Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 159-бап. Мәмiлелер жарамсыздығының негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

159-бап. Мәмiлелер жарамсыздығының негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

159-бап. Мәмiлелер жарамсыздығының негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 

      1. Қажеттi рұқсатты алмай не рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн жасалған мәмiле маңызсыз болады.

      2. Жосықсыз бәсеке мақсатын көздейтiн немесе iскерлiк әдеп талаптарын бұзатын мәмiлені сот жарамсыз деп тануы мүмкін.

      3. Осы Кодекстің 23-бабында көзделген мәмілелерден басқа, он төрт жасқа толмаған адам (жас бала) жасасқан мәміле маңызсыз болады.

      4. Он төрт жасқа толған кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің келісімінсіз жасаған мәмілесін, заң бойынша оның өзі дербес жасауға құқығы бар мәмілелерді қоспағанда, сот заңды өкілдерінің талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін. Осы баптың қағидалары осы Кодекске сәйкес әрекетке толық қабілетті деп танылатын (осы Кодекстің 17-бабының 2-тармағы, 22-1-бабы) кәмелетке толмағандардың мәмілелеріне қолданылмайды.

      5. Есуастық немесе ақыл-есi кем болуы салдарынан әрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған адам жасасқан мәмiле маңызсыз болады. Кейiннен әрекет қабiлеттiлігi жоқ деп танылған азамат жасасқан мәмiле (осы Кодекстiң 26-бабы), егер мәмiленi жасау кезiнiң өзiнде-ақ бұл азаматтың психикасының бұзылуы жағдайында болғаны дәлелденсе, дауланатын мәміле болып табылады және оның қорғаншысының талап қоюы бойынша сот мәмiленi маңызсыз деп тануы мүмкiн.

      6. Сот әрекет қабiлеттiлiгiн шектеген адам жасасқан мәмiленi сот оның қамқоршысының талап етуi бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.

      7. Әрекет қабiлеттiлiгi болғанымен, мәмiле жасаған кезде өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе өзiнiң не iстегенiн бiлмейтiн жағдайда болған азамат жасасқан мәмiленi сот сол азаматтың талабы бойынша, ал егер тiрi кезiнде талап етуге азаматтың мүмкiндiгi болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейiн басқа мүдделi адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.

      8. Елеулi мәнi бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмiленi сот жаңылысу әсерiмен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Мәмiленiң табиғатына, ұқсастығына немесе оны өз мақсатына пайдалану мүмкiндiгiн айтарлықтай төмендететiн мәнiнiң сапасына қатысты жаңылысудың елеулi мәнi болады. Дәлелдердегi жаңылысу кейiнге қалдыру немесе күшiн жою шарты ретiнде, мәмiленiң мазмұнына осындай дәлелдi енгiзген кезде ғана мәмiле жарамсыздығының негiзi бола алады (осы Кодекстiң 150-бабы).

      Егер жаңылысу мәмiлеге қатысушының өрескел бейқамдығының салдары болса, не оны кәсiпкерлiк тәуекел билеген болса, сот нақты жағдайларды және мәмiлеге қатысушы екiншi жақтың мүдделерiн ескере отырып, мәмiленi жарамсыз деп тану туралы талаптан бас тартуға құқылы.

      9. Алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмiленi, сондай-ақ басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзi үшiн мүлде тиiмсiз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмiленi (кiрiптарлық мәмiле) сот жәбiрленушiнiң талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.

      10. Бiр тарап өкiлiнiң екiншi тараппен зұлымдық ниетте келiсуi нәтижесiнде жасалған мәмiленi сот жәбiрленушi тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Жәбiрленушi тарап шеккен залалды жәрдем беру тәртiбiмен өтеу (осы Кодекстiң 9-бабының 4-тармағы) терiс пиғылды өкiлге жүктелуi мүмкiн.

      11. Заңды тұлғаның осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетiн етiп, не оның органының жарғылық құзыретiн бұза отырып жасасқан мәмiлесi, егер мәмiледегi басқа тараптың мұндай бұзушылықтар туралы бiлгенi немесе бiлуге тиiс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының) мүлiк иесiнiң талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

      12. Осы баптың 3, 5-тармақтарында көзделген мәмiлелер жас балалардың немесе әрекет қабiлеттiлiгi жоқ адамдардың заңды өкілдерінің талабы бойынша, егер олар аталған адамдардың пайдасына жасалған болса, сот шешiмiмен жарамды деп танылуы мүмкiн.

 

 

Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

Кепілдік жарна ретінде енгізілген ақшалай қаражатты қайтару бойынша сотқа дейінгі талап

Кепілдік жарна ретінде енгізілген ақшалай қаражатты қайтару бойынша сотқа дейінгі талапНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі е...

Толық оқу »

Сақтандыру компаниясының сақтандыру төлемдерін өндіріп алу туралы сотқа дейінгі талабы

Сақтандыру компаниясының сақтандыру төлемдерін өндіріп алу туралы сотқа дейінгі талабыНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі ек...

Толық оқу »

39-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жарамсыздығы және оның жарамсыздығының салдары Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

39-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жарамсыздығы және оның жарамсыздығының салдары Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы...

Толық оқу »

159-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі мәмілелерінің жарамсыздығының негіздері

159-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі мәмілелерінің жарамсыздығының негіздері Көлемі бойынша Азаматтық кодекстегі ең үлкендердің бірі болып табыла...

Толық оқу »

24-бап. Микрокредиттер беру жөнiндегi қызметке және шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

24-бап. Микрокредиттер беру жөнiндегi қызметке және шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салуМикроқаржылық қызмет туралы Заңы      1. Микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктес...

Толық оқу »

157-бапқа түсініктеме. Жарамсыз мәмілелер және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жарамсыздығының салдары

157-бапқа түсініктеме. Жарамсыз мәмілелер және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жарамсыздығының салдары Түсіндірме мақала мәмілелердің жарамсыздығының жалпы негізін...

Толық оқу »

26-бап. Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін жауаптылықтан босатылатын жағдайлар Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы

26-бап. Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін жауаптылықтан босатылатын жағдайлар Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы      Бұқаралық ақпарат құралы, сол си...

Толық оқу »

34-бапқа түсініктеме. Лицензияның жарамсыздығы және оның "жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексіне жарамсыздығының салдары

34-бапқа түсініктеме. Лицензияның жарамсыздығы және оның "жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексіне жарамсыздығының салдары 1. Лицензи...

Толық оқу »

Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 6 Нормативтік қаулысы.

Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 7 шілдедегі...

Толық оқу »

39-бапқа түсініктеме. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жарамсыздығы және оның жарамсыздығының салдары "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексіне

39-бапқа түсініктеме. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жарамсыздығы және оның жарамсыздығының салдары "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан...

Толық оқу »

Мәмілелердің жарамсыздығы туралы даулар-кепіл беруші кепіл нысанасын басқа тұлғаның меншігіне иеліктен шығаруға не оны кепіл ұстаушының келісімімен ғана өзгеше түрде билік етуге құқылы

Мәмілелердің жарамсыздығы туралы даулар-кепіл беруші кепіл нысанасын басқа тұлғаның меншігіне иеліктен шығаруға не оны кепіл ұстаушының келісімімен ғана өзгеше түрде билік ету...

Толық оқу »

157-1-бап. Мәміленің жарамсыздығының салдарлары туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

157-1-бап. Мәміленің жарамсыздығының салдарлары туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Маңызсыз мәміленің жарамсыздығы салдарларын қолдану туралы...

Толық оқу »

Шарттың жарамсыздығы туралы дауларды, оған тиісті құқықтық салдарларды (ойдан шығарылған мәмілені) жасау ниетінсіз тек түр үшін жасалған мәмілені мүдделі тұлғаның, тиісті мемлекеттік органның немесе прокурордың талап-арызы бойынша сот жарамсыз деп таниды

Шарттың жарамсыздығы туралы дауларды, оған тиісті құқықтық салдарларды (ойдан шығарылған мәмілені) жасау ниетінсіз тек түр үшін жасалған мәмілені мүдделі тұлғаның, тиісті мемл...

Толық оқу »

61-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

61-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын...

Толық оқу »

34-бап. Лицензияның жарамсыздығы және оның жарамсыздығының салдары Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

34-бап. Лицензияның жарамсыздығы және оның жарамсыздығының салдары Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Лицензия сот тәртібімен мы...

Толық оқу »

53-1-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

53-1-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салуБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Лицензиатқа жарнама жарияланған күні шындыққа сай келмейтін қызметін жарнамала...

Толық оқу »

52-2-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу Сақтандыру қызметі туралы Заңы

52-2-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу Сақтандыру қызметі туралы Заңы      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жариялану күні олардың қызметі шындыққа с...

Толық оқу »

Мүлікті талап ету туралы даулар егер мәмілені оны жасауға құқығы жоқ адам жасаса, онда мәміленің жарамсыздығының салдары жалпы ереже бойынша меншік иесінің басқа біреудің заңсыз иелігінен мүлікті талап ету түрінде болады

Мүлікті талап ету туралы даулар егер мәмілені оны жасауға құқығы жоқ адам жасаса, онда мәміленің жарамсыздығының салдары жалпы ереже бойынша меншік иесінің басқа біреудің заңс...

Толық оқу »

161-бап. Мәмiленiң бiр бөлiгi жарамсыздығының салдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

161-бап. Мәмiленiң бiр бөлiгi жарамсыздығының салдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Егер мәмiленi оның жарамсыз бөлiгiн енгiзбей-ақ жасауға болар едi деп ойлау м...

Толық оқу »

Жеткізу шартының жарамсыздығы туралы мәселелерге байланысты даулардың алдын ала белгіленген күші жоқ, олар басқа дәлелдемелермен бірге бағалануға жатады

Жеткізу шартының жарамсыздығы туралы мәселелерге байланысты даулардың алдын ала белгіленген күші жоқ, олар басқа дәлелдемелермен бірге бағалануға жатады"К" ЖШС сотқа 2014 жылғ...

Толық оқу »

500-бап. Кәсiпорынды сату шартына мәмiлелердiң жарамсыздық салдары туралы және шартты бұзу мен өзгерту туралы ережелердi қолдану Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

500-бап. Кәсiпорынды сату шартына мәмiлелердiң жарамсыздық салдары туралы және шартты бұзу мен өзгерту туралы ережелердi қолдану Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Ос...

Толық оқу »

Пәтерді сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану және мәміленің жарамсыздығының салдарын қолдану, меншік құқығын тіркеу туралы жазбаны қалпына келтіру

Пәтерді сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану және мәміленің жарамсыздығының салдарын қолдану, меншік құқығын тіркеу туралы жазбаны қалпына келтіруАлматы қаласы Бостандық ау...

Толық оқу »

Даулы мәміле жасалған сәтте қолданыста болған шарттардың жарамдылығы туралы даулар мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ құқықтық тәртіп немесе адамгершілік негіздеріне көрінеу қарсы мақсатта жасалған мәміле жарамсыз болып табылады

Даулы мәміле жасалған сәтте қолданыста болған шарттардың жарамдылығы туралы даулар мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ құқықтық тәртіп немесе адамгершілік негі...

Толық оқу »

Жаңалықтар арнасы Желілік басылымға сотқа дейінгі шағым шындыққа сәйкес келмейтін жарияланымды жою туралы

Жаңалықтар арнасы Желілік басылымға сотқа дейінгі шағым шындыққа сәйкес келмейтін жарияланымды жою туралыThe Tengrinews желілік басылымы"Effective Media Liaison" ЖШСБСН: 08094...

Толық оқу »