25-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң
Ескерту. 25-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Есiрткiнің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды ұйымдастыру, оның ішінде Жерді қашықтан зондтау деректерін пайдалана отырып ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестi өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi органдары жүзеге асырады.
3. Есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымына және теріс пайдаланылуына қарсы күрестi үйлестiрудi есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 Заңы.
Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы