298-бап. Айыптау актісін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам процеске қатысушыларды қылмыстық іс материалдарымен таныстырғаннан және олардың өтінішхаттарын шешкеннен кейін:
1) ішкі істер органдарының және экономикалық тергеп-тексеру қызметінің тергеушілері тергейтін аса ауыр қылмыстар туралы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істер бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 547, 548, 549, 550, 551 және 551-1-баптарында көзделген жағдайларда – сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті;
2) өзге қылмыстар туралы істер бойынша – айыптау актісін жасайды.
2. Егер адамға бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген болса, олардың әрқайсысын сипаттау уақыт бойынша басқалардан ерте жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтан бастап, хронологиялық тәртіппен жүзеге асырылады.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 331-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау