Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 479-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт Қазақстан Республикасының Салық кодексі

479-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  479-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Мыналарды: 

     1) ұлттық және шетел валютасы банкноттары мен монеталарын (мәдени-тарихи құндылықты білдіретін банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздарды; 

     2) Ұлттық Банктің ақша белгілерін шығару үшін әкелінетін шикізаттың мақсаты туралы растамасы болған кезде Ұлттық Банк және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгілерін шығаруға арналған шикізатты; 

     3) ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бекітілген, тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарларды; 

     4) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкiлдiктерiнiң, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдардың, бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдардың, консулдық қызметшілердің жеке пайдалануы үшін әкелінген және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын тауарларды импорттау қосылған құн салығынан босатылады. 

     Қосылған құн салығынан босату мақсатында дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің немесе консулдық мекемелердің тауарды әкелгені туралы растамасы ұсынылады; 

     5) салық төлеуден босатуды көздейтін кедендік рәсіммен орналастырыла отырып, ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларациялауға жататын тауарларды; 

     6) ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ғарыш объектілерінің, жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдығын импорттау қосылған құн салығынан босатылады. Осы тармақшаның ережелері нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның осындай ғарыш объектілері мен жабдықтың ғарыш қызметінің мақсаттары үшін әкелінгенін растауы негізінде қолданылады. 

     Бұл ретте, аталған тауарларды ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану, оның ішінде ғарыш аппараттарын ұшыру бойынша қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатыспайтын тұлғаларға өткізу немесе өзге нысанда беру кезінде қосылған құн салығы импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, ЕАЭО-ның кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде төленуге жатады; 

     7) Ұлттық Банк, екінші деңгейдегі банк немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы-заңды тұлға импорттайтын инвестициялық алтынды; 

     8) тіркеуші органда тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттарды импорттау қосылған құн салығынан босатылады. 

     Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді; 

     9) мынадай шарттар сақталған кезде: 

     көлік құралдарын өндірушілерге қатысты – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім немесе көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса; 

     ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге қатысты – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса; 

     құрауыштарды өндірушілерге қатысты – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрауыштарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын арнаулы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнаулы инвестициялық келісімшарт шеңберінде заңды тұлға еркін қойма немесе "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағының еркін кедендік аймағы кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізатты және (немесе) материалдарды, сондай-ақ олардың құрауыштарын; 

     10) өңделмеген бағалы металдар, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын импорттау, егер: 

     оларды "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесіне енгізілген заңды тұлға әкелсе; 

     олар Ұлттық Банкке өткізу үшін аффинирленген алтынды өндіру кезінде ғана пайдаланылса; 

     11) бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде: 

     тауарлар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен, импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесіне енгізілсе; 11-тармақша 1 бөлігі 2029 жыл 1 қаңтарға дейін қолданылады 

     тауарларды әкелу ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес құжаттармен ресімделсе; 

     тауарлар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдалану мақсатында ғана әкелінсе, "Aстана Хаб" қатысушылары болып табылатын салық төлеушілер әкелген тауарларды;   

     12) "Дамуға ресми көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дамуға ресми көмек бағдарламасы шеңберінде дамуға ресми көмек саласындағы оператор әкелген тауарларды; 

     13) акцизделетіндерді қоспағанда, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келетін гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарларды импорттау қосылған құн салығынан босатылады. 

     Осы тармақшада көрсетілген тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін мыналар ұсынылады: 

     тауарды өтеусіз негізде әкелу мақсаты көрсетіле отырып, тауарды әкелу туралы ақпаратты қамтитын тауарға ілеспе құжаттар; 

     шеңберінде тауарларды өтеусіз негізде әкелу жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың (бар болса) көшірмесі; 

     тауардың гуманитарлық көмек ретінде жіберілгенін куәландыратын, тауарды жөнелтушінің құжаты (оның ішінде шет тілінде жасалған) немесе дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің немесе консулдық мекемелердің немесе халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің тауарды өтеусіз негізде әкелу мақсаты көрсетіле отырып, тауарды гуманитарлық көмек ретінде әкелу туралы растауы; 

     14) акцизделетіндерді қоспағанда, қайырымдылық көмек көрсету, техникалық жәрдем көрсету мақсатында мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша әкелінетін тауарларды импорттау қосылған құн салығынан босатылады. 

     Осы тармақшада көрсетілген тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін мыналар ұсынылады: 

     тауарды өтеусіз негізде әкелу мақсаты көрсетіле отырып, тауарды әкелу туралы ақпаратты қамтитын тауарға ілеспе құжат; 

     шеңберінде тауарларды өтеусіз негізде әкелу жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың (бар болса) көшірмесі; 

     тауарды жөнелтуші жасаған, тауарды өтеусіз негізде әкелу мақсаты көрсетіле отырып, тауарларды өтеусіз беру фактісін растайтын құжат; 

     орындалуы үшін берілетін тауарлар техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісімшарттың) көшірмесі; 

     15) мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері және халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарларды импорттау қосылған құн салығынан босатылады. 

     Осы тармақшада көрсетілген тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін мыналар ұсынылады: 

     шет мемлекетпен (немесе мемлекеттермен) не халықаралық ұйыммен жасалған Қазақстан Республикасы халықаралық шартының (бар болса) көшірмесі; 

     халықаралық ұйым халықаралық шарт жасаспай грант берген жағдайда – мұндай халықаралық ұйымның өзі берген гранттың қаражаты есебінен тауарларды импорттау туралы растауы; 

     тауарды әкелу туралы ақпаратты және халықаралық шартқа (ол болған кезде) сілтемелерді қамтитын тауарға ілеспе құжаттар; 

     бенефициардың (грант алушының) әкелінетін тауар туралы растауы; 

     16) бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде: 

     технологиялық жабдықтың, оған жиынтықтауыш және қосалқы бөлшектердің тізбесі жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыретті органмен жасалған пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімде белгіленсе; 

     технологиялық жабдықты, оған жиынтықтауыш және қосалқы бөлшектерді әкелу ЕАЭО-ның кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттармен ресімделсе; 

     қосылған құн салығын төлеуші әкелінген технологиялық жабдықты, оған жиынтықтауыш және қосалқы бөлшектерді талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім шеңберінде қызметті жүзеге асыру кезінде ғана пайдаланса, пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім шеңберінде технологиялық жабдықты, оған жиынтықтауыш және қосалқы бөлшектерді импорттау қосылған құн салығынан босатылады. 

     Технологиялық жабдық пен оған жиынтықтауыштарды импорттау кезінде қосылған құн салығынан босату пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімнің қолданылу мерзіміне, бірақ пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім тіркелген кезден бастап бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі; 

     17) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды импорттау қосылған құн салығынан босатылады. 

     Осы тармақшада көрсетілген дәрілік заттардың тізбесін, сондай-ақ оларды импорттау кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді; 

     18) әуе тасымалын жасау кезінде әуе кемесі пайдаланатын жанар-жағармай материалдарын импорттау қосылған құн салығынан босатылады. 

     Осы тармақта көрсетілген тауарлар бойынша тауарға ілеспе құжаттардың орнына өтеусіз негізде әкелінетін тауардың мақсаты көрсетіле отырып, тауарды әкелу туралы дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің немесе консулдық мекемелердің растауы ұсынылады. 

     Осы тармақта көрсетілген тауарлар қосылған құн салығынан босату соларға сәйкес берілген мақсаттарда пайдаланылады. Көрсетілген тауарлар өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы олар әкелінген кезде ЕАЭО-ның кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады. 

     2. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын арнаулы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органмен арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлға мынадай шарттар сақталған кезде: 

     1) тауарлар еркін кедендік аймақ немесе еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылса; 

     2) еркін кедендік аймақ немесе еркін қойма кедендік рәсімі ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен аяқталса; 

     3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес дайын өнім құрамындағы тауарларды сәйкестендіру жүзеге асырылса, арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын төлеуден босатуды қолдануға құқылы.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

479-бап. Импортталатын акцизделетiн тауарлардың салықтық базасы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша салықтық база импортталатын акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі, саны ретінде айқындалады. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

130-бап. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексі

130-бап. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексі...

Толық оқу »

131-бап. Дипломатиялық өкілдіктерге және олардың персоналына салықты қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексі

131-бап. Дипломатиялық өкілдіктерге және олардың персоналына салықты қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мыналарға:     1) дипломатиялық өкілдіктерге;     2...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттау және импорттау кезiнде қосылған құн салығын алудың принциптерi туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттау және импорттау кезiнде қосылған құн салығын алу...

Толық оқу »

Қосылған құн салығы (ҚҚС)

Қосылған құн салығы (ҚҚС)Жүргізілген жалпылау көрсеткендей, талданатын кезеңде соттар ҚҚС асып кетуін қайтару мәселелері бойынша даулардың аз санын қарады. Жекелеген жағдайлар...

Толық оқу »

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы2025 жылғы 04 наурыздағы №6001-24-00-6ап/1670Талапкер: "мен"ЖШСЖауапкер: "Мемлек...

Толық оқу »

99-бап. Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне қою жөніндегі жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі

99-бап. Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне қою жөніндегі жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Қосылған құн салығын (бұдан әрі осы параграфт...

Толық оқу »

Мемлекеттік кірістер басқармасы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы

Мемлекеттік кірістер басқармасы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы2025 жылғы 04 наурыздағы №6001-24-00-6ап/1670Тал...

Толық оқу »

839-бап. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттың шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату жөніндегі талаптарын сақтау Қазақстан Республикасының Салық кодексі

839-бап. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттың шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату жөніндегі талаптарын сақтау...

Толық оқу »

Қосылған құн салығын қайтару міндетін жүктеу туралы, тексеру нәтижелері туралы хабарламаның бөлігінде заңсыз деп тану және күшін жою туралы

Қосылған құн салығын қайтару міндетін жүктеу туралы, тексеру нәтижелері туралы хабарламаның бөлігінде заңсыз деп тану және күшін жою туралы2025 жылғы 04 наурыздағы №6001-24-00...

Толық оқу »

125-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың жалпы ережелері Налогового Кодекса Республики Казахстан

125-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың жалпы ережелері Налогового Кодекса Республики Казахстан     1. Осы параграфтың мақсаттары үшін қосылған құн салығы...

Толық оқу »

134-бап. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту Қазақстан Республикасының Салық кодексі

134-бап. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

166-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

166-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     ...

Толық оқу »

509-бап. Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу Налогового Кодекса Республики Казахстан

509-бап. Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу Налогового Кодекс...

Толық оқу »

529-бап. Комиссия (тапсырма) шарттары бойынша тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

529-бап. Комиссия (тапсырма) шарттары бойынша тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде қосылған құн салығын есе...

Толық оқу »

208-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

208-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Осы тармақта белгіленген жағдайларда мына қосылған құн с...

Толық оқу »

209-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

209-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салық төлеуші шот-фактураны қағаз ж...

Толық оқу »

259-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығын шегеруі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

259-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығын шегеруі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Осы бап қосылған құн салығын төлеушіні салық төлеушілер...

Толық оқу »

300-бап. Қосылған құн салығы шегерімінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

300-бап. Қосылған құн салығы шегерімінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Егер корпоративтік табыс салығын төлеуші жай серіктестік (консорциум) құрамы...

Толық оқу »

402-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

402-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі       1. М...

Толық оқу »

474-бап. Қосылған құн салығынан босатылған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

474-бап. Қосылған құн салығынан босатылған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі      Өткізу орны...

Толық оқу »

477-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын, қаржылық операцияларды өткізу бойынша айналымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

477-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын, қаржылық операцияларды өткізу бойынша айналымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Осы баптың 2-тармағында көзделген...

Толық оқу »

485-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомаларын міндеттемелерді есептен шығару кезінде күмәнді міндеттемелер бойынша түзету Қазақстан Республикасының Салық кодексі

485-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомаларын міндеттемелерді есептен шығару кезінде күмәнді міндеттемелер бойынша түзету Қазақстан Республикасының Салық кодек...

Толық оқу »

827-бап. Жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

827-бап. Жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан...

Толық оқу »

481-бап. Қосылған құн салығын есепке жатқызу күні Қазақстан Республикасының Салық кодексі

481-бап. Қосылған құн салығын есепке жатқызу күні Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқыз...

Толық оқу »

484-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету Қазақстан Республикасының Салық кодексі

484-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Осы бапта және осы Кодекстің 485-бабында белгіленген жағдайл...

Толық оқу »

490-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы Қазақстан Республикасының Салық кодексі

490-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мынадай тұлғалар қосылған құн салығының қосымша сомасын есепк...

Толық оқу »

507-бап. Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

507-бап. Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосылған құн салығы...

Толық оқу »

487-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын айқындау әдістері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

487-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын айқындау әдістері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше...

Толық оқу »

486-бап. Түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық кодексі

486-бап. Түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құ...

Толық оқу »

480-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық кодексі

480-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын, салық төлеушілер базасында тіркел...

Толық оқу »

489-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

489-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Есе...

Толық оқу »

503-бап. Қосылған құн салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

503-бап. Қосылған құн салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығының мөлшерлемесі 16 пайызд...

Толық оқу »

506-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

506-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Қосылған құн салығы бюджетке салық төлеушінің тұрған жерінде мынадай мерзімдерде:   ...

Толық оқу »

508-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу Қазақстан Республикасының Салық кодексі

508-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімі...

Толық оқу »

482-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық кодексі

482-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Осы Кодекстің 484-бабының 6-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Код...

Толық оқу »

510-бап. Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара қатынас Налогового Кодекса Республики Казахстан

510-бап. Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара қатынас Налогового Кодекса Республики Казахстан     1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепті салықтық к...

Толық оқу »

530-бап. ЕАЭО-да тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

530-бап. ЕАЭО-да тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбе...

Толық оқу »

483-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасынан алып тастау Қазақстан Республикасының Салық кодексі

483-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасынан алып тастау Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Бұрын есепке жатқызылатын қосылған құн салығы деп таны...

Толық оқу »

525-бап. Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығынан босатылған айналымдар мен импорт Қазақстан Республикасының Салық кодексі

525-бап. Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығынан босатылған айналымдар мен импорт Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мыналарды өткізу бойынша айналы...

Толық оқу »

488-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын пропорционалды әдіспен айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

488-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын пропорционалды әдіспен айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Пропорционалды...

Толық оқу »

492-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің шот-фактура жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

492-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің шот-фактура жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Шот-фактура электрондық нысанда жазып...

Толық оқу »

528-бап. Тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

528-бап. Тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Егер тауарларды Қазақстан Республ...

Толық оқу »

512-бап. ЕАЭО-да қосылған құн салығын төлеушілер Налогового Кодекса Республики Казахстан

512-бап. ЕАЭО-да қосылған құн салығын төлеушілер Налогового Кодекса Республики Казахстан     Мыналар ЕАЭО-да қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:     1) осы Кодекст...

Толық оқу »

526-бап. ЕАЭО-да қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

526-бап. ЕАЭО-да қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы...

Толық оқу »

531-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

531-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салық төлеу...

Толық оқу »