525-бап. Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығынан босатылған айналымдар мен импорт Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Мыналарды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады:
1) егер Қазақстан Республикасы оларды өткізу орны болып табылса, осы Кодекстің 48-тарауында көрсетілген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;
2) Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды жөндеу бойынша, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, көрсетілетін қызметтер.
Осы Кодекстің 515-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар осы тармақшада көрсетілген қызметтердің көрсетілгенін растайтын құжаттар болып табылады.
Осы тармақшада көрсетілген қызметтердің тізбесін уәкілетті орган бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісіне көрсететін халықаралық байланыс қызметтері.
2. Мынадай:
1) осы Кодекстің 479-бабы 1-тармағының 1), 2), 4) – 8) және 10) – 18) тармақшаларында көзделген тауарларды импорттау қосылған құн салығынан босатылады.
ЕАЭО шеңберінде осы тармақшада көрсетілген тауарларды импорттауды қосылған құн салығынан босату тәртібін уәкілетті орган айқындайды;
2) шартта (келісімшартта) көзделген кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде импортталатын тауарларды импорттау қосылған құн салығынан босатылады.
Тауарды сатып алуға негіз болған, кепілдендірілген қызмет көрсетуді көздейтін шарт (келісімшарт), тауарға ілеспе құжаттар, шартқа (келісімшартқа) қатысушылар растаған кінә қою және ақаулық актісі кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде тауарларды импорттауды растау болып табылады;
3) мынадай шарттар сақталған кезде:
көлік құралдарын өндірушілерге қатысты – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім немесе көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса;
ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге қатысты – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса;
құрауыштарды өндірушілерге қатысты – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрауыштарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын арнаулы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнаулы инвестициялық келісімшарт шеңберінде заңды тұлға еркін қойма немесе "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы еркін кедендік аймағы кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізатты және (немесе) материалдарды, сондай-ақ олардың құрауыштарын импорттау қосылған құн салығынан босатылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағына бұрын әкелінген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес импорт бойынша қосылған құн салығынан босатылғаннан өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, мұндай тауарларды импорттау бойынша қосылған құн салығы тауарды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күніне төленуге жатады.
4. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – лизинг алушы ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің лизинг берушісіне лизинг шарты бойынша төлейтін сыйақы қосылған құн салығынан босатылады.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын арнаулы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органмен арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлға мынадай шарттар сақталған кезде:
1) тауарлар еркін кеден аймағы немесе еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылса;
2) еркін кеден аймағы немесе еркін қойма кедендік рәсімі ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен аяқталса;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес дайын өнім құрамындағы тауарларды сәйкестендіру жүзеге асырылса, арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын төлеуден босатуды қолдануға құқылы.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
525-бап. Салықтық есептілік Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар салық салу объектілері орналасқан жер бойынша салық органдарына салықтық кезеңнің басындағы жағдай бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ағымдағы салықтық кезеңнің 15 ақпанынан кешіктірмей салық бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынады.
2. Салық төлеуші ағымдағы төлемдерді кезекті (салықтық кезең ішінде) төлеу мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмейтін мерзімде:
ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін туындағандарды қоспағанда, салықтық кезең ішінде салықтық міндеттемелер туындаған кезде – ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын;
салықтық кезең ішінде салық бойынша салықтық міндеттемелер өзгерген кезде – ағымдағы төлемдердің мөлшерлерін тиісті түзетіп және оларды алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлестермен бөле отырып, ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабын ұсынады.
Бұл ретте ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы немесе ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабы ағымдағы төлемдерді төлеудің кезекті мерзімі басталған айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша, салықтық міндеттемелер туындаған немесе өзгертілген объектілер бойынша ұсынылады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салықтық міндеттемелер туындаған кезде салық төлеушілер ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынбайды.
3. Салық бойынша декларацияны салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмейтін мерзімде:
1) заңды тұлғалар;
2) дара кәсіпкерлер – кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша;
3) жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) – кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикаға байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ұсынады.
Ескерту. 525-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы