Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 10-бабына түсініктеме. Заңдылық

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 10-бабына түсініктеме. Заңдылық

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 10-бабына түсініктеме. Заңдылық

1. Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің, осы Кодекстің 1-бабында көрсетілген өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.

2. Соттар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқылы емес. Егер сот қолданылуға жататын заңның немесе өзге де нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретінін анықтаса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне жүгінуге міндетті.

3. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде соттың, қылмыстық қудалау органдарының заңды бұзуына жол берілмейді және ол заңда белгіленген жауаптылыққа, заңсыз актілерді жарамсыз деп тануға және олардың күшін жоюға әкеп соғады.

4. Осы Кодекс нормаларының коллизиясы болған жағдайларда қылмыстық процесс қағидаттарына сәйкес келетін нормалар қолданылуға тиіс, ал нормаларда тиісті реттеу болмаған кезде сот ісін жүргізу мәселелері тікелей қылмыстық процесс қағидаттарының негізінде шешіледі.

1. ҚПК-нің 1-бабына берілген түсініктеме қылмыстық процестің заңнамалық базасының қаншалықты ауқымды екенін, оның басында Қазақстан Республикасының Конституциясы тұрғанын айқын көрсетеді. Сондықтан қылмыстық процесті жүргізетін органдарға (лауазымды адамдарға) осы заңнаманың олқылықтарын жою және еңсеру мақсатында Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарының оны мерзімді түрде түзетіп отыруын қадағалау өте маңызды.

Белгілі болғандай, қылмыстық-процестік заңнамадағы олқылықтар Парламенттің заңдар қабылдауы арқылы жойылады. Ал құқықтың осы саласындағы олқылықтарды еңсеру Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Бас Прокурордың міндеті болып табылады. Олар өз құзыреті шегінде ҚПК нормаларын құқық қолдану тәжірибесіне қатысты құқықтық мониторингті тұрақты түрде жүргізіп, қылмыстық-процестік заңның ұқсастығы және құқық ұқсастығы институттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оның олқылықтарын толықтыруға тиіс.

Қылмыстық-процестік заңның ұқсастығына (іс бойынша іс жүргізу кезінде әрекет жасау немесе шешім қабылдау үшін ҚПК-нің бір мезгілде оның басқа институттары мен ережелеріне де арналған нормаларын қолдану) мысал ретінде ҚПК-де көзделген мынадай тікелей нұсқауларды келтіруге болады: алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде анықтаушы ҚПК-де алдын ала тергеу үшін көзделген қағидаларды, ҚПК-нің 190, 191-баптарында көзделген алып тастауларды қоспағанда, басшылыққа алады (63-баптың 3-бөлігі); айыпталушы күдікті үшін белгіленген ҚПК-нің 64-бабының 9-бөлігінде көзделген құқықтарды пайдалануға құқылы (65-баптың 5-бөлігі); бірінші сатыдағы соттың үкімі, апелляциялық үкім, апелляциялық қаулы іс бойынша іс жүргізу кезінде ҚПК-нің 436-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстық-процестік заңның бұзушылықтары орын алған жағдайда кез келген жағдайда кассациялық тәртіппен күшін жоюға жатады, яғни мұндай жағдайларда кассациялық саты бірінші сатыдағы соттың сот шешімдеріне қатысты апелляциялық сатыдағы сот қолданатын үкімнің күшін жою немесе оны өзгерту негіздерін пайдаланады (ҚПК-нің 433-бабы, 494-бабының 9-бөлігі) және т.б.

Қылмыстық процесс саласындағы құқық қолданудың заңдылығын қамтамасыз ету үшін туындайтын мәселелерді құқық ұқсастығы негізінде шешу үлкен мүмкіндіктер ашады.

Басқаша айтқанда, қылмыстық процесті жүргізетін орган объективті түрде ҚПК-де де, Қазақстан Республикасының басқа заңдарында да тиісті нормалар мүлдем болмаған жағдайларға тап болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Сот көмекке келеді. Олардың көптеген шешімдерінде, біз жоғарыда атап өткеніміздей, Конституция нормаларында көрініс тапқан сот төрелігі қағидаттарын тікелей қолдану негізінде қылмыстық процесс саласындағы осындай жекелеген жағдайларды шешуді түсіндіретін мысалдар бар.

2. Заңдылық қағидаты өзінің атауынан-ақ туындайтындай, іс бойынша іс жүргізу барысында ҚПК-нің барлық нормаларын олардың тікелей мақсатына дәлме-дәл сәйкес қолдануды білдіреді (ҚПК-нің 1–7-баптарына берілген түсініктемені қараңыз). ҚПК-нің «жасушасы» ретінде оның нормасы өзара байланысты элементтердің жиынтығына ие, олар бірлесе отырып, іс бойынша бүкіл іс жүргізудің, қабылданатын процестік шешімдер мен жүргізілетін процестік әрекеттердің заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз етеді. Мұндай элементтер үшеу: гипотеза, яғни ҚПК нормасын қолдану шарты; диспозиция, яғни гипотеза болған кезде ҚПК нормасын қолдану тәртібі (қылмыстық процесс тараптарының құқықтары мен міндеттерін іске асыру процесі); санкция, яғни ҚПК нормасының гипотезасы мен диспозициясының нұсқамаларын қолдану нәтижесінде туындауы мүмкін салдарлар.

Баяндалғанды мынадай мысалдармен түсіндірейік. Мәселен, бұлтартпау шарасының нақты бір түрі туралы нормаларды қолданудың шарты (гипотезасы) оны таңдау кезінде ескерілетін, ҚПК-нің 136, 138-баптарында көрсетілген негіздер мен мән-жайлар болып табылады. Ал бұлтартпау шарасын таңдауға қатысатын тиісті қатысушылардың құқық субъектілігін, оның қолданылу кезектілігі мен рәсімін қамтитын тәртіп тиісті ҚПК нормаларының диспозициясын құрайды. Санкция қылмыс субъектісіне қатысты неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасын қолдану, кепілді мемлекет кірісіне айналдыру түрінде; сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы үшін прокурордың оның бұлтартпау шарасын қолдану туралы заңсыз қаулыларының күшін жоюы түрінде; өздеріне алған міндеттемелерді орындамауына байланысты кейбір бұлтартпау шараларымен байланысты тұлғалар үшін тергеу судьясының немесе соттың ақшалай өндіріп алуды қолдануы түрінде көрініс табуы мүмкін. Қорғаушының міндетті түрде қатысуының шарттары (гипотезасы) ҚПК-нің 67-бабының 1-бөлігінде көрсетілген жағдайлар болып табылады. Оның өкілеттіктері мен қылмыстық процестегі процестік қызметінің нысандары тиісті ҚПК нормалары диспозициясының мазмұнын құрайды. Санкция ҚПК-нің 94-бабында көрсетілген негіздер бойынша қорғаушыны қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудан шеттетуден тұруы мүмкін. Тағы бір мысал — беттестіру. Бұл тергеу әрекетін жүргізудің шарты (гипотезасы) — ол бұрын жауап алынған екі адамның арасында ғана, олардың айғақтарында елеулі қайшылықтар болған жағдайда жүргізілуіне жол беріледі. Оны жүргізу тәртібі, яғни оған қатысушылардың құқық субъектілігі, беттестірудің барысы мен нәтижелерін ресімдеу — бұл оның диспозициясы. Беттестірудің шарттары мен диспозициясын бұзу прокурордың немесе соттың беттестіру хаттамасын іс бойынша дәлелдеме көзі ретінде күші жоқ деп тануына әкеп соғады (санкция) және т.б.

3. Сот конституциялық іс жүргізудің қатысушысы болып табылады (Конституцияның 78-бабы, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңның 20, 22-баптары). Заңдылық қағидатының сотқа ғана қатысты мынадай талабы бар: сот іс бойынша іс жүргізу кезінде Конституцияда бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқылы емес. Мұндай жағдайда сот істі қараудың кез келген сатысында іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы қылмыстық іс бойынша қолданылуға жататын заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті (ҚПК-нің 45-бабының 2-бөлігі). Соттың Конституциялық Кеңеске ұсыныс нысанында жолданатын өтінішіне тиісті соттың төрағасы қол қояды («Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңның 22-бабының 3-тармағы, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 9-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы, 14-бабының «п» тармақшасы, 20-бабы 2-тармағының 9) тармақшасы). Соттардың Конституциялық Кеңеске жүгіну нысаны мен мазмұнын қатаң сақтауы қажеттігі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы «Қазақстан Республикасындағы сот билігі туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысында көрсетілген (2-тармақ).

Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың қылмыстық-процестік заң нормаларын бұзуына жол берілмейді. Заң бұзушылықтың сипатына қарай қылмыстық қудалау органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ судьялар тәртіптік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Жауаптылықтың туындауына негіз ретінде соттың сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезінде жол берілген азаматтардың құқықтарын бұзушылықтар мен өзге де заң бұзушылықтарды анықтаған кезде шығарған жеке қаулылары (ҚПК-нің 184-бабы, 405-бабының 2-бөлігі), сотқа дейінгі қылмыстық процесс барысында прокурор шығаратын ұсынымдары (қаулылары) және Сот жюриінің шешімдері (ҚПК-нің 193-бабы 1-бөлігінің 10) тармағы, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы, 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы, 28-бабы, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 34, 39, 44-баптары, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы»: Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы Жарлығы және т.б.) болуы мүмкін.

ҚПК-нің 10-бабының 4-бөлігінің тұрғысынан алғанда, коллизия — бұл ҚПК-нің тиісті нормаларының өзара алшақтығы, сәйкес келмеуі, қайшылығы, басқаша айтқанда, нақты қылмыстық-процестік қатынасты реттеу кезінде белгілі бір коллизиялық норманы таңдау туралы мәселе. ҚПК нормалары арасындағы коллизияның негізінде, әдетте, әртүрлі себептер болуы мүмкін. 4-бөліктің нормасы ҚПК нормалары арасындағы коллизияны еңсеру жолдарын айқындайды. Бұл кез келген жағдайда қылмыстық процестің қағидаттары мен мәні негізінде шешілетін өзіндік қылмыстық-процестік жағдай. Айтылғанды мысалмен түсіндірейік.

Мәселен, ҚПК-нің 484-бабы төмен тұрған соттардың заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхаттары бойынша, олар апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін ғана қайта қарауға жол береді. Бұл ретте ол прокурорлардың наразылықтарын осы тәртіптің шегінен шығарады, яғни оларды апелляциялық сатыдан өтпей-ақ кассациялық тәртіппен қарау мүмкіндігін көздейді. Мұны 484-баптың 1-бөлігінің мынадай тұжырымынан көруге болады: «Жоғарғы Сот кассациялық тәртіппен бірінші сатыдағы соттар шығарған, заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға қатысты өтінішхаттар бойынша істерді олар апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін, прокурордың наразылықтары бойынша, сондай-ақ апелляциялық сатының үкімдері мен қаулыларына қатысты істерді қарайды». Бұл жерде ҚПК-нің 484-бабы 1-бөлігінің нормасы мен тараптардың жарыспалылығы және тең құқықтылығы негізінде сот ісін жүргізу қағидатын реттейтін ҚПК-нің 23-бабының нормалары арасында құқықтық коллизия немесе нормалардың өзара келісілмеуінің мысалы айқын көрінеді. ҚПК-нің 10-бабының 4-бөлігінің талаптарына сүйене отырып, құқықтық коллизияны шешу кезінде тараптардың жарыспалылығы және тең құқықтылығы негізінде сот ісін жүргізу сияқты қылмыстық процесс қағидатының тікелей нұсқамаларын пайдалану қажет (ҚПК-нің 23-бабы). ҚПК-нің 23-бабының 7-бөлігінде тікелей былай деп белгіленген: «Қылмыстық процеске қатысатын тараптар тең құқықты, яғни Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Кодекске сәйкес өз ұстанымдарын қорғауға тең мүмкіндіктерге ие. Сот процестік шешімді әрбір тарапқа тең негізде зерттеуге қатысу мүмкіндігі қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді». Осылайша, ҚПК-нің 484-бабы 3-бөлігінің 1) тармағында көрсетілген ерекшеліктерді қоспағанда, прокурордың наразылығы кассациялық сатыдағы сотқа берілгенге дейін, қисын бойынша, алдымен прокурордың өтінішхаты нысанында апелляциялық сатыдағы сотқа енгізіліп, қаралуға тиіс. Бұл сот жүйесіндегі сатылылық қағидаларын сақтауға және одан кейін кассациялық соттың өз міндетін тиімді орындауына мүмкіндік береді.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне 2020 жылғы түсініктеме. Авторы — Когамов Марат Чекишевич, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

 

Үкімінің заңдылығы Кінәні мойындау туралы келісімдік істі қараудың қорытындылары бойынша ақтау үкімін шығару көзделмеген

Үкімінің заңдылығы Кінәні мойындау туралы келісімдік істі қараудың қорытындылары бойынша ақтау үкімін шығару көзделмегенШымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 2017 жылғы 17...

Толық оқу »

Тергеуге дейінгі тексеру барысында үкімнің заңдылығы мен негізділігі қылмыстық қудалау органы салық органынан салықтық тексеру жүргізуді талап етуге құқылы емес

Тергеуге дейінгі тексеру барысында үкімнің заңдылығы мен негізділігі қылмыстық қудалау органы салық органынан салықтық тексеру жүргізуді талап етуге құқылы емесШығыс Қазақстан...

Толық оқу »

154-бап. Шешімнің заңдылығы және негізділігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

154-бап. Шешімнің заңдылығы және негізділігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 1. Соттың шешімі заңды және негізді болуға тиіс. 2. Соттың шешімі,...

Толық оқу »

Үкімнің заңдылығы Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында орын алған елеулі заң бұзушылықтарды ескермей, айыптау үкімін заңсыз шығарған

Үкімнің заңдылығы Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында орын алған елеулі заң бұзушылықтарды ескермей, айыптау үкімін заңсыз шығарғанАтырау облысы Индер аудандық сотының 202...

Толық оқу »

Құқықтық қадастрға түзетулер енгізуден бас тарту әрекетін заңсыз деп тану және құқықтық кадастрға түзетулер енгізуге мәжбүрлеу туралы.

Құқықтық қадастрға түзетулер енгізуден бас тарту әрекетін заңсыз деп тану және құқықтық кадастрға түзетулер енгізуге мәжбүрлеу туралы.2025 жылғы 4 маусымдағы №6001-24-00-6ап/3...

Толық оқу »

8-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің заңдылығы

8-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің заңдылығы 1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар, әкімшілік жазалау шаралары, Әкімшілік қ...

Толық оқу »

388-бап. Үкiмнiң заңдылығы мен негiздiлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

388-бап. Үкiмнiң заңдылығы мен негiздiлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот үкiмi заңды және негiздi болуға тиiс. 2. Егер үкiм заңның барлық...

Толық оқу »

6-бап. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезіндегі заңдылық Cот-сараптама қызметі туралы Заңы

6-бап. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезіндегі заңдылықCот-сараптама қызметі туралы Заңы      Сот-сараптама қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақста...

Толық оқу »

388-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексі үкімінің заңдылығы мен негізділігі

388-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексі үкімінің заңдылығы мен негізділігіСот үкімі заңды және негізделген болуы керек.Үкім, егер ол заңның...

Толық оқу »

224-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі шешімінің заңдылығы мен негізділігі

224-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі шешімінің заңдылығы мен негізділігі1. Сот шешімі заңды және негізделген болуы керек.2. Сот шеш...

Толық оқу »

Заңдылық, үкімнің негізділігі адвокаттар мен сотталғандардың өтінішхаттары сот актілерінің заңдылығы мен негізділігіне байланысты қанағаттандырусыз қалдырылды

Заңдылық, үкімнің негізділігі адвокаттар мен сотталғандардың өтінішхаттары сот актілерінің заңдылығы мен негізділігіне байланысты қанағаттандырусыз қалдырылдыШығыс Қазақстан о...

Толық оқу »

224-бап. Шешiмнiң заңдылығы және негiздiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

224-бап. Шешiмнiң заңдылығы және негiздiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Сот шешiмi заңды және негiздi болуға тиiс. 2. Сот шешiмдi тараптар ұсы...

Толық оқу »

6-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің заңдылығы

6-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің заңдылығы1. Сот азаматтық істерді қарау және шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституцияс...

Толық оқу »

8-бап. Заңдылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

8-бап. Заңдылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар, әкімшілік жаза шаралары, әкiмшiлiк құқық бұзушылық тур...

Толық оқу »

Іздеудің заңдылығы мен негізділігі қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі бұзушылықтар іс жүргізу әрекетінің нәтижелерін дәлел ретінде жол берілмейтін деп тануға әкеп соғады

Іздеудің заңдылығы мен негізділігі қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі бұзушылықтар іс жүргізу әрекетінің нәтижелерін дәлел ретінде жол берілмейтін деп тануға әкеп соғадыСолтүст...

Толық оқу »