63-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы және тоқтатылуы Мемлекеттік мүлік туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабында көзделген айрықша жағдайларда және тәртіппен жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысы қабылданады.
2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулыда:
1) мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың мақсаты мен негіздері;
2) жер учаскесінің орналасқан жері, алаңы, кадастрлық нөмірі;
3) мүліктің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы;
4) мәжбүрлеп иеліктен шығару күні көрсетіледі, бірақ ол бұл қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан ерте болмауға тиіс;
5) келісім рәсімдерін жүзеге асыру асыру үшін меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жүгінетін орны көрсетіледі.
Егер көрсетілген қаулыға осы тармақтың 2) және 4) тармақшалары бөлігінде өзгерістер енгізілген жағдайда, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі бұл қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жарияланған күннен бастап қайтадан жүзеге асырылады.
Көрсетілген қаулы, қажет болған жағдайда, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты өзге де мәліметтерді қамтуы мүмкін.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдау, жоғары тұрған атқарушы органның құзыретіне кірген жағдайда, осы қаулыны қабылдау үшін, сондай-ақ сотқа талап-арыз келтіру үшін материалдар дайындауды және сотта оның мүдделерін білдіруді жер учаскесі орналасқан жер бойынша төмен тұрған атқарушы орган жүзеге асырады.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдаған атқарушы орган мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың тоқтатылғаны туралы қаулы қабылдау арқылы мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін тоқтатуға құқылы.
5. Осы баптың 2 және 4-тармақтарында көрсетілген қаулылар олар қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде, атқарушы органдардың интернет-ресурстарын қоса алғанда, тиісінше республикалық немесе жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.
6. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
7. Егер жер учаскесіне жеке меншік құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген болса, меншік иесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулы қабылданғаннан кейін оған қатысты қаулы қабылданған жер учаскесіне жеке меншік құқығын растау бойынша қажетті іс-шараларды жүзеге асыра алады.
Бұл ретте, осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыда белгіленген мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі бір жылдан аспайтын уақытқа ұзартылады.
Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.
Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы