486-бап. Түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы салықтық кезең үшін мынадай тәртіппен есептеледі:
осы Кодекстің 480-бабына сәйкес айқындалған, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы
алу
осы Кодекстің 483, 484 және 485-баптарында көзделген, есепке жатқызылатын қосылған құн салығын азайту жағына қарай түзету сомасы
қосу
осы Кодекстің 484-бабының 3-тармағында және 485-бабының 2-тармағында көзделген, есепке жатқызылатын қосылған құн салығын ұлғайту жағына қарай түзету сомасы.
2. Осы бапқа сәйкес айқындалған, түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы теріс мәнге ие болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
486-бап. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Әлеуметтік салық сомасы осы Кодекстің 484-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 484-бабының 2-тармағында айқындалған салық салу объектісіне осы Кодекстің 485-бабының 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлемелерді қолдану арқылы айқындалады.
2. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 484-бабының 1-тармағында айқындалған әлеуметтік салық салу объектісіне осы Кодекстің 485-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы жүргізеді.
3. Бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы есептелген әлеуметтік салық пен Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдардың сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы есептелген әлеуметтік салықтың сомасынан асып кеткен немесе олардың сомалары тең болған кезде бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
4. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік салықты осы Кодекстің 709-бабының 9-тармағында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.
5. Мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган өз шешімімен өздерінің құрылымдық бөлімшелерінің және (немесе) аумақтық органдарының:
осындай мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аумақтық органдардың шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу және төлеу;
осындай мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аумақтық органдардың жұмыскерлеріне есепке жазылған, төленген, төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндетті бір мезгілде орындауын тануға құқылы.
6. Мемлекеттік мекемелер салықтық кезең үшін есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленген еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады.
7. Салықтық кезеңде осы баптың 6-тармағында көрсетілген төленген әлеуметтiк жәрдемақы сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кеткен сома келесі салықтық кезеңге ауыстырылады.
Ескерту. 486-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы