Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 529-бап. Комиссия (тапсырма) шарттары бойынша тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

529-бап. Комиссия (тапсырма) шарттары бойынша тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

529-бап. Комиссия (тапсырма) шарттары бойынша тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Комиссионер (сенім білдірілген өкіл) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына комиссия (тапсырма) шарттары негізінде әкелген кезде импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын есептеу және бюджетке аудару жөніндегі міндет комиссионерге (сенім білдірілген өкілге) жүктеледі. 

     Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген қосылған құн салығының сомаларын осындай тауарларды сатып алушы комиссионер (сенім білдірілген өкіл) сатып алушының атына жазып берген шот-фактураның, сондай-ақ осы Кодекстің 530-бабының 7-тармағында көзделген, салық органының белгісі бар, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш көшірмесінің негізінде есепке жатқызуға тиіс. 

     2. Комиссионердің өз атынан және комитент есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтерді көрсетуі комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды. 

     3. Сенім білдірілген өкілдің сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтерді көрсетуі сенім білдірілген өкілдің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды. 

     4. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық төлеушісі – комитент (сенім білдіруші) пен Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізетін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – комиссионер (сенім білдірілген өкіл) арасында жасалған комиссия (тапсырма) шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар бойынша шот-фактураларды жазып беруді комиссионер (сенім білдірілген өкіл) жүзеге асырады. Бұл ретте шот-фактура өнім берушінің "комиссионер" ("сенім білдірілген өкіл") деген мәртебесін көрсете отырып жазып беріледі. 

     Комиссионер (сенім білдірілген өкіл) сатып алушыға жазып беретін шот-фактурада осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағында белгіленген деректемелер, тауарлардың қосылған құн салығын есепке алмағандағы құны, сондай-ақ шот-фактураға қоса берілетін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нөмірі мен күні көрсетілуге тиіс. 

     Импортталатын тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада бөлек жолмен бөліп көрсетіледі. 

     Мұндай шот-фактураға комиссионерден (сенім білдірілген өкілден) алынған, тауарларды импорттаған кезде комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі қоса беріледі. 

     Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын комиссионер (сенім білдірілген өкіл) есепке жатқызбайды. 

     5. Импортталған тауарларды комиссионер (сенім білдірілген өкіл) есепке қабылдаған күн комиссия (тапсырма) шарттары негізінде тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде салық салынатын импорттың жасалған күні болып табылады. 

     Осы тармақтың мақсаттары үшін комитент (сенім білдіруші) комиссионердің (сенім білдірілген өкілдің) атына жасаған тауарлардың берілгенін растайтын бастапқы құжаттың күні есепке қабылдаған күн болып табылады. 

     6. Комиссия (тапсырма) шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде комиссионердің (сенім білдірілген өкілдің) салық салынатын айналымының мөлшері комиссия (тапсырма) шарты бойынша сыйақы негізінде айқындалады.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

529-бап. Салықтық база Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша айқындайтын салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салықтық база болып табылады, бұл мынадай тәртіппен айқындалады:  

      Қ = Қ б х S х К физ х К функц х К айм х К аек. өзг, мұнда: 

      Қ – салық салу мақсаттарына арналған мүлік құны; 

      Қ б – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны; 

      S – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы; 

      К физ – физикалық тозу коэффициенті; 

      К функц – функционалдық тозу коэффициенті; 

      К айм – аймаққа бөлу коэффициенті; 

      К аек. өзг – айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті. 

      2. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады: 

Р/с № Елді мекеннің санаты Базалық құны теңгемен 

 

 

Қалалар: 

 

 

1. Алматы 60 000 
2. Шымкент 60 000 
3. Астана 60 000 
4. Ақтау 36 000 
5. Ақтөбе 36 000 
6. Атырау 36 000 
7. Жезқазған 36 000 
8. Көкшетау 36 000 
9. Қарағанды 36 000 
10. Қонаев 36 000 
11. Қостанай 36 000 
12. Қызылорда 36 000 
13. Орал 36 000 
14. Өскемен 36 000 
15. Павлодар 36 000 
16. Петропавл 36 000 
17. Семей 36 000 
18. Талдықорған 36 000 
19. Тараз 36 000 
20. Түркістан 36 000 
21. Облыстық маңызы бар қалалар 12 000 
22. Аудандық маңызы бар қалалар 6 000 
23. Кенттер 4 200 
24. Ауылдар 2 700 

      Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық обьектілер сыныптауышына сәйкес айқындалады. 

      3. Көппәтерлі тұрғын үйдегі және жеке мақсаттарда пайдаланылатын қойманың, тұрғынжайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, астыңғы қабатының, жертөлесінің, гараждың, орынтұрақ орнының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша айқындайтын құны осындай объект бойынша салықтық база болып табылады, бұл мынадай формуламен есептеледі: 

      Қ = Қ б x S x К физ х К аек. өзг х K айм, мұнда: 

      Қ – салық салу мақсаттарына арналған құн; 

      Қ б – осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құннан мынадай мөлшерде айқындалатын бір шаршы метрдің базалық құны: 

      көппәтерлі тұрғын үйдегі және жеке мақсаттарда пайдаланылатын қойма, тұрғынжайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, астыңғы қабаты, жертөлесі бойынша – 25 пайыз, 

      гараж, орынтұрақ орны бойынша – 15 пайыз; 

      S – тұрғынжайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, астыңғы қабатының, жертөлесінің, гараждың шаршы метрмен көрсетілетін жалпы алаңы, 

      К физ – осы баптың 4-тармағында айқындалған тәртіппен белгіленген физикалық тозу коэффициенті; 

      К аек. өзг – осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті; 

      К айм – осы баптың 6-тармағында айқындалған тәртіппен белгіленген аймаққа бөлу коэффициенті. 

      4. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының физикалық тозу коэффициенті амортизация нормалары және мына формула бойынша тиімді пайдаланылған мерзімі ескеріле отырып айқындалады: 

      К физ = 1 - Т физ, мұнда: 

      Т физ – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы.  

      Физикалық тозу мына формула бойынша айқындалады:  

      Т физ = (Т баз - Т беру) х Н аморт/100, мұнда:  

      Т баз – салық есепке жазылған жыл; 

      Т беру – салық салу объектісінің пайдалануға берілген жылы;  

      Н аморт – амортизация нормасы. 

      Ғимараттың сипаттамасына қарай физикалық тозуын айқындаған кезде мынадай амортизация нормалары қолданылады: 

Р/с 

№ 

Күрделілік тобы Ғимараттың сипаттамасы Н аморт, % Қызмет ету мерзімі 
1. 1. Тас, ерекше күрделі, қабырғаларының қалыңдығы 2,5-тен артық кірпіштен қаланған кірпіш немесе темір-бетон немесе металл қаңқасы бар кірпіш, жабындары темір-бетон және бетон ғимараттар; қабырғалары ірі панельді, жабындары темір-бетон ғимараттар 0,7 143 
2. 2. Қабырғаларының қалыңдығы 1,5-2,5 кірпіштен қаланған кірпіш, жабындары темір-бетон, бетон немесе ағаш ғимараттар; қабырғалары ірі блокты, жабындары темір-бетон ғимараттар 0,8 125 
3. 3. Қабырғалары кірпіштен, монолитті шлак-бетоннан, жеңіл шлак-блоктардан, ұлутастардан жеңіл қаланған, жабындары темір-бетон немесе бетон ғимараттар; қабырғалары ірі блокты немесе кірпіштен жеңіл қаланған, монолитті шлак-бетон, ұсақ шлак-блок ғимараттар 1,0 100 
4. 4. Аралас, кесілген ағаштан жасалған немесе төсемтас қабырғалары бар ғимараттар 2,0 50 
5. 5. Шитіден жасалған, жиналмалы-қалқанды, құйма қаңқалы, балшықтан соғылған, саман ғимараттар 3,3 30 
6. 6. Қамыс қаңқалы және басқа да жеңілдетілген ғимараттар 6,6 15 

      Егер тұрғынжайдың, саяжай құрылысының тас немесе тіреу панельдерінің физикалық тозуы 70 пайыздан, өзге материалдардың тозуы 65 пайыздан асып кетсе, онда физикалық тозу коэффициенті 0,2-ге тең деп қабылданады. 

      5. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының сапасына қойылатын талаптардың өзгеруін ескеретін физикалық тозу коэффициенті (К функц) мына формула бойынша есептеледі: 

      К функц = К қабат х К бұрыш. х К қабырғ. мат х К абат. х К жылыт, мұнда: 

      К қабат – тұрғынжайдың орналасу қабатына қарай базалық құнның өзгеруін ескеретін коэффициент; 

      К бұрыш – тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуын ескеретін коэффициент; 

      К қабырғ.мат – қабырғалардың материалын ескеретін коэффициент; 

      К абат. – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының абаттандырылуы мен оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейін ескеретін коэффициент; 

      К жылыт – жылыту түрін ескеретін коэффициент. 

      Қабатына қарай қабаттың мынадай түзету коэффициенттері қолданылады (К қабат): 

Р/с № Қабаты Кқабат 
1. Бірінші 0,95 
2. Аралық немесе жеке тұрғын үй 1,00 
3. Соңғы 0,9 

      Биіктігі үш қабаттан аспайтын көппәтерлі тұрғын ғимараттар үшін кез келген қабат үшін қабат коэффициенті 1-ге тең деп алынады. 

      Тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуына қарай мынадай түзету коэффициенттері (Кбұрыш) қолданылады: 

Р/с 

№ 

Тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуы К бұрыш 
1. Бұрышта орналасқан 0,95 
2. Бұрышта орналаспаған немесе жеке тұрғын үй 1,0 

      Қабырғаларының материалына қарай мынадай түзету коэффициенттері (К қаб. мат) қолданылады: 

Р/с 

№ 

Қабырғаларының материалы Коэффициент 
1. Кірпіштен 1,1 
2. Керамзит-бетон блоктардан құрама 1,0 
3. Керамзит-бетон блоктардан құрама, кірпішпен қапталған 1,05 
4. Темір-бетон панельдер 1,0 
5. Темір-бетон панельдерден,кірпішпен қапталған 1,05 
6. Балшықтан соғылған саман 0,5 
7. Саман, сыртынан 0,5 кірпішпен қапталған 0,6 
8. Монолитті шлак-бетон 0,7 
9. Темір-бетон блоктардан 1,0 
10. Жиналмалы-қалқанды 0,6 
11. Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпішпен қапталған 0,75 
12. Кесілген ағаштан 0,85 
13. Шпалдан 0,75 
14. Шпалдан, кірпішпен қапталған 0,95 
15. Қамыс қаңқалы 0,6 
16. Өзгелері 1,0 

      Тұрғынжайды, саяжай құрылысын барлық тиісті инженерлік жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету кезінде абаттандырудың түзету коэффициенті (К абат) 1-ге тең деп алынады.  

      Адамдардың тұруына (тұрмысына), болуына нормативтік не жайлы жағдайлар жасайтын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәріз, басқа абаттандыру түрлері) болмаған жағдайда К абат 0,8-ге тең деп алынады.  

      Жылыту түріне қарай жылытудың мынадай түзету коэффициенттері (К жылыт) қолданылады: 

Р/с 

№ 

Жылыту түрлері К жылыт 
1. Орталықтан жылыту 1,0 
2. Газбен немесе мазутпен жергілікті жылыту 0,98 
3. Қатты отынды қолданып, сумен жергілікті жылыту  0,95 
4. Пешпен жылыту 0,9 

      6. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) жергіліктi атқарушы органдар осындай коэффициент енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмейтін мерзімде аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес бекітеді және ол бекітілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Бекітілген аймаққа бөлу коэффициенттері ресми жариялануға тиіс. 

      Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді. 

      7. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті (бұдан әрі – К аек. өзг) мынадай формула бойынша айқындалады: 

      К аек. өзг = ағ. ж. аек/алдың ж. аек.,  

      мұнда: 

      ағ. ж. аек – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш; 

      алдың ж. аек – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш. 

      8. Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, астыңғы қабаты, жертөлесі, гараж тұрғынжайдың бір бөлігі болып табылған жағдайда, салықтық базаны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы осы бапқа сәйкес есептелетін осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде айқындайды. 

      9. Бір жеке тұлға бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші болып табылатын жағдайда салықтық база әрбір объект бойынша жеке-жеке есептеледі. 

      10. Осы Кодекстің 528-бабының 2) тармақшасында көрсетілген жер учаскелері бойынша жер учаскесінің және (немесе) жер үлесінің алаңы салықтық база болып табылады. 

      Ескерту. 529-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

130-бап. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексі

130-бап. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексі...

Толық оқу »

131-бап. Дипломатиялық өкілдіктерге және олардың персоналына салықты қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексі

131-бап. Дипломатиялық өкілдіктерге және олардың персоналына салықты қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мыналарға:     1) дипломатиялық өкілдіктерге;     2...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттау және импорттау кезiнде қосылған құн салығын алудың принциптерi туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттау және импорттау кезiнде қосылған құн салығын алу...

Толық оқу »

Қосылған құн салығы (ҚҚС)

Қосылған құн салығы (ҚҚС)Жүргізілген жалпылау көрсеткендей, талданатын кезеңде соттар ҚҚС асып кетуін қайтару мәселелері бойынша даулардың аз санын қарады. Жекелеген жағдайлар...

Толық оқу »

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы2025 жылғы 04 наурыздағы №6001-24-00-6ап/1670Талапкер: "мен"ЖШСЖауапкер: "Мемлек...

Толық оқу »

99-бап. Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне қою жөніндегі жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі

99-бап. Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне қою жөніндегі жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Қосылған құн салығын (бұдан әрі осы параграфт...

Толық оқу »

Мемлекеттік кірістер басқармасы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы

Мемлекеттік кірістер басқармасы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы2025 жылғы 04 наурыздағы №6001-24-00-6ап/1670Тал...

Толық оқу »

839-бап. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттың шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату жөніндегі талаптарын сақтау Қазақстан Республикасының Салық кодексі

839-бап. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттың шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату жөніндегі талаптарын сақтау...

Толық оқу »

Қосылған құн салығын қайтару міндетін жүктеу туралы, тексеру нәтижелері туралы хабарламаның бөлігінде заңсыз деп тану және күшін жою туралы

Қосылған құн салығын қайтару міндетін жүктеу туралы, тексеру нәтижелері туралы хабарламаның бөлігінде заңсыз деп тану және күшін жою туралы2025 жылғы 04 наурыздағы №6001-24-00...

Толық оқу »

125-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың жалпы ережелері Налогового Кодекса Республики Казахстан

125-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың жалпы ережелері Налогового Кодекса Республики Казахстан     1. Осы параграфтың мақсаттары үшін қосылған құн салығы...

Толық оқу »

134-бап. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту Қазақстан Республикасының Салық кодексі

134-бап. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

166-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

166-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     ...

Толық оқу »

509-бап. Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу Налогового Кодекса Республики Казахстан

509-бап. Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу Налогового Кодекс...

Толық оқу »

208-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

208-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Осы тармақта белгіленген жағдайларда мына қосылған құн с...

Толық оқу »

209-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

209-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салық төлеуші шот-фактураны қағаз ж...

Толық оқу »

259-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығын шегеруі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

259-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығын шегеруі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Осы бап қосылған құн салығын төлеушіні салық төлеушілер...

Толық оқу »

300-бап. Қосылған құн салығы шегерімінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

300-бап. Қосылған құн салығы шегерімінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Егер корпоративтік табыс салығын төлеуші жай серіктестік (консорциум) құрамы...

Толық оқу »

402-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

402-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі       1. М...

Толық оқу »

474-бап. Қосылған құн салығынан босатылған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

474-бап. Қосылған құн салығынан босатылған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі      Өткізу орны...

Толық оқу »

477-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын, қаржылық операцияларды өткізу бойынша айналымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

477-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын, қаржылық операцияларды өткізу бойынша айналымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Осы баптың 2-тармағында көзделген...

Толық оқу »

485-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомаларын міндеттемелерді есептен шығару кезінде күмәнді міндеттемелер бойынша түзету Қазақстан Республикасының Салық кодексі

485-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомаларын міндеттемелерді есептен шығару кезінде күмәнді міндеттемелер бойынша түзету Қазақстан Республикасының Салық кодек...

Толық оқу »

827-бап. Жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

827-бап. Жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан...

Толық оқу »

479-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт Қазақстан Республикасының Салық кодексі

479-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мыналарды:     1) ұлттық және шетел валютасы банкноттары мен монеталарын (мә...

Толық оқу »

481-бап. Қосылған құн салығын есепке жатқызу күні Қазақстан Республикасының Салық кодексі

481-бап. Қосылған құн салығын есепке жатқызу күні Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқыз...

Толық оқу »

484-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету Қазақстан Республикасының Салық кодексі

484-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Осы бапта және осы Кодекстің 485-бабында белгіленген жағдайл...

Толық оқу »

490-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы Қазақстан Республикасының Салық кодексі

490-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мынадай тұлғалар қосылған құн салығының қосымша сомасын есепк...

Толық оқу »

507-бап. Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

507-бап. Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосылған құн салығы...

Толық оқу »

487-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын айқындау әдістері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

487-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын айқындау әдістері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше...

Толық оқу »

486-бап. Түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық кодексі

486-бап. Түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құ...

Толық оқу »

480-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық кодексі

480-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын, салық төлеушілер базасында тіркел...

Толық оқу »

489-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

489-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Есе...

Толық оқу »

503-бап. Қосылған құн салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

503-бап. Қосылған құн салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығының мөлшерлемесі 16 пайызд...

Толық оқу »

506-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

506-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Қосылған құн салығы бюджетке салық төлеушінің тұрған жерінде мынадай мерзімдерде:   ...

Толық оқу »

508-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу Қазақстан Республикасының Салық кодексі

508-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімі...

Толық оқу »

482-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық кодексі

482-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Осы Кодекстің 484-бабының 6-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Код...

Толық оқу »

510-бап. Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара қатынас Налогового Кодекса Республики Казахстан

510-бап. Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара қатынас Налогового Кодекса Республики Казахстан     1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепті салықтық к...

Толық оқу »

530-бап. ЕАЭО-да тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

530-бап. ЕАЭО-да тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбе...

Толық оқу »

483-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасынан алып тастау Қазақстан Республикасының Салық кодексі

483-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасынан алып тастау Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Бұрын есепке жатқызылатын қосылған құн салығы деп таны...

Толық оқу »

525-бап. Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығынан босатылған айналымдар мен импорт Қазақстан Республикасының Салық кодексі

525-бап. Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығынан босатылған айналымдар мен импорт Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мыналарды өткізу бойынша айналы...

Толық оқу »

488-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын пропорционалды әдіспен айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

488-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын пропорционалды әдіспен айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Пропорционалды...

Толық оқу »

492-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің шот-фактура жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

492-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің шот-фактура жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Шот-фактура электрондық нысанда жазып...

Толық оқу »

528-бап. Тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

528-бап. Тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Егер тауарларды Қазақстан Республ...

Толық оқу »

512-бап. ЕАЭО-да қосылған құн салығын төлеушілер Налогового Кодекса Республики Казахстан

512-бап. ЕАЭО-да қосылған құн салығын төлеушілер Налогового Кодекса Республики Казахстан     Мыналар ЕАЭО-да қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:     1) осы Кодекст...

Толық оқу »

526-бап. ЕАЭО-да қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

526-бап. ЕАЭО-да қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы...

Толық оқу »

531-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

531-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салық төлеу...

Толық оқу »