Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Үкімінің заңдылығы Кінәні мойындау туралы келісімдік істі қараудың қорытындылары бойынша ақтау үкімін шығару көзделмеген

Үкімінің заңдылығы Кінәні мойындау туралы келісімдік істі қараудың қорытындылары бойынша ақтау үкімін шығару көзделмеген

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Үкімінің заңдылығы Кінәні мойындау туралы келісімдік істі қараудың қорытындылары бойынша ақтау үкімін шығару көзделмеген

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 2017 жылғы 17 қарашадағы үкімімен: К. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 24-бабының үшінші бөлігімен, 216-бабы екінші бөлігінің 2), 3) тармақтарымен 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелген. Сот үкімімен К. адамдар тобымен, «А» ЖШС-ның атынан мүліктік пайда табу мақсатында атқарылмаған жұмыстар мен көрсетілмеген қызметтер үшін «L» ЖШС-ның өкілі Б.-ның ұсынысы бойынша соңғыға 254 813 000 теңгені құрайтын тауарға шот-фактуралар мен басқа да құжаттарды 6 пайыздық мөлшердегі сыйақыға, яғни 15 289 000 теңгеге жазып бepiп, мемлекетке 72 803 714 теңгеге ipi мөлшерде залал келтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылған. Үкім апелляциялық тәртіппен қайта қаралмаған. Бас Прокурор наразылығында арандатушылықтың салдарынан К.-нің құқықтарына нұқсан келіп, заң талаптары өрескел бұзылғандықтан бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, қылмыстық істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жолдауды сұраған. Сот К.-нің іс-әрекеттерінде ҚК-нің 216-бабы екінші бөлігінің 2), 3) тармақтарымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар деп бағалаған кезде, бұл қылмыс субъективтік жағынан кінәнің қасақана нысанмен сипатталатынын ескермеген. К.-нің ниеті өзіне және контрагенттеріне салық төлеуден жалтару түріндегі мүліктік пайда алу мақсатында жалған шот-фактуралар жасап беруге бағытталуы тиіс. Бұл ниет жедел-іздестіру шаралары басталмас бұрын қалыптасуы керек. Қылмыстық істе К.-нің бұрыннан жалған шот-фактураларды сатумен айналысатындығы туралы ақпараттар мен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары туралы дәлелдемелер келтірілмеген. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес жедел-іздестіру қызметінің міндеттері ол қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу болып табылады. Сонымен қатар осы Заңның 15-бабының талабына сәйкес жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде азаматтарды құқық бұзушылыққа итермелеуге және арандатуға тыйым салынған. К.-ге қатысты қылмыстық құқық бұзушылық СДТБТ-де 2016 жылғы 5 сәуірде Б.-ның сотталғанды қылмыс жасауға арандатып, одан жалған шот-фактураларды сатып алуға келіскеннен кейін тіркелген.

Үкімінің заңдылығы Кінәні мойындау туралы келісімдік істі қараудың қорытындылары бойынша ақтау үкімін шығару көзделмеген

Куә Ж. берген айғағында Б.-мен ғаламтор жүйесі арқылы танысқанын, 2016 жылдың наурыз айында өзінен сыйақыға бухгалтерлік құжаттарды жасауға көмек сұраған соң, К.-мен таныстырғанын көрсеткен. Бірінші сатыдағы сот Б.-ның осындай тәсілмен бірнеше қылмыстарды әшкерелеуге қатысқанын ескермеген. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен Т.-ға қатысты үкімнің күші жойылып, оның іс-әрекетінде қылмыс құрамы болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 22 қазандағы қаулысымен О.-ға, А.-ға, К.-ге және Ш.-ға қатысты үкімнің күші жойылып, олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған. Бұл істер Б.-ның әрекетінде сотталғандарды қылмыс жасауға арандату болғандықтан, Б.-мен танысқанға дейін бұрыннан жалған шот-фактураларды сатумен айналысатындығы туралы ақпараттар мен жүргізілген жеделіздестіру шаралары туралы дәлелдемелер келтірілмегендіктен, олардың іс-әрекеттерінде қылмыс құрамы болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 112-бабының талабына сәйкес қылмыстық-процестік заңды бұза отырып алынған нақты деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады және олар айыптау негiзiне жатқызылмайды. Мұндай жағдайда қылмыстық қудалау органының және Б.-ның заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде алынған нақты деректер дәлелдемелер қатарына жатқызылмайды. ҚПК-нің 24-бабы бірінші бөлігінің талабына сәйкес сот, прокурор, тергеушi, анықтаушы iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолдануға мiндеттi.  Алайда қылмыстық істі тергеп-тексеру және сот талқылауы барысында Б.-ның «L» ЖШС-ға қандай қатыстылығының барлығы, оның аталған серіктестіктің атынан әрекет етуге құқығының бар-жоғы, серіктестік өкілдерінің ЖШС-ның атынан қылмыстың жасалуына ерік білдіргендері, Б.-ның К.-дан алған жалған шот-фактуралар мен басқа құжаттарды әрі қарай қалай қолданбақшы болғаны және аталған серіктестіктің шын мәнінде ұйымдарға салынатын салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруға ниетінің болғаны немесе болмағаны анықталмаған. Аталған мән-жайларды анықтамай, К.-ні ҚК-нің 24-бабының үшінші бөлігімен, 216-бабы екінші бөлігінің 2), 3) тармақтарымен кінәлі деп тануға негіздер жоқ. ҚПК-нің 19-бабының үшінші бөлігіне сәйкес күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күмән олардың пайдасына түсіндіріледі. «Соттардың қылмыстық істер бойынша келісімдік тәртіпте іс жүргізу практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 4 нормативтік қаулысының 27-тармағына сәйкес келісімдік іс жүргізуде кінәні мойындау туралы келісімдік істі қараудың қорытындылары бойынша ақтау үкімін шығару көзделмеген. ҚПК-нің 35-бабында көрсетілген мән-жайлар анықталған кезде және олар зерттеуді қажет етпесе сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарады. ҚПК-нің 626-бабы бірінші бөлігінің 3) тармағына сәйкес егер сотта сотталушының кінәлілігіне күмән туындаса, істі келісімдік іс жүргізу тәртібімен қараудан бас тарту туралы қаулы және қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы қаулы шығарады. Бірінші сатыдағы сот ҚПК-нің 623-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес К.-ге қатысты қылмыстық істі прокурорға қайтаруы тиіс болған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған К.-ге қатысты бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, қылмыстық істі осы сотқа басқа құрамда жаңадан қарау үшін жолдады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы қанағаттандырылды.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Тергеуге дейінгі тексеру барысында үкімнің заңдылығы мен негізділігі қылмыстық қудалау органы салық органынан салықтық тексеру жүргізуді талап етуге құқылы емес

Тергеуге дейінгі тексеру барысында үкімнің заңдылығы мен негізділігі қылмыстық қудалау органы салық органынан салықтық тексеру жүргізуді талап етуге құқылы емесШығыс Қазақстан...

Толық оқу »

154-бап. Шешімнің заңдылығы және негізділігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

154-бап. Шешімнің заңдылығы және негізділігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 1. Соттың шешімі заңды және негізді болуға тиіс. 2. Соттың шешімі,...

Толық оқу »

Үкімнің заңдылығы Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында орын алған елеулі заң бұзушылықтарды ескермей, айыптау үкімін заңсыз шығарған

Үкімнің заңдылығы Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында орын алған елеулі заң бұзушылықтарды ескермей, айыптау үкімін заңсыз шығарғанАтырау облысы Индер аудандық сотының 202...

Толық оқу »

Құқықтық қадастрға түзетулер енгізуден бас тарту әрекетін заңсыз деп тану және құқықтық кадастрға түзетулер енгізуге мәжбүрлеу туралы.

Құқықтық қадастрға түзетулер енгізуден бас тарту әрекетін заңсыз деп тану және құқықтық кадастрға түзетулер енгізуге мәжбүрлеу туралы.2025 жылғы 4 маусымдағы №6001-24-00-6ап/3...

Толық оқу »

10-бап. Заңдылық ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

10-бап. Заңдылық ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кез...

Толық оқу »

8-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің заңдылығы

8-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің заңдылығы 1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар, әкімшілік жазалау шаралары, Әкімшілік қ...

Толық оқу »

388-бап. Үкiмнiң заңдылығы мен негiздiлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

388-бап. Үкiмнiң заңдылығы мен негiздiлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот үкiмi заңды және негiздi болуға тиiс. 2. Егер үкiм заңның барлық...

Толық оқу »

6-бап. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезіндегі заңдылық Cот-сараптама қызметі туралы Заңы

6-бап. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезіндегі заңдылықCот-сараптама қызметі туралы Заңы      Сот-сараптама қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақста...

Толық оқу »

388-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексі үкімінің заңдылығы мен негізділігі

388-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексі үкімінің заңдылығы мен негізділігіСот үкімі заңды және негізделген болуы керек.Үкім, егер ол заңның...

Толық оқу »

224-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі шешімінің заңдылығы мен негізділігі

224-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі шешімінің заңдылығы мен негізділігі1. Сот шешімі заңды және негізделген болуы керек.2. Сот шеш...

Толық оқу »

6-бап. Заңдылық Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

6-бап. Заңдылық Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Сот азаматтық істерді қарау және шешу кезінде Қазақстан РеспубликасыКонституциясының, Қазақстан Рес...

Толық оқу »

Заңдылық, үкімнің негізділігі адвокаттар мен сотталғандардың өтінішхаттары сот актілерінің заңдылығы мен негізділігіне байланысты қанағаттандырусыз қалдырылды

Заңдылық, үкімнің негізділігі адвокаттар мен сотталғандардың өтінішхаттары сот актілерінің заңдылығы мен негізділігіне байланысты қанағаттандырусыз қалдырылдыШығыс Қазақстан о...

Толық оқу »

224-бап. Шешiмнiң заңдылығы және негiздiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

224-бап. Шешiмнiң заңдылығы және негiздiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Сот шешiмi заңды және негiздi болуға тиiс. 2. Сот шешiмдi тараптар ұсы...

Толық оқу »

6-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің заңдылығы

6-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің заңдылығы1. Сот азаматтық істерді қарау және шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституцияс...

Толық оқу »

Үкімнің заңдылығы мен негізділігі сот үкімі заңды және негізделген болуы керек

Үкімнің заңдылығы мен негізділігі сот үкімі заңды және негізделген болуы керекБатыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі үкімімен: М., бұрын соттал...

Толық оқу »

8-бап. Заңдылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

8-бап. Заңдылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар, әкімшілік жаза шаралары, әкiмшiлiк құқық бұзушылық тур...

Толық оқу »

Іздеудің заңдылығы мен негізділігі қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі бұзушылықтар іс жүргізу әрекетінің нәтижелерін дәлел ретінде жол берілмейтін деп тануға әкеп соғады

Іздеудің заңдылығы мен негізділігі қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі бұзушылықтар іс жүргізу әрекетінің нәтижелерін дәлел ретінде жол берілмейтін деп тануға әкеп соғадыСолтүст...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 10-бабына түсініктеме. Заңдылық

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 10-бабына түсініктеме. Заңдылық1. Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргі...

Толық оқу »