31-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi, прекурсорларды тәркiлеу Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң
1. Заңсыз айналымдағы есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар, оларды заңсыз әзiрлеуге пайдаланылатын заттар, аспаптар мен жабдықтар, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлардың заңсыз айналымына пайдаланылатын мүлiк пен ақша қаражатын не олардың заңсыз айналымы нәтижесiнде алынған табыс тәркiленуге және заңда белгiленген тәртiппен мемлекет кiрiсiне алынуға тиiс.
2. Заңсыз айналымда пайдаланылған, тәркiлеуге жататын, заңды айналымда әрi қарай қолдану соттың шешiмi бойынша жөнсiз деп танылған есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар, сондай-ақ оларды әзiрлеуге арналған заттар, аспаптар мен жабдықтар заңда белгiленген тәртiппен жойылуға тиiс.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 Заңы.
Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы