62-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру принциптері Мемлекеттік мүлік туралы Заңы
1. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі мүлікті иеліктен шығарудың ерекше жағдайы болып табылады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мүлікті иеліктен шығарудың барлық өзге де ықтимал жағдайларын пайдалану мүмкін болмаған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Мемлекет мұқтажын қанағаттандырудың өзге (балама) тәсілі болған кезде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жол берілмейді.
3. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың коммерциялық мақсаттарын және мемлекеттік емес мүдделерді қанағаттандыру мақсаттарын көздейтін мүлікті кез келген иеліктен шығару не мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру мақсатынан туындамайтын және қоғамдық маңызды мақсаттарды көздемейтін мүлікті өзге де иеліктен шығару мүлікті мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару болып танылмайды. Бұл жағдайларда мүлікті иеліктен шығаруға мүліктің меншік иесі мен коммерциялық мақсаттарды көздейтін тұлға арасындағы келісім бойынша олардың арасында жасалған мүлікті сатып алу-сату шарты негізінде жол беріледі.
4. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға мемлекет мұқтажын қанағаттандыру үшін қаншалықты қажет болса, сондай көлемде ғана жол беріледі.
5. Осы баптың ережелерін орындамау жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудан соттың бас тартуы және осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулының күшін жою үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.
Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы