302-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының шығыстарын шегеру Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызмет бойынша:
1) ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген, ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының;
2) "Астана Хаб" қатысушыларының жобаларын қаржыландыру үшін дербес кластерлік қордың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға (ақша аударуға) арналған шығыстарды шегеруге құқығы бар.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды шегеру мынадай тәртіппен айқындалған оң айырма мөлшерінен аспауға тиіс:
есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық кірістің 1 пайызына тең сома
алу
осы Кодекстің 269-бабына сәйкес есепті салықтық кезеңдегі шегерімге жатқызылған шығыстар.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
302-бап. Корпоративтік табыс салығының сомасын есептеу Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Таза кіріске салынатын корпоративтік табыс салығын және төлем көзiнен ұсталатын корпоративтік табыс салығын қоспағанда, салықтық кезең үшiн корпоративтік табыс салығы мынадай тәртiппен есептеледi:
осы Кодекстiң 313-бабының 1 немесе 2-тармағында белгiленген мөлшерлеменің және осы Кодекстiң 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына азайтылған, сондай-ақ осы Кодекстiң 300-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірістің көбейтiндiсi, қосу осы Кодекстің 313-бабының 1-1-тармағында белгіленген мөлшерлеме мен осы Кодекстің 223-бабының 4) тармақшасында айқындалған, осы Кодекстің 300-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салу объектісінің көбейтіндісі, қосу осы Кодекстің 313-бабының 1-1-тармағында белгіленген мөлшерлеме мен осы Кодекстің 223-бабының 5) тармақшасында айқындалған салық салу объектісінің көбейтіндісі, алу осы Кодекстiң 303-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы, алу салықтық кезеңде ұтыс түріндегі кірістен төлем көзiнен ұсталған, осы баптың 2-тармағына сәйкес азайту жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы, алу сыйақылар, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзiнен ұсталған, осы баптың 3-тармағына сәйкес өткен салықтық кезеңдерден ауыстырылған корпоративтік табыс салығының сомасы, алу салықтық кезеңде сыйақылар, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзiнен ұсталған, осы баптың 2-тармағына сәйкес азайту жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы.
2. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы ұтыс, сыйақы, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығын төлем көзі ұстап қалғанын растайтын құжаттар болған кезде, осы салықтың сомасына азайтылады.
Осы тармақтың ережелері әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымға, депозиттер бойынша сыйақы түріндегі кірістен төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша коммерциялық емес ұйымға қолданылмайды.
3. Егер сыйақы, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы есептелген корпоративтік табыс салығының сомасынан артық болса, төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы мен бюджетке төленуге жататын, есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы арасындағы айырма соңғы кезеңі қоса алынатын келесі он салықтық кезеңге ауыстырылады және осы салықтық кезеңдердің бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомаларын бірте-бірте азайтады.
Ескерту. 302-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы