62-1-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде тең бағамен өтеу шарттары Мемлекеттік мүлік туралы Заңы
1. Осы бапқа қатысты тең бағамен өтеу деп алып қойылған кезге дейінгі жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті пайдаланудың қолда бар шарттарын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің және онда орналасқан жылжымайтын мүліктің (болған кезде) құнын өтеу мөлшерін белгілеу түсініледі.
2. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесі үшін меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға тең бағамен өтеу жүргізіледі.
3. Тең бағамен өтеу мынадай тәсілдердің бірімен жүргізіледі:
1) осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда өзге жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру;
2) осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын өтеу.
Ескерту. 6-тарау 62-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.
Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы