Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң

4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

       4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары  Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң 

 

      1. Азаматтардың денсаулығын сақтау, есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымы саласындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылды ұйымдастыру осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.

      2. Осы Заңның мақсаттарына қол жеткізу мынадай негізгі міндеттерді шешу арқылы іске асырылады:

      1) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылау;

      2) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды мемлекеттiк реттеу;

      3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау;

      4) мемлекеттiк және өзге де органдардың қызметiн ведомствоаралық және ведомствоiшiлiк үйлестiру;

      5) есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымының және олардың теріс пайдаланылуының жолын кесуге бағытталған жұмысты ұйымдастыру мен жүргiзу мiндеттерiн кешендi түрде шешу;

      6) есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну және сонымен байланысты құқық бұзушылықтар профилактикасын қамтамасыз ету;

      7) есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну және сонымен байланысты құқық бұзушылықтар профилактикасы үшін әлеуметтiк базаны кеңейту, оның iшiнде қоғамдық, дiни, халықаралық және басқа да ұйымдар мен азаматтарды ерiктi негiзде тарту арқылы кеңейту;

      8) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылау, олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

      3. Осы Заң мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:

      1) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, өмір мен денсаулықты қорғау басымдығын қамтамасыз ету;

      2) заңдылықты сақтау;

      3) Қазақстан Республикасының есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл шаралары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы;

      4) есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласында насихатқа тыйым салу және жарнаманы шектеу.

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 Заңы. 

Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi.   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы