1-бап. Қазақстан Республикасының орман заңдары Орман кодексі Қазақстан Республикасының
1. Қазақстан Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Жаңа орман екпелерін отырғызу мен тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру арқылы парниктік газдарды сіңіруге бағытталған, мемлекеттік орман қоры жерлерінде іске асырылатын көміртегі офсеттерін және Париж келісімінің нарықтық тетіктерін қоспағанда, өсімдіктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесiн, су қорын, жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңнамасында реттеледi.
3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексі
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 340-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы