32-1-бап. Мемлекеттік қызметшілерді есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуы тұрғысынан медициналық куәландыру Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң
1. Мемлекеттік қызметшілер есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуы тұрғысынан медициналық куәландырудан өтуге жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызметшілер атқаратын мемлекеттік лауазымдарды мынадай өлшемшарттар:
1) жауапкершілік пен тәуекел деңгейінің жоғары болуына байланысты орындалатын лауазымдық міндеттердің сипаты мен ерекшелігі;
2) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамаған кезде өзге адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіру ықтималдығының дәрежесі;
3) тиісті лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілердің тәндік және психикалық жай-күйіне қойылатын талаптар ескеріле отырып қалыптастырылатын медициналық куәландырудан өтуге тиісті лауазымдар тізбесіне (бұдан әрі – лауазымдар тізбесі) қосу есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуы тұрғысынан оларды медициналық куәландырудан өту үшін жіберуге негіз болады.
3. Лауазымдар тізбесі:
1) жұмыстан шығаруға негіз болмаған, бірақ жай-күйін қайта бағалауды талап ететін жекелеген белгілер анықталған алдыңғы медициналық куәландырудың нәтижелері;
2) мемлекеттік қызметшінің есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну фактісі не масаң күйде болуы анықталған жол-көлік оқиғаларын жасағаны туралы мәліметтер;
3) жеке немесе заңды тұлғаның өтініші бойынша жүргізілген тексеру нәтижелерімен расталған, мемлекеттік қызметшінің масаң күйде болуы мүмкін екенін көрсететін мінез-құлық фактілері туралы мәліметтер;
4) мемлекеттік қызметшінің масаң күйде болу белгілері бар мінез-құлқы туралы ақпаратты қамтитын, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе интернет-ресурстарда орналастырылған мәліметтер;
5) уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынған, мемлекеттік қызметшінің есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну фактілерін немесе масаң күйде болуын растайтын мәліметтер ескеріле отырып қалыптастырылады.
4. Осы бапта көрсетілген көздерден келіп түсетін мәліметтерді жинауды мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жүзеге асырады.
5. Лауазымдар тізбесін мемлекеттік органның басшысы не оның аппаратының басшысы бекітеді және ол "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таратылуы шектелген құжаттар қатарына жатады.
6. Лауазымдар тізбесіне енгізілмеген мемлекеттік қызметшілер:
1) есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну белгілерін анықтау, сондай-ақ оның нәтижелерін ресімдеу тәртібіне сәйкес анықталған, мемлекеттік қызметшінің есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынғаны ықтимал екенінің белгілері туралы мәліметтерді қамтитын персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) ұсынуы бойынша;
2) персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) тиісті актісімен ресімделіп, мемлекеттік қызметші жұмыс орнында не қызметтік міндеттерін атқару кезінде есірткілік немесе өзге де уытқұмарлық масаң күйде болған жағдайда;
3) мемлекеттік қызметші жұмыс уақытында өзге адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, қоғамдық тәртіпті бұзатын не мемлекеттік органның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін әрекеттерді жасаған жағдайда;
4) жұмыс орнында есірткі мен психотроптық заттар, сол тектестер табылған жағдайда медициналық куәландырудан өтуге жіберіледі.
7. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік органның басшысы не оның аппаратының басшысы медициналық куәландыруды жүргізу туралы шешім қабылдаған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде медициналық куәландыруға жібереді.
8. Жолдамада медициналық куәландырудың мақсаты, оны жүргізудің негіздемесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметші жіберілетін медициналық ұйымның атауы көрсетіледі.
9. Медициналық куәландырудың нәтижелерін сақтау мен өңдеу Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызметші медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан не одан өтуден жалтарған жағдайда, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тиісті акті жасап, онда бас тартудың немесе жалтарудың мән-жайларын жазып көрсетеді.
Көрсетілген акт мемлекеттік қызметшінің жеке ісіне қосып тіркеледі.
Медициналық куәландырудан өтуден бас тарту Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) негіз болады.
11. Мемлекеттік қызметшінің есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну фактісі расталған жағдайда мемлекеттік органның басшысы не оның аппараты басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және белгіленген тәртіппен тиісті мәліметтердің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға және құқық қорғау органдарына жіберілуін қамтамасыз етеді.
12. Мемлекеттік қызметшінің медициналық куәландырудан өтуі жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
13. Басшы мемлекеттік лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер жыл сайын медициналық куәландырылуға тиіс.
14. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі, арнаулы мемлекеттік органдар, әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі, азаматтық қорғау туралы заңнамасында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 Заңы.
Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы