Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 

      1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.

      2. Бәсең сайлау құқығы – Қазақстан Республикасы азаматтарының Президент, Парламент, мәслихат депутаты, әкім немесе өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесі болып сайлану құқығы.

      3. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

      4. Мыналар:

      1) сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;

      2) сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттығына, әкім болуға кандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды.

      ҚР Конституциялық Сотының 20.09.2023 № 28-НҚ нормативтік қаулысымен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адамның кандидат ретінде сайлауға қатысуын шектеуге қатысты осы Конституциялық заңының 4-бабы 4-тармағының 2) тармақшасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы