28-бап. Соттың айыптау үкімімен арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру Құқық қорғау қызметі туралы Заңы
1. Қызметкерлерге қатысты арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру туралы соттың заңды күшiне енген айыптау үкiмiн орындауды:
1) капитанға дейін, 1-сыныпты заңгерді қоса алғанда – уәкілетті басшы;
2) полковникке дейін, аға кеңесшіні қоса алғанда – құқық қорғау органының басшысы жүзеге асырады;
3) жоғары басшы құрамға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен заңсыз айырған жағдайда соттың шешіміне сәйкес бұрынғы арнаулы атағын немесе сыныптық шенін қалпына келтiру туралы бұйрықты құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы қабылдайды.
3. Арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен заңсыз айырылған кезең қалпына келтiрiлген арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сiңiрген мерзiмге кiредi. Арнаулы атағынан немесе сыныптық шенінен заңсыз айырылған адамдарға материалдық залал толық көлемде өтеледi.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы