500-бап. Кәсiпорынды сату шартына мәмiлелердiң жарамсыздық салдары туралы және шартты бұзу мен өзгерту туралы ережелердi қолдану Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
Осы Кодекстiң мәмiлелердiң жарамсыздық салдары туралы және сатып алу-сату шартын бұзу мен өзгерту туралы, шарт бойынша бiр тараптан немесе екi тараптан алынғандарды заттай қайтаруды немесе өндiрiп алуды көздейтiн ережелерi, егер мұндай салдар сатушы мен сатып алушыға кредит берушiлердiң, басқа да адамдардың құқықтарын және заң актiлерiмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзбайтын болса және қоғамдық мүдделерге қайшы келмесе, кәсiпорынды сату шартына қолданылады.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы