Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 17-бап. Учаскелiк сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

17-бап. Учаскелiк сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-бап. Учаскелiк сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 

      1. Учаскелiк сайлау комиссиялары тиiстi сайлау учаскелерiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, әкімді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi.

      Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын:

      1) тиiстi сайлау учаскесiндегi сайлаушылар саны екi мыңға дейiн болған кезде – бестен жеті мүшеге дейiн;

      2) тиісті сайлау учаскесінде сайлаушылар саны екі мыңнан асатын болған кезде – жетіден тоғыз мүшеге дейін айқындайды.

      Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы тақ болуға тиіс.

      2. Президентті, Парламент және мәслихаттар депутаттарын, әкімді сайлау жөнiндегi учаскелiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейiн – он бес күннен кешiктiрiлмей, ал өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегi учаскелік сайлау комиссиялардың құрамы жеті күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы