Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 113-16-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша дауыс беру тәртібі Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

113-16-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша дауыс беру тәртібі Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

113-16-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша дауыс беру тәртібі Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 

      1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу дауыс беруді өткізу арқылы жүзеге асырылады.

      2. Дауыс беру осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, депутаттарды сайлау сияқты тәртіппен өткізіледі.

      3. Егер дауыс беруге тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округі сайлаушыларының кемінде үштен бірі қатысса, дауыс беру өткізілді деп есептеледі.

      4. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутат, егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астамы оны кері шақырып алуға дауыс берсе, кері шақырып алынған болып есептеледі.

      5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің немесе мәслихаттың депутатын кері шақырып алу бойынша дауыс беру қорытындылары тиісінше Орталық немесе аумақтық сайлау комиссиясының отырысында шығарылады, хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы және мүшелері қол қояды.

      Сайлау комиссиясының бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу туралы ресми хабары дауыс беру өткізілген күннен бастап үш күн мерзімнен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      6. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутат кері шақырылып алынған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы осы Конституциялық заңның ережелеріне сәйкес депутаттарды сайлауды тағайындайды. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы