Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 6-бап. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу кезiндегi жариялылық Республикалық референдум туралы Конституциялық заңы

6-бап. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу кезiндегi жариялылық Республикалық референдум туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу кезiндегi жариялылық Республикалық референдум туралы Конституциялық заңы 

      1. Референдумды ұйымдастыру мен өткiзу ашық әрi жариялы жүзеге асырылады.

      2. Референдумды өткiзу туралы шешiм мен оған қойылатын мәселе (мәселелер) азаматтардың назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткiзiледi.

      3. Референдум комиссиялары референдум өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi өзiнiң жұмысы туралы, дауыс беретiн учаскелер құру, комиссиялардың құрамы, орналасқан жерi және жұмыс уақыты туралы, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тiзiмi туралы азаматтарды хабарландырады.

      4. Референдум өткiзу кезiнде аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың атынан өкілдік ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан аккредиттелген байқаушылар, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдарды аккредиттеу тәртібі, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттері "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Референдум комиссияларының жұмысына араласуға жол берілмейді.

      5. Бұқаралық ақпарат құралдары референдумға дайындық пен оны өткiзу барысын жария етiп отырады, олардың өкiлдерiнiң референдум өткiзуге байланысты іс-шараларға баруына кепiлдiк берiледi.

      Сайлау учаскелерінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің болуы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес реттеледі. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592 Конституциялық заңы. 

      Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республикалық референдумды тағайындау, әзірлеу және өткізу тәртібін белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы