210-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тәртіппен валюталық шартты ұсынбай валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Валюталық шартты немесе берілген есептік нөмір бар валюталық шартты ұсыну Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес міндетті болып табылған кезде уәкiлеттi банктің осындай валюталық шартты ұсынбай валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргiзуi –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы