Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 22-бап. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинау Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң

22-бап. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинау Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

22-бап. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинау Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң  

 1. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинауға және оларды өнеркәсiптiк, медициналық, оқу және ғылыми мақсаттар үшiн пайдалануға қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мемлекеттiк квотадан аспайтын көлемде рұқсат берiледi.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында есiрткiлiк дәрiлiк заттар дайындау мақсатында апиын көкнәрiн, кокаин бұтасы мен каннабис (сора) өсiруге және жинауға осы Заңның 18-бабында көзделгеннен басқа жағдайларда тыйым салынады.

      3. Қазақстан Республикасының аумағында құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар басқа да өсiмдiктердi өсiру мен жинауға тыйым салу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.

      4.Алып тасталды – ҚР ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігінің сұрыптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, денсаулық сақтау және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органдармен келісілген ұсынысы бойынша айқындайды.

      6. Есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігіндегі тетрагидроканнабинолды өсіру шарттарына және оның жол берілетін құрамын айқындауға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, денсаулық сақтау және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органдармен келісілген ұсынысы бойынша белгілейді.

      7. Есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігінің сұрыптарын өнеркәсіптік қайта өңдеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісілген ұсынысы бойынша айқындайды.

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 Заңы. 

Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi.   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы