, 152, 154-баптарына сәйкес оның құқықтарын кеңейту не құқықтық шектеулер белгілеу үшін негіз болып табылады.

      3. Сотталған адамның мінез-құлық дәрежесін мекеме комиссиясы ұсынатын, оның мінез-құлқын сипаттайтын материалдар (мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларын сақтауы; еңбек пен оқуға қатынасы; тәрбиелік іс-шараларға қатысуы; сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған бағдарламаларға қатысуы; қылмыстан келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша шаралар қолдану) негізінде мекеме бастығының қаулысымен айқындалады.

      4. Сотталған адамның мінез-құлық дәрежесін айқындау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау сотталған адам мекемеге келген күннен бастап жүзеге асырылады.

      Көтермелеулері және жазалаулары жоқ не жазалауы осы Кодексте белгіленген тәртіппен өтелген сотталған адам белгілі бір мінез-құлық дәрежесі жоқ деп танылады.

      Сотталған адамды бір түрдегі мекемеден екіншісіне ауыстырған жағдайда мінез-құлық дәрежесінің бұрын қойылған бағалауы оның мінез-құлқын осы Кодексте көзделген мерзімдерде мекеме комиссиясы қараған кезге дейін сақталады.

      Сотталғандардың мінез-құлық дәрежелері мынадай критерийлер негізінде айқындалады:

      оң сипатталатын сотталғандар үшін:

      1) кемінде бір көтермелеуі болған әрі соңғы көтермелеу алған күннен бастап үш және одан көп ай бойы жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі бірінші оң мінез-құлық;

      2) бірінші оң мінез-құлық дәрежесі, кемінде бір көтермелеуі болған әрі бірінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап алты және одан көп ай бойы жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі екінші оң мінез-құлық;

      3) екінші оң мінез-құлық дәрежесі, кемінде бір көтермелеуі болған әрі екінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап бір және одан көп жыл бойы жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі үшінші оң мінез-құлық;

      теріс сипатталатын сотталғандар үшін:

      1) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы деп танылған кезде – дәрежесі бірінші теріс мінез-құлық;

      2) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін үнемі бұзушы деп танылған кезде – дәрежесі екінші теріс мінез-құлық;

      3) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушы деп танылған кезде – дәрежесі үшінші теріс мінез-құлық.

      Сотталған адамды жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы, үнемі бұзушы не қаскөйлікпен бұзушы деп тану осы Кодекстің 130-бабының үшінші бөлігіне және 154-бабының төртінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады.

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы