4-бап. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
1. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және:
1) осы Кодекстен;
2) қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актілері арасында қайшылықтар болған кезде, кедендік реттеу мақсатында осы Кодекстің нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделгеннен басқа жағдайларда кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін нормаларды Қазақстан Республикасының кедендік емес заңнамасына енгізуге тыйым салынады.
3. Әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібіне байланысты кедендік құқықтық қатынастар осы Кодексте реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен реттеледі.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы