142-1-бап. Мемлекеттік қызметшілерді есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді тұтынуы тұрғысынан медициналық куәландыру Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі
1. Мемлекеттік қызметшілердің есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз тұтынуына профилактика жүргізу мақсатында олар есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді тұтынуы тұрғысынан Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және белгіленген тәртіппен медициналық куәландырылуы тиіс.
Мемлекеттік қызметшілерді есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді тұтыну фактісін және масаң күйде болуын анықтау тұрғысынан медициналық куәландырудан өтуге жіберу тәртібі мен негіздері, сондай-ақ медициналық куәландырылуға жататын лауазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
2. Медициналық куәландыруға жіберуді және оның жүргізілуін қамтамасыз етпеген не есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді заңсыз тұтынудың анықталған фактісі бар адамдардың қызметтік міндеттерін атқаруына жол берген мемлекеттік органдардың басшылары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.
3. Мемлекеттік қызметшінің медициналық куәландырудан өтуден бас тартуы немесе одан өтуден жалтаруы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау