51-бап. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет мұқтажы үшін алып қою Орман кодексі Қазақстан Республикасының
1. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыруды және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет мұқтажы үшін алып қоюды Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады.
1-1. Мемлекеттік орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыруға айрықша жағдайларда орман орналастыру және жерге орналастыру материалдары негізінде Қазақстан Республикасының орман және жер заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде және:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге;
2) халықаралық міндеттемелерді орындауға;
3) кен орны учаскесінің астынан пайдалы қазбалар табылып, оларды игерудің баламалы нұсқалары болмауына;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 4) тармақшаның қолданысы 31.12.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданыста болады – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII Заңымен.
4) халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен теміржолдарды, белгіленген қуаты қоса алғанда 100 МВт-қа дейінгі гидроэлектр станцияларын, электр беру желілерін, байланыс желілерін және магистральдық құбыржолдарды салуға;
5) елді мекендердің шекарасы (шегі) өзгеріп, оларды ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмауына;
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілері мен қорғаныс мұқтаждарына арналған объектілерді жайластыруға;
7) стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды орналастырудың мүмкін болатын басқа нұсқалары болмаған кезде осындай құрылысжайларды салуға және олардың жұмыс істеуіне байланысты ғана жол беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда орман қорының жері ауыстырылған кезде пайдасына учаске ауыстырылатын тұлғалар ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын өтемдік отырғызуды және мемлекеттік орман қорының құрамына ауыстыру үшін мемлекеттік орман иеленушіге өтемақы тәртібімен тиісті жергілікті атқарушы органдар берген жер учаскелерінде оларды отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы орман дақылдарына күтім жасауды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстырған және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет мұқтаждығы үшін алып қойған кезде, көрсетілген ауыстыруды және (немесе) алып қоюды өз мүддесi үшiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасылар мен шығындардың орнын толтырады.
3. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты eмec мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстырған және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет мұқтажы үшін алып қойған кезде осы жерлердегi екпелердi сақтау немесе кесу туралы және кесiлген жағдайда алынатын сүректі пайдалану туралы мәселе бiр мезгiлде шешiледi.
2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы