170-бап. Ауруына байланысты жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамның денсаулық жағдайын бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
Ескерту. 170-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Психикасының бұзылуына немесе өзге де ауыр сырқатына байланысты жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамның денсаулық жағдайын бақылауды ол босатылған не ол бекітілген мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады.
2. Жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адам емделіп жатқан денсаулық сақтау ұйымы оның денсаулық жағдайы туралы ақпаратты мекеме әкімшілігіне тоқсан сайын береді, ал сауыққан немесе қайтыс болған жағдайларда оған дереу хабар береді.
3. Адам сауыққан жағдайда, жазаны орындауды жалғастыру сотталғанның өтінішхаты бойынша не мекеме әкімшілігінің ұсынуы бойынша соттың қаулысымен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы