Басты сот талқылауы тек сол сотталушыға қатысты және ол сотқа берілген айыптау шектерінде ғана жүргiзiлуі тиіс
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 2017 жылғы 2 қазандағы үкімімен: А. бұрын 2011 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 185-бабының 1-бөлігімен, 175-бабы 3-бөлігінің «б» тармағымен, 177-бабы 3-бөлігінің «б» тармағымен, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігі негізінде 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталған. 2012 жылғы 24 қаңтардағы сот қаулысымен бұл жазаның мөлшері ҚК-нің 5-бабына сәйкес 7 жылға дейін төмендетілген. 2015 жылғы 22 маусымда жазасын өтеуден 1 жыл 10 ай 28 күнге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, - ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен, 347-бабымен ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігі негізінде қылмыстардың жиынтығы бойынша онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеу тағайындалған. Сот үкімімен А. көлік құралын жүргізіп келе жатып, жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын өрескел бұзып, абайсызда жәбірленуші У.-дың өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға болған жерден кетіп қалғаны үшін кінәлі деп танылған. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2017 жылғы 24 қарашадағы қаулысымен сот үкімінің күші жойылған. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2017 жылғы 24 қарашадағы үкімімен А. ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен, 347-бабымен, ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігі негізінде қылмыстардың жиынтығы бойынша онша ауыр емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 26 маусымдағы қаулысымен Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2017 жылғы 24 қарашадағы қаулысы мен үкімі өзгеріссіз, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы қанағаттандырусыз қалдырылған. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығында сотталған А.-ның кінәсінің дәлелденуі мен қылмыстық әрекетінің саралануын дауламай, жазаның дұрыс тағайындалмауына байланысты бірінші сатыдағы сот үкімін, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2017 жылғы 24 қарашадағы қаулысы мен үкімін, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 26 маусымдағы қаулысын өзгертуді сұраған. Сотталған А.-ның сот үкімінде жазылған мән-жайларда қылмыс жасағаны сот отырысында объективті түрде зерттелген әрі тиісті баға берілген дәлелдемелерге негізделген және істің нақты мән-жайларына сәйкес келеді. Сот А.-ның қылмыстық әрекетін ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен, 347-бабымен дұрыс саралаған. Апелляциялық сот алқасы сотталған А.-ға жаза тағайындау кезінде қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарын өрескел бұзған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 340-бабының 1-бөлігіне сәйкес басты сот талқылауы тек сотталушыға қатысты және оның сотқа берілген айыптау шектерінде ғана жүргiзiледi.
Басты сот талқылауы тек сол сотталушыға қатысты және ол сотқа берілген айыптау шектерінде ғана жүргiзiлуі тиіс
Сонымен қатар «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының 4-тармағына сәйкес сот талқылауының шегі айыптау актісін жасау кезінде тұжырымдалып, тағылған айыппен шектеледі. Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар айыптың мазмұнына енгізіледі. Сондықтан сот айыптау актісінде көрсетілмеген жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың бар болуын үкімде белгілеп көрсетсе, ол ҚПК-нің 340-бабының талаптарына сәйкес сотталушының жағдайын ауырлатады және сот талқылуының шегін бұзу болып табылады. Қылмыстық іс бойынша айыптау актісінде А.-ның жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар көрсетілмеген. Алайда апелляциялық сатыдағы сот сотталған А.-ның әрекетінде қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар айыптау актісінде көрсетілмесе де, оның жағдайын ауырлатып, ҚК-нің 54-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар ретінде негізсіз таныған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған А.-ға қатысты Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының үкімі мен Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 26 маусымдағы қаулысын өзгертіп, оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде танылған қылмыстық құқық бұзушылықты бірнеше рет жасауын апелляциялық сот алқасының үкімінен алып тастап, сотталған А.-ға ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 1) тармағын қолданып, 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 айға, ҚК-нің 347-бабымен ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 1-тармағын қолданып, 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, бір жылға, ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, сот актілерінің қалған бөлігін өзгеріссіз қалдырды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы ішінара қанағаттандырылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы