710-бап. Жекелеген жағдайларда шығыстарды пропорционалды бөлу әдісін қолдану кезінде бейрезидент-заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің деректерін түзету тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Бейрезидент-заңды тұлға тұрақты мекемеге шегерімге жатқызылуға жататын, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасын есептеу кезінде пайдаланылатын қаржылық есептілік деректерін мынадай жағдайларда:
Қазақстан Республикасында және осындай бейрезиденттің резиденттік елінде салықтық кезеңдердің ұзақтығына сәйкес болмаған;
көрсетілген салықтық кезеңдердің тең ұзақтығы кезінде Қазақстан Республикасында және осындай бейрезиденттің резиденттік елінде салықтық кезеңдердің басталу және аяқталу күндері сәйкес болмаған жағдайларда түзетуге міндетті.
Бейрезиденттің қаржылық есептілігінің деректерін түзету үшін түзеу коэффициенті (К) қолданылады, ол мұндай бейрезиденттің резиденттік еліндегі салықтық кезеңді Қазақстан Республикасындағы салықтық кезеңмен сәйкес келтіреді.
2. Коэффициент (К) Қазақстан Республикасындағы салықтық кезең шеңберіне кіретін, мұндай бейрезиденттің резиденттік еліндегі салықтық кезеңнің айлары санының бейрезиденттің резиденттік еліндегі салықтық кезең айларының санына арақатынасы ретінде айқындалады.
Егер Қазақстан Республикасындағы салықтық кезеңге екі салықтық кезең толық немесе ішінара кіретін болса, мұндай бейрезиденттің резиденттік елінде екі коэффициент (К1, К2) қолданылады.
3. Бейрезидент-заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің деректері мынадай түрде түзетіледі:
К1хҚЕ (РЕ)1 + К2хҚЕ(РЕ)2,
мұндағы К1 = СК (РЕ)1/СК (РЕ)3; К2 = СК (РЕ)2/СК (РЕ)3,
бұл ретте:
СК (РЕ)1 – бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы салықтық кезеңге кіретін, резиденттік еліндегі бір салықтық кезең айларының саны;
СК (РЕ)2 – бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы салықтық кезеңге кіретін, резиденттік еліндегі басқа салықтық кезең айларының саны;
СК (РЕ)3 – бейрезиденттің резиденттік еліндегі салықтық кезең айларының жалпы саны;
ҚЕ (РЕ)1 – бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы салықтық кезеңге кіретін, резиденттік еліндегі бір салықтық кезең үшін бейрезиденттің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігі;
ҚЕ (РЕ)2 – бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы салықтық кезеңге кіретін, резиденттік еліндегі басқа салықтық кезең үшін бейрезиденттің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігі.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
710-бап. Салықтық кезең және салықтық есептілік Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Салықтық кезең, салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық есептілікті ұсынудың тәртібі мен мерзімдері осы Кодекске сәйкес айқындалады.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы