Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Сот Үкімнің заңдылығы мен негізділігі

Сот Үкімнің заңдылығы мен негізділігі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Үкімнің заңдылығы мен негізділігі

Айыптау үкімі басты сот талқылауында тікелей зерттеліп-сараланып, объективті бағаланған, дәйектілігі жағынан күмән келтірмейтін нанымды дәлелдемелер жиынтығына негізделген. Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 12 қаңтардағы үкімімен: Н. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 125-бабы екінші бөлігінің 5) тармағымен 12 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 120-бабының төртінші бөлігімен өмір бойына бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 121-бабының төртінші бөлігімен өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған. ҚК-нің 58-бабының төртінші бөлігіне сәйкес қылмыстардың жиынтығымен түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленген. Н.-нен жәбірленушінің заңды өкілі Д.-ның пайдасына 150 000 теңге мүліктік залал, 10 000 000 теңге моральдық зиян, мемлекет кірісіне 2 958,50 теңге мемлекеттік баж, Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қорына 30 АЕК көлемінде, яғни 79 530 теңге мәжбүрлі төлем өндірілген. Сот үкімімен Н. көрінеу кәмелетке толмаған адамды ұрлағаны, жас балаға қатысты күш қолданып, оның жасына байланысты дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасағаны және жас балаға күш қолданып, оның дәрменсіз күйін пайдаланып, сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 7 сәуірдегі қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылған.

Сотталған Н. мен адвокат К. өтінішхаттарында Н.-ге қатысты сот актілерімен келіспей, жәбірленуші С.-ның сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген жауабы жазылған бейнежазбада С.-дан зорлық-зомбылық белгілері, моральдық азаптануы, депрессияға түскені байқалмайтынын, мүлдем тыныш, ештеңе болмағандай отырғанын, анасы қызының айғақтарын түзетіп отырғанын, бұдан өзінің жәбірленушіге ешқандай зорлық-зомбылық әрекеттер жасамағаны расталатынын, куәлардың жауаптары қылмыстық іс материалдарына қайшы келетінін, сот тергеуі толық жүргізілмегенін, соттың тұжырымы істің нақты мән-жайларына сай келмейтінін және бір-біріне қарама-қарсы келетін сарапшылардың қорытындыларына негізделгенін, дәлелдемелерге жан-жақты талдау жасалмағанын, дәлелдемелердің сотталғанның кінәсін дәлелдеу үшін жеткіліксіз екенін көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды және оның әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұраған. Соттың сотталған Н.-ның айыбына тағылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды үкімде баяндалған мән-жайда жасаған деген тұжырымы сот отырысында егжей-тегжейлі, мұқият тексеріліп, тиісті бағасын алған дәлелдемелерге негізделген. Сотталған Н. айыбын мойындамағанмен оның кінәсі сақтауға қойылған жәбірленуші С.-ның жауабымен, жәбірленушінің заңды өкілі Д.-ның, куәлардың жауаптарымен, іс бойынша өткізілген сараптамалар қорытындыларымен және іске тіркелген басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген.

Үкімнің заңдылығы мен негізділігі

Сонымен кәмелетке толмаған жәбірленуші С. сотқа дейінгі тергептексеру кезінде берген және сақтауға қойылған жауаптарында далада ойнап жүріп, үйіне кіру үшін, үйінің дарбазасының алдына келген кезде оның жанына бейтаныс ер адам келіп, одан дәретхананың қай жерде екенін көрсетіп беруді сұраған соң ауладағы дәретхананы көрсеткенін, кейін әлгі ер адам дәретханаға кірмейтінін айтқанын, ер адамның жүрісінен мас екенін байқағанын, ер адам оның бір қолын қатты қысып, екінші қолымен оның аузын жауып, оны Байғазиев көшесімен төменге қарай күштеп алып кеткенін, көмек сұрап айқайлаған даусын ешкім естімегенін, ер адам оған «аузыңды жап» - деп, бұйрық бергенін, өзі одан қорыққанын және ол оны бір үйдің ауласына күштеп алып кіргізіп, сол үйдің ауласындағы жертөлеге түсіріп, есігін жіппен жауып қойғанын, подвалдың іші қараңғы болғанын, оның ішіндегі темір трубаға басын соғып, талып қалғанын, бірнеше минуттан кейін есін жиған кезде, ер адам оны топырақтың үстіне жатқызып, колготкиін, лосинасын, іш киімін бір жақ аяғынан толық күштеп шешіп, жұдырығымен оның бетінен бірнеше рет соққы жасағанда, ол тағы талып қалғанын, талып қалған кезде оған қатысты қандай әрекеттер жасағанын білмейтінін, есін жиған кезде, ер адам тағы да бетінен соққы жасағанын, сол кезде оның ұялы телефонына әкесі К. қоңырау шалғанын, телефонын көтеріп, әкесіне көмектесулерін, оны ұрлап кеткенін және бір үйде екенін айтқанын, ер адам телефонды жұлып алып, сөндіріп тастағанын, осы оқиғадан кейін оның жыныс мүшесі және тік ішек аумағы ауырғанын айтып көрсеткен. Сот алқасы қылмыстық іс материалдарын зерделей келіп, кәмелетке толмаған жәбірленуші С.-ның жауаптарының шынайылығына күмән келтіруге негіз жоқ, керісінше, жәбірленушінің сотқа дейінгі тергептексеру кезінде берген жауаптары басты сот талқылауында зерттелген дәлелдемелермен толық үйлеседі деп есептейді.

Атап айтқанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде куә ретінде сұралған Талғар АПБ полиция инспекторы А. жауабында 2020 жылғы 7 наурызда 19 сағат шамасында полиция бөлімінің кезекшісінен Талдыбұлақ ауылы Байғазиев көшесіндегі № 11 үй тұрғыны, 2012 жылы туған жасөспірім С.-ның із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарламасын алып, сол мекенжайға барып,С.-ның туыстарымен бірге Байғазиев көшесінде іздеу жұмыстарын жүргізгенін, сол кезде бірге іздестіріп жүрген әйел адам № 10 үйді көрсетіп, осы үйді қарап көруді ұсынғанын, өйткені ол үйде үнемі спирттік ішімдік ішетін адам тұратынын айтқанын, сол үйдің ауласында тұрған кішкентай сарайдың есігі жартылай ашық тұрғанын, оның ішінде сол жағында жертөле (подвал) орналасқанын байқап, оған шамның жарығын түсіріп қарағанда, ішінде шамамен 30 жастағы азиат нәсілді ер адам жерде бір нәрсе жауып жатқандай болғанын, оны көрген ол жертөлеге (подвалға) секіріп түсіп, сол адамды көтерген кезде, оның астында өздері іздеп жүрген жасөспірім С. жатқанын, С.-ның үстінде қызғылт түсті куртка болғанын, ал шалбары мен іш киімі тобығына дейін шешіліп, жиналып тұрғанын, ал Н. С.-ны оған көрсеткісі келмей, қайта жаба бастағанын, Н.-ның бұтындағы қара түсті шалбарының түймесі мен замогы ашық болғанын, сол кезде С. жылап жібергенін, өзі Н.-ны С.-ның үстінен алғанын көрсеткен. Куә К. жауабында полиция қызметкерлері және туыстарымен бірге қызы С.-ны іздеп жүріп, Байғазиев көшесіндегі № 10 үйдің ауласындағы сарайдың ішіндегі подвалдан тауып алғандарын, сол кезде қызының бұтындағы киімдері төмен қарай шешіліп тұрғанын көрсеткен. Жәбірленушінің заңды өкілі - анасы Д. басты сот талқылауында кешкі сағат 19:00 шамасында қызын іздеп, ұялы телефонына қоңырау шалғанда қызы С. телефонын көтермегенін, кейін күйеуі К. қыздарына қоңырау шалған кезде С. телефонды көтеріп, оған біреудің оны ұрлап кеткенін, өзінің бөтен үйде екенін айтқанын, сонда арғы жағынан ер адамның «таста телефонды» - деген даусы естілгенін, соны ести сала күйеуі К. далаға жүгіріп шығып, шақыртқан полиция қызметкерлері және туыстары барлығы бірге қызын іздеп кеткенін, біраз уақыттан кейін күйеуі К. қыздарын үйге алып келгенін, сол кезде оның бет-аузы көгерген, курткасы топыраққа былғанған, бұтындағы киімдері тізесіне дейін түсірілген, аяғында аяқ киімі, шұлығы жоқ болғанын көрсеткен. 2020 жылғы 8 наурыздағы № 430 және 13 наурыздағы № 466 маманның қорытындысы бойынша оқиға орнын, яғни Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылы, Байғазиев көшесінің бойында орналасқан № 10 үйдің ауласындағы жертөленің (подвалдың) ішін қарап-тексеру кезінде анықталған жас бала С-.ның «HUAWEI» маркалы ұялы телефонының сыртынан анықталып, алынған 2 саусақ іздерінің Н.-ның оң қолының үлкен саусағымен қалдырылғаны анықталған. 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 20-08-27-11/58 сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес С.-ның денесінде, яғни оның оң жақ көзінің астыңғы жағында, бетінің сол жақ бөлігінде, мұрнында, мойнының сол жақ бөлігінде қанның ұюлары, артқы жақ кеудесінде, екі жақ аяғының алдыңғы және артқы сан аумағында, екі жамбасында сырылған жарақаттар, қолдарында көптеген сырылған және соғылған жарақаттар анықталған. Бұл жарақаттар қатты доғал заттың әсерінен және қаулыда келтірілген мерзімде келтірілуі мүмкін. Бұл жарақаттар денсаулыққа жеңіл дәрежелі зиян болып табылады. Сараптама кезінде анықталған, ер адамның ынталы жыныс мүшесімен немесе сондай сияқты затпен келтірілуі мүмкін қынаптың шырышты қабығының қабырғасының жарылуы және қыздық перденің жаппай қан кетуі денсаулыққа жеңіл дәрежелі зиян болып табылады. Бұл жарақаттың кетірілу мерзімі қаулыда көрсетілген мерзімге, яғни 2020 жылғы 7 наурыздағы мерзімге сәйкес келеді. Тік ішектің көрінетін бөлігінің шырышты қабығындағы жарық түріндегі жарақат ер адамның ынталы жыныс мүшесімен немесе сондай сияқты затпен келтірілуі мүмкін, денсаулыққа жеңіл дәрежелі зиян болып табылады, келтіру мерзімі қаулыда көрсетілген мерзімге, яғни 2020 жылғы 7 наурызға сәйкес келеді. С.-ның қыздық пердесінің анатомиялық тұтастығы бұзылған, бұзылу мерзімі қаулыда көрсетілген мерзімге, яғни 2020 жылғы 7 наурыздағы мерзімге сәйкес келеді. Бұдан басқа, 2020 жылғы 4 мамырдағы № 145 сот-биологиялық сараптама қорытындысына сәйкес С.-ның қынабынан және тік ішегінен алынған сүртінділерде және оқиға орнынан алынған екі сүртіндіде сперматазоидтардың қосылуынсыз адам қаны анықталған, бұл қан тобына сәйкес С.-ның өзінен пайда болуы мүмкін.

Үкімнің заңдылығы мен негізділігі

С.-ның екі іш киімінде нәжіс қосындысы бар адам қаны анықталған, бұл қан С.-ның өзінен пайда болуы мүмкін. С.-ның кофтасынан және Н.-ның көйлегінен адам қаны анықталып, онда қуық асты безі антигені шығарылған. Бұл сперматазоидтардың бар екенін көрсетеді және топтық қасиетіне байланысты Н.-нен пайда болуы мүмкін. Н.-ның жыныстық мүшесінен алынған сүртіндіде, оның трикосы мен джинсы шалбарында адам қаны аралас сперматазоидтар анықталған. Бұл сперматазоидтар Н.-нен, ал адам қаны С.-дан пайда болуы мүмкін. Осы джинсы шалбардан сперматазоидтардың қосындысыз адам қаны анықталған, бұл қан С.-дан пайда болуы мүмкін. Н.-ның іш киімінен адам қаны және нәжіс қосылған сперматазоидтар анықталған. Бұл Н.-ның сперматазоидтарының С.-ның қанымен араласуынан пайда болуы мүмкін. Ал 2020 жылғы 16 маусымдағы № 2950 молекулярлық-генетикалық сараптама қорытындысына сәйкес С.-ның кофтасында, оның іш киімінде, Н.-ның іш киімінде, оның екі спорттық шалбарында, көйлегінде, кофтасында, оның жыныс мүшесінен алынған 2 сүртінділерде анықталған аралас ДНК Н.-ның және С.-ның ДНК-сі болып табылады. Сарапшылардың тұжырымдары ғылыми негізделген, объективті және толық жасалған. Сараптама қорытындылары бір-бірін толықтырған, яғни молекулярлық-генетикалық сараптама сот-биологиялық сараптама тұжырымдарын нақтылаған. Аталған сараптама қорытындылары арасында қарама-қайшылықтар орын алмаған. Іс материалдарына тіркелген фотосуреттерден жәбірленуші С.-ға қатысты өткізілген сот-медициналық сараптама барысында оның денесінен анықталған жарақаттардың іс жүзінде орын алғаны нақты бекиді. 2020 жылғы 18 мамырдағы № 20-08-13/428 амбулаториялық сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес Н. қандай да болмасын психикалық бұзылудан зардап шекпейді және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды қажет етпейді. Н. қылмыс жасаған кезде өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына және оған ие бола алған. Мұндай жағдайда сот алқасы жәбірленушілер мен куәлардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде және басты сот талқылауында берген жауаптарының шынайылығына күмән келтіруге негіз жоқ деп тұжырымдайды. Жоғарыда көрсетілген дәлелдемелердің жиынтығы Н.-ның кінәсін дәлелдеу үшін жеткілікті, олар қылмыстық-процестік заңның талаптарына сай алынған және сотта жан-жақты тексеріліп, тиісті бағасын алған.

Үкімнің заңдылығы мен негізділігі

Сотталғанның кінәсіздігі және соттың баға берген дәлелдемелерімен келіспейтіні жөніндегі уәждері дәлелдемелерді қайта бағалау ретінде негізсіз болып табылады. Істің мұндай тұрғысында, сот алқасы сотталған Н.-ның әрекеттері ҚК-нің 125-бабы екінші бөлігінің 5) тармағымен, 120-бабының төртінші бөлігімен, 121-бабының төртінші бөлігімен дұрыс сараланған деп есептейді. Сот Н.-ге жазаны ҚК-нің 52-бабының талаптарын басшылыққа алып, жасаған қылмысының қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатын, ауырлығын, оның жеке басын сипаттайтын, қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайды ескеріп, әділ жаза тағайындаған. Үкімде сотталғанға неліктен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуға жататындығы уәжделген, сондықтан оны жеңілдетуге негіз жоқ. Ендеше, өтінішхаттар қанағаттандырусыз, сот актілері өзгеріссіз қалдырылуға жатады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Н.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгеріссіз қалдырды. Сотталған Н. мен адвокат К.-ның өтінішхаттары қанағаттандырусыз қалдырылды. 

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Үкімінің заңдылығы Кінәні мойындау туралы келісімдік істі қараудың қорытындылары бойынша ақтау үкімін шығару көзделмеген

Үкімінің заңдылығы Кінәні мойындау туралы келісімдік істі қараудың қорытындылары бойынша ақтау үкімін шығару көзделмегенШымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 2017 жылғы 17...

Толық оқу »

Тергеуге дейінгі тексеру барысында үкімнің заңдылығы мен негізділігі қылмыстық қудалау органы салық органынан салықтық тексеру жүргізуді талап етуге құқылы емес

Тергеуге дейінгі тексеру барысында үкімнің заңдылығы мен негізділігі қылмыстық қудалау органы салық органынан салықтық тексеру жүргізуді талап етуге құқылы емесШығыс Қазақстан...

Толық оқу »

154-бап. Шешімнің заңдылығы және негізділігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

154-бап. Шешімнің заңдылығы және негізділігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 1. Соттың шешімі заңды және негізді болуға тиіс. 2. Соттың шешімі,...

Толық оқу »

Үкімнің заңдылығы Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында орын алған елеулі заң бұзушылықтарды ескермей, айыптау үкімін заңсыз шығарған

Үкімнің заңдылығы Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында орын алған елеулі заң бұзушылықтарды ескермей, айыптау үкімін заңсыз шығарғанАтырау облысы Индер аудандық сотының 202...

Толық оқу »

Құқықтық қадастрға түзетулер енгізуден бас тарту әрекетін заңсыз деп тану және құқықтық кадастрға түзетулер енгізуге мәжбүрлеу туралы.

Құқықтық қадастрға түзетулер енгізуден бас тарту әрекетін заңсыз деп тану және құқықтық кадастрға түзетулер енгізуге мәжбүрлеу туралы.2025 жылғы 4 маусымдағы №6001-24-00-6ап/3...

Толық оқу »

10-бап. Заңдылық ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

10-бап. Заңдылық ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кез...

Толық оқу »

8-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің заңдылығы

8-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің заңдылығы 1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар, әкімшілік жазалау шаралары, Әкімшілік қ...

Толық оқу »

388-бап. Үкiмнiң заңдылығы мен негiздiлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

388-бап. Үкiмнiң заңдылығы мен негiздiлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот үкiмi заңды және негiздi болуға тиiс. 2. Егер үкiм заңның барлық...

Толық оқу »

6-бап. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезіндегі заңдылық Cот-сараптама қызметі туралы Заңы

6-бап. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезіндегі заңдылықCот-сараптама қызметі туралы Заңы      Сот-сараптама қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақста...

Толық оқу »

388-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексі үкімінің заңдылығы мен негізділігі

388-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексі үкімінің заңдылығы мен негізділігіСот үкімі заңды және негізделген болуы керек.Үкім, егер ол заңның...

Толық оқу »

224-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі шешімінің заңдылығы мен негізділігі

224-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі шешімінің заңдылығы мен негізділігі1. Сот шешімі заңды және негізделген болуы керек.2. Сот шеш...

Толық оқу »

6-бап. Заңдылық Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

6-бап. Заңдылық Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Сот азаматтық істерді қарау және шешу кезінде Қазақстан РеспубликасыКонституциясының, Қазақстан Рес...

Толық оқу »

Заңдылық, үкімнің негізділігі адвокаттар мен сотталғандардың өтінішхаттары сот актілерінің заңдылығы мен негізділігіне байланысты қанағаттандырусыз қалдырылды

Заңдылық, үкімнің негізділігі адвокаттар мен сотталғандардың өтінішхаттары сот актілерінің заңдылығы мен негізділігіне байланысты қанағаттандырусыз қалдырылдыШығыс Қазақстан о...

Толық оқу »

224-бап. Шешiмнiң заңдылығы және негiздiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

224-бап. Шешiмнiң заңдылығы және негiздiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Сот шешiмi заңды және негiздi болуға тиiс. 2. Сот шешiмдi тараптар ұсы...

Толық оқу »

6-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің заңдылығы

6-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің заңдылығы1. Сот азаматтық істерді қарау және шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституцияс...

Толық оқу »

Үкімнің заңдылығы мен негізділігі сот үкімі заңды және негізделген болуы керек

Үкімнің заңдылығы мен негізділігі сот үкімі заңды және негізделген болуы керекБатыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі үкімімен: М., бұрын соттал...

Толық оқу »

8-бап. Заңдылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

8-бап. Заңдылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар, әкімшілік жаза шаралары, әкiмшiлiк құқық бұзушылық тур...

Толық оқу »

Іздеудің заңдылығы мен негізділігі қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі бұзушылықтар іс жүргізу әрекетінің нәтижелерін дәлел ретінде жол берілмейтін деп тануға әкеп соғады

Іздеудің заңдылығы мен негізділігі қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі бұзушылықтар іс жүргізу әрекетінің нәтижелерін дәлел ретінде жол берілмейтін деп тануға әкеп соғадыСолтүст...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 10-бабына түсініктеме. Заңдылық

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 10-бабына түсініктеме. Заңдылық1. Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргі...

Толық оқу »