Қылмыстық әрекеттерінде есірткі заттарын бірнеше мәрте сату белгісі жоқ деп танылғандықтан, сотталушының іс-әрекеті қайта саралануға жатады.
Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2011 жылғы 20 маусымдағы алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімімен: Б., бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 259-бабы 3-бөлігінің «б» тармағымен мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталған. ҚК-нің 88-бабының «г» тармағымен жазаны өтеу орнында нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу шарасы қолданылған. Жазасын өтеу мерзімі 2011 жылғы 25 наурыздан бастап есептелген. Сот үкімі бойынша Б. есірткі заттарды әлденеше рет ірі мөлшерде заңсыз иемденіп алғаны, сақтағаны және заңсыз өткізгені үшін кінәлі деп танылған. Атырау облыстық соты кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 25 шілдедегі қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған. Сотталған Б. өтінішінде сот шешімдерімен келіспейтінін, есірткі затын сатпағанын, Г.-ға қатысты арыз жазбағандығын айтып, қылмыстық істі қайта қарауды және жаза мерзімін жеңілдетуді сұраған.
Қадағалаушы сот алқасы прокурордың Б.-ға қатысты қылмыстық әрекеттерін ҚК-нің 259-бабының 2-1-бөлігімен саралап, жазасын 6 жылға дейін төмендетіп, колония тәртібін жалпы режимге ауыстыру керек деген пікірін тыңдап, іс құжаттары мен өтініште келтірілген уәждерді зерттеп, сот актілері төмендегі негіздермен өзгертілуге жатады деп есептейді. Сотталған Б.-ның кінәсі сот тергеуінде зерттелген және бірінші сатыдағы сотпен объективті түрде бағаланған дәлелдемелер жиынтығымен толық дәлелін тапқан.Атап айтқанда, сотталған Б. 2011 жылғы 05 ақпанда сағат 15.55 шамасында Атырау қаласы, Ғ.Сланов көшесі, № 44 үйдің жанында бір дана қағазға оралған жалпы салмағы 0,09 грамм есірткі заты-героинді 5 000 теңгеге Г.-ға заңсыз өткізген деген бірінші сатыдағы соттың тұжырымдары алдын ала тергеу барысында жинақталып, сот тергеуінде тараптардың қатысуларымен іс жүргізу заң талаптарын сақтап, зерттелген және басқа да дәлелдемелердің жиынтығымен толық нақтыланып, бекітілген. Алайда, бірінші сатыдағы соттың сотталған Б.-ның есірткі затын заңсыз иемденіп, сақтап, әлденеше рет заңсыз өткізген деген тұжырымы, яғни 2011 жылы 09 ақпанда сағат 15.10 шамамен Атырау қаласы, Ғ.Сланов көшесі, № 44 үйдің жанында әлденеше рет екі дана қағазға оралған жалпы салмағы 0,13 грамм есірткі зат - героинді 10 000 теңгеге және 2011 жылғы 04 наурызда сағат 16.30 шамасында Атырау қаласы, Ғ.Сланов көшесі, № 44 үйдің жанында бір дана қағазға оралған жалпы салмағы 0,81 грамм есірткі заты - героинді 5 000 теңгеге Г.-ға заңсыз өткізген деген тұжырымы негізсіз. Сонымен қатар, сотталған Б.-ға қатысты айыптау үкімінде бақылау сатып алу операцияларының негізділігі және шарттары ескерілмеген, «Жедел-iздестiру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Заңының талаптарының орындалу ы тексерілмеген. Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, 2011 жылы 05 ақпанда алғашқы жедел сатып алу шараларымен Б. 0,09 грамм «героин» есірткі затын өткізгені тіркелген. Алайда, Заңның жедел-іздестіру шараларын тоқтату туралы талаптарына және Б.-ның келесі қылмыс жасау жолдарын кесу қажеттігіне қарамастан, полиция қызметкерлері бірнеше рет бір адаммен ғана бақылау операцияларын өткізген. Іс құжаттарына сәйкес, 2011 жылғы 09 ақпанда және 2011 жылғы 04 наурызда жүргізілген іс-шаралар заңсыз есірткі затының айналымын жүзеге асыратын тұлғаларды анықтауға бағытталмаған, тек Б.-ның есірткі затын өткізгені жөніндегі фактісі қайта тіркелген. «Сот үкімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 19 нормативтік қаулысының 23-тармағына сай, Б.-ның 2011 жылы 09 ақпандағы және 2011 жылы 04 наурыздағы «героин» есірткі затын заңсыз өткізу эпизодтары қысқартылуға жатады. Алайда, Б.-ның 2011 жылы 05 ақпандағы бір дана қағазға оралған жалпы салмағы 0,09 грамм есірткі заты «героинді» 5 000 теңгеге Г.-ға заңсыз өткізгені толық дәлелденген. ҚІЖК-нің 117-бабының талаптарына сай, қылмыстық iс бойынша оқиға мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының белгiлерi (қылмыстың жасалу уақыты, болған жерi, әдiсi және басқа да мән-жайлары) міндетті түрде дәлелденуге жатады. Осы Кодекстің 278 және 379-баптарында, айыптау қорытындысы мен айыптау үкімінің сипаттамалы-дәлелдi бөлiктерінде қылмыстық әрекеттiң сипаттамасы қамтылуы қажет екендігі көрсетілген. Аталған заң талаптары сақталмағандықтан, Б.-ға қатысты шығарылған сот актілерінен оның есірткі затын заңсыз иемденгені жөніндегі айыптау бөлігі алынып тасталу қажет. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Б.-ның қылмыстық әрекеттері ҚКнің 259-бабы 3-бөлігінің «б» тармағынан ҚК-нің 259-бабының 2-1-бөлігімен қайта сараланды. Оған тағайындалған жазаның мерзімі төмендетіліп, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге жатады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Қылмыстық әрекеттерінде есірткі заттарын бірнеше мәрте сату белгісі жоқ деп танылғандықтан, сотталушының іс-әрекеті қайта саралануға жатады.
228 рет жүктеп алынды -
Қылмыстық әрекеттерінде есірткі заттарын бірнеше мәрте сату белгісі жоқ деп танылғандықтан, сотталушының іс-әрекеті қайта саралануға жатады.
243 рет жүктеп алынды