113-13-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға бастама жасау және бастамашы топты қалыптастыру тәртібі Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы
1. Тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушысы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу туралы өтінішпен тиісті аумақтық сайлау комиссиясына осындай кері шақырып алуға бастама жасау негіздерін баяндай отырып, жүгінеді.
2. Сайлау комиссиясы өтінішті осы Конституциялық заңның 113-14-бабының және осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарап шығып, бастамашыны және жоғары тұрған комиссияны өтінішті тіркеу не тіркеуден бас тарту туралы үш күннен кешіктірмей хабардар етеді.
Өтінішті тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап он күн ішінде бас тарту бойынша сотқа шағым жасалуы мүмкін.
3. Аумақтық сайлау комиссиясы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша қол жинау үшін қол қою парақтарын өзінің интернет-ресурсында орналастырады, олардың нысанын Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы