827-бап. Жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығы электрондық нысанда өткізілген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің құнына осы Кодекстің 503-бабының 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемесін қолдану арқылы есептеледі.
Жеке тұлғаларға электрондық нысанда өткізілген тауарлардың, көрсетілген қызметтердің шетел валютасындағы құны салық төлеу күнінің алдындағы соңғы күнтізбелік күнге белгіленген ресми валюта бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.
Шетелдік компания жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде есептелген қосылған құн салығын бюджетке әрбір тоқсан үшін, тауарларды өткізу, қызметтерді көрсету жүзеге асырылған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей төлеуге міндетті.
2. Осы бөлімнің мақсаттары үшін тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алушы төлемді жүзеге асырған күн жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасы және (немесе) электрондық нысанда қызметтер көрсету бойынша айналым жасалған күн болып табылады.
3. Қосылған құн салығының төленген сомалары осы бапқа сәйкес қайтарылуға жатпайды.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы