26-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымынан түскен табысты заңдастыру үшін жауаптылық және пайдалану Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң
Табысты заңдастыру: есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердiң және прекурсорлардың заңсыз айналымынан алынған ақшалай қаражаттың немесе өзге мүлiктiң не мүлiкке құқықтың көздерi мен шығу тегiн, тұрған, орналасқан, қозғалыстағы жерiн немесе шын мәнiнде кiмдiкi екенiн жасыру немесе бұрмалау, сондай-ақ осындай ақшалай қаражатты немесе өзге мүлiктi кәсiпкерлiк немесе өзге экономикалық қызметпен шұғылдану үшiн пайдалану; есiрткi психотроптық заттардың, сол тектестердiң немесе прекурсорлардың заңсыз айналымынан түскен ақша қаражатын меншiк нысандарына қарамастан, банкiлерде, кәсiпорындарда және басқа құрылымдарда орналастыру немесе осындай қаражатқа өндiру және басқа да қажеттер үшiн жабдықтар сатып алу, немесе мұндай қаражат пен мүлiктi, есiрткiнiң, психотроптық заттардың, сол тектестердiң немесе прекурсорлардың заңсыз айналымын жалғастыру мақсатымен пайдалану заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылығына апарып соғады.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 Заңы.
Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы