28-бап. Республикалық референдумның қорытындыларын шығару кезiндегi жарамсыз бюллетеньдер Республикалық референдум туралы Конституциялық заңы
1. Референдумның қорытындыларын шығару кезiнде:
1) белгiленбеген үлгiдегi;
2) учаскелiк референдум комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған;
3) референдумға қойылған мәселеге қайтарылған жауаптар нұсқаларының бiрде-бiреуi белгіленбеген;
4) белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау iздерi бар, оларда сондай-ақ сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн болмаған бюллетеньдер жарамсыз бюллетеньдер деп танылады.
2. Референдумға қойылған мәселеге жауаптардың барлық нұсқалары белгіленген бюллетеньдер жарамды деп танылады, бiрақ дауысты санау кезiнде есепке алынбайды.
3. Референдумның нәтижелерiн шығару кезiнде бюллетеньдердiң жарамсыз деп танылуына байланысты келіспеушіліктер туындаған жағдайда мәселені дауыс беру жолымен учаскелік референдум комиссиясы шешедi. Бұл ретте шешiм комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екісiнiң дауысымен қабылданады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592 Конституциялық заңы.
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республикалық референдумды тағайындау, әзірлеу және өткізу тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы