483-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасынан алып тастау Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Бұрын есепке жатқызылатын қосылған құн салығы деп танылған қосылған құн салығы мынадай жағдайларда:
1) шот-фактураны және (немесе) өзге де құжатты жазып беру әрекетін (әрекеттерін) сот жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп таныған немесе қылмыстық қудалау органының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулысында осындай деп танылған мәміле (операция) бойынша;
2) заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жарамсыз деп танылған мәміле бойынша;
3) қосылған құн салығын есепке жатқызуға негіз болып табылатын құжатта қате көрсетілген сома бөлігінде;
4) сот осындай салық төлеушіден тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің іс жүзінде алынғанын анықтаған мәмілелерді қоспағанда, заңды күшіне енген сот шешімімен анықталған, заңды тұлғаның тіркелуіне (қайта тіркелуіне) және (немесе) қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруына басшысының және (немесе) құрылтайшысының (қатысушысының) қатысы болмаған мұндай заңды тұлғаның іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған мәмілелер бойынша алып тастауға жатады.
2. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасынан осы бапта көзделген алып тастау ол үшін декларацияда қосылған құн салығы есепке жатқызылатын қосылған құн салығы ретінде танылған салықтық кезеңде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
483-бап. Арнаулы салық режимдерiн қолданатын төлеушілердің әлеуметтік салық бойынша салықты есептеу, төлеу және салықтық есептілік ұсыну ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Әлеуметтік салық бойынша салықты есептеуді, төлеуді және салықтық есептілікті ұсынуды арнаулы салық режимдерiн қолданатын төлеушілер:
1) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін – осы Кодекстің 78-тарауының ережелерін ескере отырып;
2) оңайлатылған декларация негізінде осы Кодекстің 687 – 689-баптарына сәйкес жүргізеді.
Осы Кодекстің 484 – 488-баптарының ережелерін осы баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген төлеушілер қолданбайды.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы